Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі



бет1/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
хирургия дәріс


ПОӘК 042-18-24.1.03\03-2013



1 – ші басылым



-ші бет беттен



-


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

3 деңгейдегі СМК құжаты «Пәннің оқу -әдістемелік материалдары»

ОМК

ПОӘК 042-18-24.01.03\03-2013

№ 1 - басылым

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ - 1»


ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


5В120100 - «ветеринариялық медицина» мамандығы үшін

СЕМЕЙ-2012


Мазмұны:


  1. Глоссарий

  2. Қолданылатын әдебиеттер

  3. Дәріс және ЛЖС материалдары

1. Глоссарий


cheir -қол
ergon- әрекет ( хирургия - қолдың әрекетесуі) (грекше)
Tomia – айыру, жару, кесу, шабу, қақ айыру
Ektomia-шабу, жону, ою
Extirpation-сылып тастау, (сүйектегі етті сылу)
Resection- жартылай кесу
Amputation-перифериалық мүше бөлігін алып тастау
Stomia- терең жара (тесік)
Tenotomia- сіңірді кесу
Laparotomia- құрсақты ашу, немесе кесу
Laryngotomia – көмекейді ашу немесе кесу
Sinus maxillaries-үстіңгі жақ қуысы
Pleurocentensis-плеваны тесу (кеуде қуысының қабырғасын тесу)
Thoracotomia –кеуде қуысын ашу
Resection costae – қабырғаны ою
Spatial-
Cavum subarachnoidale – өрмекшіторы тәріздес қуыс (жұлын, мидағы жұмсақ және өрмек тәріздес қабаттағы торлы қабат деп сипатталады )
Cavum subdurale- субдуралды қуыс (ми мен жұлының қатты торлы қабатында орналасқан )
Spatium epidurale – эпидуралды кеңістік(ми мен жұлының қатты қабатымен омыртқа арнасының қабырғасында орналасқан) – эндоостом
Anaesthesiologia – жалпы және жергілікті жансыздандыру
Anaesthesia – дене бөлімінің немесе барлық тұлғаның сегшізтігі жойылуы
Anaesthesia generalis – жалпы наркоз
Anaesthesia localis – жергілікті ауырсындырмау
Anaesthesia infiltratа –ұлпаларға қабаттықпен жергілікті ауырсындырмауда ертінділердің сіңуімен ауырсынбау нәтижесі
Anaesthesia regionalis – өткізгіштік, жүйке жүйесінің жақын маңын ауырсындырмауда ертінді арқылы жергіліті ауырсынбауы
Aplasia – туған уақыттан мүшенің жоқ болуы
Aseptica – жаларды инфекциядан заразсыздандыру арқылы сақтау
Vasectomia – шәует жүретінтамырын кесу
Mission sanguinis –қан алу
Haemorrhagia - қан кету
Castratio – пішу
Punctio –шаншу, тесу
Resectio – кесіп тастау
Hernia - жарық анатомиялық қуыстан ішкі мүшенің түсуі
Injectio – енгізу арнайы сұйықтарды емдік немесе диагностикалық мақсатпен енгізу
Stenosis – қуыс мүшелердің диаметрінің кішірейуі
Sterilisatio – заразсыздандыру

2. Әдебиеттер


1. Негізгі
1.1. Магда И.И. Иткин Б.З.Воронин И.И.Оперативная хирургия с основами тапогрфический анатомии. М.Колос, 2003 г. 360 с.
1.2 Магда И.И. и др. Оперативная хирургия (учебное пособие) М. Агропромиздат,1990 – 333 с.
1.3. Магда И.И. и др. Оперативная хирургия с основами топографической анатомии домашних животных – М.,Колос, 1979. -360 с.
1.4 Мурәлінов К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) —Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б.

1.2.Қосымша


1.2.1. Алиев А.А. Новейшие оперативные методы исследования жвачных животных. – М., Агропромиздат, 1985. -158 с.
1.2.2. Кузнецов Г.С. Хирургиеческие опнрации у крупного рогатого скота. – Л.: Колос, 1973.
1.2.3. Магда И.И. Воронин И.И. Обезболивание животных – М.: Колос, 1974.
1.2.4. Орлов Ф.М. Лукьяновский В.А. Словарь ветеринарных хирургических терминов. – М.: Росагропромиздат, 1988 –301 с4.2.5.Ветеринарный энциклопедический словарь / под ред. Шишкова В.И. –М.: «Советская энциклопедия», 1981. -640 с.
1.2.6. Уша Б.В., Жуленко В.И. и Волкова О.И. Фармакология /под рек. Проф. В.И. Жуленко. – М.: Колос-2003. 376 с.
1.2.7. Саленко П.Т. О топогрфической анатомии животных //Ветеринария, 2001 -2004 -№ 4 –С. 35-38.
1.2.8. Цыредоржиев Б.Ж. Носовой зажим для фиксации крупного рогатого скота //Ветеринария, 2004 -№ 6 – С.50
1.2.9.Порфирьев И.А. и др. Обезболивание лидокаина гидрохлоридом //Ветеринария, 2003 -№ 3 -С.42-44.
1.2.10. НечаевА.Ю. Ветеринарная анестезиология в учебном процессе //Ветеринария,2002 -№10 –С. 53-54.
1.2.11. Хаперский Ю.А., Луницин В.Г. Остановка кровотечения при срезке
пантов у маралов //Ветеринария,2004 -№ 6 –С.45-47
1.2.12. КашинА.С. Профилактика и остоновка кровотечений у животных. М . 1982 г.
1.2.13. Кашин А.С. Хирургические операции у животных //Ветеринария 2000 -№1 –С.44-46
1.2.14. Кашин А.С., Медведева Л.В. Закрытие после операционных ран брюшной стенки у животных //Ветеринария, 2001 -№11 –С. 38-40
1.2.15.ТарасенкоП.А., Трояновская Л.П. Изменение показателей крови телят при руменотомии //Ветеринария. 2004. -№ 6 –С.45
1.2.16.ШиякинаТ.Н. Грыжесечение интравагинальных грыж у поросят //Ветеринария,2000 -№ 5 –С.41-42.
1.2.17. Кашин А.С. Пупочная грыжа //Ветеринария, 2000 -№ 11 -С.44-45.
1.2.18.Рациональные способы кастрации продуктивных животных – М.: Россельхозиздат, 1977 – 178с.
1.2.19. Кашин А.С.Кастация животных //Ветеринария, 2000 -№ 5 С.44 -47.
1.2.20. . Кашин А.С. Клещи копытно-кастрационные //Ветеринария, 2001 -№ 6 –С. 37-38
1.2.21.Стекольников А.З.,ЛебедевА.В.,Нарусбаева М.А. Кастрация жеребца-крипторхида //Ветеринария, 2000 -№1 –С.46-47.
1.2.22.Поваженко И.Е. Кастрация животных -Киев,Урожай.1975 -213 с.
4.2.23.Абишев Г. Травматизм сельскохозяйственных животных, Алма-Ата, «Кайнар», 1975. -168с.
1.2.24. Кашин А.С., Медведева Л.В. Вправление вывиха коленной чашки у лошади //Ветеринария, 2003 -№ 3 –С. 8-9.

Дәріс 1. КІРІСПЕ. ОПЕРКАТИВІК ХИРУРГИЯ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ (ЛЖС -1)


Хирургиялық операция жөнінде ілім.


Хирургиялық операцияның жіктелуі.
Хирургиялық операцияның мазмұны.
Ветеринариялық оперативтік хирургия – операциялар жасау ережелері мен тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Пәнінің мақсаты студенттерге жалпы операция жасау ережелерін және әртүрлі хирургиялық операцияларды жасау техникаларын үйрету. Оның өндірістегі мақсаттары; а) қысқа мезгілде хирургиялық аурулармен ауырған операция жасап емдеп, оның төмендеген өнімділігін қалыпына келтіру; б) ауырған малдың жұмыс істеу қабілетін қалыпына келтіру; в) мал басын көбейтуге жәрдемдесу; г) ет, жүн және сүт өнiмдерiнiң сапасын жақсартуға және молайтуға жәрдемдесу. Қазақша операцияны – ота жасау, ал хирургты оташы деп атап жүр.
Сонымен оперативтік хирургия басқа да пәндермен қатар болашақ ветеринариялық медицина мамандарын дайындауға жағдай жасайды.
Оперативтiк хирургия пәні мал дәрігерлерін дайындаудагы басты мәселелердi шешедi, атап айтқанда жануарларға хирургиялык операцияларды жасау әдiстерiн, техникаларын үйретедi. Бұл пән операцияны жүргiзудiң негiзгi қағидаларын (принциптерiн), оның жеке мүшелерде, ұлпаларда жасалу техникасын аурудың түрiн, малдың жағдайын ескере отырып зерттейдi. Көптеген операциялар малдьң өмiрiн, жұмыска қабiлеттiлiгiн, өнiмдiлігін сақтап қалудың бiрден — бiр әдiсi болып саналады.
Операцияны жасауды ғана бiлiп, оны жасауға болмайтын кездерiн есепке алмасақ жануарлардың өміріне қауіп төнуі және өнiмдiлiгi төмендеуі мүмкін. Бұл пәннің негiзгi мақсаты студенттерге хирургиялық операциялардың теориясы мен техникасын үйрету.
Операция жасау үшін ауырсындырмау жасауды, инъекциялар мен пункцияларды жасауды, ұлпаларды ажырату техникасын, қан тоқтатуды, тiгiс салу, таңу түрлерін және хирургиялык инфекциядан сақтау жолдарын бiлу қажет.
Оперативтiк тәсiлмен жануарлардың жарақаттануларының алдын алады (мүйізсiздендiру - каудотомия және т.б.), пішпе жасау арқылы өнім сапасын жақсартады, иттің құлақ қалқанын кесу және тағы басқа косметикалық операциялар т.б. жасап эстетикалық түрiн жақсартады.
Операция жасау үшін топографиялык анатомияны білмесе болмайды. Топографиялык анатомия — жануарлар ұлпасы мен мүшлерiнiң орналасу орнын, шекараларын оқытатын ғылым. Оперативтiк хирургия пәнi анатомия, гистология, физиология, биохимия, физиология, микробиология, вирусология, фармакология және тағы басқа ветеринариялық пәндерге сүйенедi және тығыз байланысты.
Оперативтiк хирургия пәнiн оқып, меңгеру нәтижесiнде студент өндіріс талаптарына сәйкес мұйiздiң өсуiнiң алдын алу әдістерін, каудотомияны, еркек малды пiшудi, ұрғашы малды овариоэктомиялауды және басқада өндірісте жаппай жасалатын хирургиялык операцияларды, сонымен қатар оперативтік емдiк шараларды ұйымдастыруды бiлуі кажет.
Олар хирургиялык инфекцияның алдын алу және онымен күресу әдiстерiн меңгереді. Хирургтың қолын, операция алаңын, хирургиялық құрал саймандарды, арнайы киiмдердi, тiгіс жене таңғыш материялдарды залалсыздандыруды үйренеді.
Хирургиялық операция (лат. орега — әрекет, жұмыс еңбек) малдың ағзалары мен ұлпаларына емдiк немесе диагностикалық мақсатта қолданылатын механикалық әсерлердiң жиынтығы. Кейде шаруашылық кажетiлiгіне байланысты кейбiр операциялар сау малға да жасалады. Оған еркек және ұрғашы малды пiшу, мүйізсіздендіру, құйырықты кесу және тағы басқа косметикалық операциялар жатады.
Операцияның негiзгi мақсаты оны жасағаннан кейiн малдан алынатын өнiмдi қайтадан қалпына келтiру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетiн түзеп қальптастыру (пластикалық операциялар). Операциялар үйде ұстайтын ұсақ жануарларға (ит, мысьқ т.б) иесiнiң сұрауы бойынша немесе физиологиялык тәжiрибе қою үшiн, сонымен қатар әшекейлеп әдемiлеу (косметикалық) мақсаттарында жасалады.
Операцияның жасалуы немесе жасалмауы жөнінде көрсеткіштер бар. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, лабораторлық, рентгенологиялық т.б. арнаулы зерттеулер арқылы аурудың диагнозы койылады.
Операция жасауға абсолюттi көрсеткіштер - indication vitalis бар. Мысалы қатерлi зілді iсiктер. Ішкі мүшелердің сыртқа шығып қалуы, iшкi мүшелердің орнынан жылжып кетуі немесе қысылып қалуы. тыныс жолдарының жiтi бiтеліп қалуы, қан кету, пневмоторакс, мес қарынның, ұлтабардың, соқыр iшектiң тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың бітелуі және басқа жiтi аурулар.
Салыстырмалы көрсеткіштер: денсаулыққа маңызды қатері жоқ аурулар, малдан алынатын өнiмді төмендетпейтін жағдайда (қатерсiз зілді iсiктер, кысылмаған жарықтар, т. 6.). операция жасамауға болады.
Операция жасауға қарсы көрсетілімдер: малдың қоңдылығы өте төмен болуы, тым жас немесе өте кірі болуы, аурудың асқынуы, естеп таныу, терең шок немесе коллапс жағдайына ұшырау, буаздықтың соңы немесе күйлеген кезi.
Операцияларды шаруашылықта жiтi жұқпалы аурулар (қарасан, аусыл, шошкалардың тiлме және оба аурулары, жылқының сақауы, топалаң т.б.) шыққанда карантин салынған кезден оны алынғанға дейiн жасауға болмайды. Тек қана шұғыл оқиғаларда малдың өмiрiне қауiп туған жағдайда, гигиеналық барлық ережелерді сақтап және аурудьң таратылуына жол бермей шұғыл операцияны жасауға болады.
Жаппай операцияларды шаруашылықтаа операциядан кейiн малды уакытша күтiп ұстауға арналган жағдай болмаса жасауға болмайды. Малды айдаудың, көшiп - қонудың алдында немесе жалпы профилактикалық вакцинациялар жасағанда операция жасауға тыйым салынады. Малды егер алдында екі апта бұрын немесе екеннен соң осынша уакыт өткенше жоспарлы операциаларды жасауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет