Операциялардың жiктелуi:
Барлық операциялар негiзгi екi топқа бөлiнедi: Қанды операциялар - терiнiң, шырышты қабықтардың бүтiндiгiнің бұзылуымен және тамырдан қан кетумен сипатталады. Қансыз операциялар - мұнда дененiң сырткы жамылғыларының бүтiндiгi бұзылмайды. Мысалы шыққан буынды орнына салу, зонд жіберу, эндоскопия, катетеризация, таңғыштарды салу және т.б.
Мақсатына байланысты операциялар емдiк және диагноздық (яғни ауруды анықтау) деп бөлінеді. Одан басқа да түрлері бар: экономикалық - тек қана шаруашылық қажеттілік бойынша жасалады (пiшу); эксперименталдық - тәжiрибелiк қою, аурулардың үлгiлерiн құрастыру, физиологиялык тәжiрибелердiң максатымен организмнiң тiршiлiк әрекетi немесе оның ағзаларының қызметiн зерттеу үшiн жасалады. Емдiк операцияларды жасалу жылдамдық дәрежесiне карай: шұғыл (экстрендiк), жедел және шұғыл емес жоспарлы деп ажыратады. Шұғыл (экстрендiк) операциялар малдардың өмiрiне қатер төніп тұрған жағдайда жасалады (асфиксия, қан кету, мүшелер кысылып қалса, iшкі мүшелер түсiп қалғанда немесе олар тесiлгенде, жiтi тимпанияда және т.б.).
Жедел операцияларда осы жоғарыда аталған жағдайларда жасалады, бірақ олар жоғарыдай мал өміріне қатер төндірмесе, операцияға барлық дайындық жасалып барып жасалады. Дегенмен операция жасалмай ұзақ мезгiлге қалдырса, ауру жылдам дамып мал өлуі мүмкін. Оларға катерлi iсiктер жатады, олардың дамуына байланысты метастаздар өршуi болады.
Операциялардьң көбiсi асығыссыз, жедел емес (жоспарлы) болады, оларды алдын-ала жоспарлап, шаруашылық кұндылығына және малдың денсаулығына зиян келтiрмейтiн мезгiлде әдеттегiдей өгкiзедi.
Операциялар бағытына қарай: радикалдық болады (лат. гаdiх - түбiр) олардың мақсаты - аурудың себебiн толық жою; паллиативтiк (лат. ра11iаtus - плащ киiнген, жасырьн) олардың мақсаты әр түрлi жолмен аурудың қауiптi және ауыр симптомдарын жеңiлдету немесе уақытша жойып ауру малдың және оның шаруашылық құндылығын ұзарту. Мұндай операцияларға трахеотомия, шеменде жиналған сұйықтықты сыртқа шығару, невректомия, уретротомия т.б.жатады.
Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға операция жасалса оны «таза» немесе асептикалық дейдi, басқа жағдайларда операциялар «iрiңдi» деп саналады.
Пластикалық операциялар — зақымдалған ұлпалардың немесе бүлінген ағзалардың пiшінiн немесе қызметiн қалыпқа келтіру үшін жасалатын операциялар.
Қазiргi кезде кең орын алып келе жатқан операциялардың бiр түрi косметикалық операциялар — иттердiң кұлағын немесе кұйрығын кесу, тұлғаның әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т.б.
Операциялардың көпшiлiгi бiр кезеңде орындалады, бiрақ мал әлсiз болғанда, қан көп кету қауыпінде, естен тану (шок) даму қаупінде және басқа да асқынуларда кейде операцияны екі кезеңде жасайды да оны екi кезеңдi операция деп атайды.
Хирургиялық операцияньң мазмұны. Операцияның орындалуы үш жүйелi әрекеттерден тұрады: оперативтiк жету, оперативтiк әдiс, операцияның қорытынды кезеңi.
Достарыңызбен бөлісу: |