Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі



бет3/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
хирургия дәріс

Оперативтiк жету — операцияньң зақымдалған ағзаны және дерттенген орнынды терi немесе шырышты қабықтардың бүтiндiгiн бұзып ашу бөлiмi. Жету тілігінің көлемi ұлпаларды ең аз зақымдап, кесiлген тiлiк арқылы кесуге арналған ағзаны козбен шолуға болатындай болуы керек. Бiрақ кейбiр жағдайларда (iшкi мүшелер жылжығанда, операция жасайтын орнынға жетуге патологиялық ошақтар кедергi болғанда) оперативтiк жету бiрталай қиындықтарға соқтырады. Сол себептен оперативтiк жету және тiлу орны операция жасау барысында толық шешіледi
Оперативтiк әдiс —ауруға ұшраған ағзаға әрекет ету. Мұнда зақымдалған мүшелерге өте мүкият болып, оның бүтiндiгiн және тiршiлiк әрекетiн бұзбай сақтауға тырысу кажет. Бұл хирургтi физиологиялық ойлауға, ал операцияны анатомияльқ жасауға мiндеттейдi.
Операцияның қорытынды кезеңi — бұл тiгiстердi салу, таңу, дренаж (кәріз) кiргiзу, кейде арнаулы (ортопедиялық) тағалау әрекеттерi.
Кейде операциялардың бiрiншi екі кезеңiн бiрiнен - бiрiн шектеуге болмайды (абсцессті немесе қаяуды тiлiп ашу, жарақаттың тесiгiн кеңейту).
Орындалатын хирургиялық операциялардьң өз аттары болады. Олардың барлығы операция жасалатын ағзаларың латын немесе грек атаулары және терминiнен қолданатын оперативтiк әдiс аталып қосылады. Осыдан: руменотомия (rumen — мес қарын tome - кесу) — мес қарынды тiлу; уретростомия (uгеthra - несеп шығаратын канал, stoma — тесiк) - жасанды несеп шығаратын тесiк жасау; энтерэктомия (еnteron — iшек, есtome - кесу, кесiп алу) - iшекті кесiп алу; колпотомия (соlроs - қойын, қынап tome - кесу) - қынап кабырғасын кесу; гистерэктомия (hystera — жатыр, кесiп алу).


Малмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
Жарақат алгған малға жедел емдік көмек көрсету кезінде оған байқап қарау қажет. Бұл кезде малдар қозу үстінде немесе агрессивті болады және басқа малдар мен адамға шабуыл жасап, өзін және көмек көрсетуші адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Бұның барлығы ауруға ерекше еппен жақындау қажеттігін көрсетеді. Жедел қан жоғалту кезінде емдеуді малдың денесін қимылдатпай, жатқан қалпында қолданады. Сүйек сыну кезінде, ірі қан тамырлардың жарақаттануында, жарықтың қысылуында ауру малдарды жатқызып немесе тұрғызып бекітеді.
Жергілікті немесе жалпы ауырсындырмау қолданады. ірі малдарды бекемдеу үшін олардың жатқызып емес, керісінше тұрып тұрған жағдайда бекемдеу оңай. Себебі құлату кезінде және келесі тұруларда кейде ауыр жарақаттар туындауы мүмкін. Сүйектердің сынуы, бұлшық еттердің, байланыстырушы ұлпалардың, ішкі органдардың бүлінуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет