Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі



бет9/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
хирургия дәріс

12-сурөт. Жылқының артқы аяқтарын баилап бекіту а) аяқтың арасына қысып; 6) арқанмен тарту.
Жылқының аяқтарын да ірі қараның аяқтары сияқты тұсап қояды. Қажет болған кезде малды бекемдеу үшін арнайы станоктарды да пайдалануға болады.
Жылқыны жығу әдісі. Ауылдық жерлерде жарақаттанып қалған малға жедел ветеринарлық жәрдем көрсету керек болған жағдайда, дұрыс әрі тиімді ем көрсету керек болған жағдайда, жылқыны жығады. Жықпастан бұрын жығатын жерді дайындап алу керек. Ол үшін жерге ағаш үгіндісі, сабан тағы басқа нәрселерді төсеп, мал жығылғанда денесіне бөгде заттар батпайтындай және мал жерге құлағанда қатты соғылмайтындай жағдай жасау керек. Жылқыны жығудың әр түрлі әдістері (орысша, берлиндік және ағылшынша) бар. Аталған малды жығу әдістерінің бірі -орыс әдісі. Бұл жығу әдісімен бір-екі бекемдеуші бір жығу белдігімен (повал ремені) орындайды. Темірден шығыршығы бар белдіктің ұзындығы 8 – 10 м, диаметрі 8-10 см болуы керек, арқанды қолданғанда шығыршық орнына кең дұзақ қолдануға да болады. Малды жығу үшін шырыршық арқылы белдіктің ұшын екі дүркін кигізіп, осыдан пайда болған тұзақты қамыт сияқты етіп жылқының мойнына кигізеді. Шырыршық малдың денесіне жабысып, иығының деңгейінде болып, жылқыны жығатын жағына қарай икемдеп, белдікті бауырын ала өткізіп, артқы жағынан іліп алу керек. Белдіктің ұшын қайтадан тұзақтың өн бойымен арқасы арқылы шалып алып, ұшын бекемдеуші тұрған қарсы жағына шығарады. Ал белдіктің ұшын ақырын сақтықпен артқы аяқтың топай буынынан орап алған қалпында бауырына қарай тартады. Осы мезгілде екінші бекемдеуші жұгеннің тізгінін тартып, жылқының басын дұзақ салған жаққа қарай бағыттап, өз шынтағымен қысып ұстайды. Осыдан жылқы абыржып, оның кеңістіктегі тепе-теңдігі бұзылып, бойын билей алмай құлауға мәжбүр болады. Мал жығылған соң дереу басын басып, аяқтарына сақтықпен арқан салып буып тастайды. Құрсақ аумағына (жыныс мұшелері, күпек, тік ішек т.б.) ветеринарлық жәрдем көрсеткенде алдынғы аяқпен сан аяқты буып байлайды. Малдың үстіңгі сан аяғын арқанның бос қалған ұшымен қарнына қарай тартып қоса буады. Бұл аяқты тілерсек буынынан шалып, тұзақтап қосымша бекіткен дұрыс. Жылқыны жығудың басқа әдістері де (В.С.Решетняк әдісі, Берлин және ағылшынша жығу) белгілі.
Шошқаны, қабанды және ұсақ малдарды бекемдеу.
Шошқаларға ветеринарлық жәрдем көрсеткенде оларды көбінесе тұрған күйінде бекемдейді. Ірі сақа шошқалардың кеңсірігінің үстіңгі жағын ала салынған арқан тұзақтың көмегімен ұстауға болады. Оны жүзеге асыру үшін екі қабатталған ұзын жылжымалы дұзақ жасалады.
Үстіңгі кеңсірігін аузына қарай тартып, арқанның бос ұшын жан-жаққа мүмкін болғанынша тартып, екі жақтағы бекініске байлап немесе кергілемей, бағана түбіне байлаған жен. Қабанды бекемдеу үшін металдан істелген арнайы айдамаларға қамап, әлгінде айтылған әдісті қолданып, қабанды еденге бекітілген темір шығыршыққа байлаған дұрыс. Шошқаны қырынан жатқызатын немесе 45-50 градус жардайында басын төмен түсіріп жатқан күйінде ветеринарлық жәрдем көрсетілетін болса В.К. Губарьдың әдісі қолданылады. Ол үшін бірінші алдынғы және артқы аяқтарын айқастырып қоса байлайды немесе бір артқы аяғын басқа үш аяқпен бірге қосып байлайды. Шалқасынан жатқан жағдайда алдыңғы аяқтарын бір арқанмен буады. Алғашқы арқанның бір ұшын артқы аяқтардың арасынан, екінші арқанның ұшын алдынғы аяқ арасынан өткізіп, біріне-бірін қосып матап тастайды. Кішкене торайларды арнайы жасалған астауға бекемдеуші шалқасынан салып ұстайды немесе артқы аяқтарынан көтеріп ұстап басын төмен қаратады, кейде бекемдеуші отырған қалпында торайды тізесіне қойып, қолдарымен оң жақтары және сол жақтағы аяқтарын бекемдейді. Әр түрлі конструкциядары арнайы қысқыштармен ірі шошқаларды бір жағына жығып, арқанмен бекемдеп ветеринарлақ жәрдем көрсетеді.
Сақа шошқаларды жығу үшін арқаннан жасалған тұзақты оның тұсамыс буыны мен тұпай буынына кигізіп, шырыршықтан қос қабатталған арқанды өткізіп алып, сонан соң арқанды тұзақтың екінші ұшынан өткізеді. Алдын ала шошқаның кеңсірігін басқа арқанмен байлайды. Бірінші арқанның бос салған ұшын тартып, кеңсірігін тұмшалайды.
Ұсақ малдарды (қой, ешкі) жатқан қалпында төрт аяғын қоса буып немесе алдыңғы және артқы аяқтарын бөлек байлап, қырынан немесе шалқасынан жатқызып бекемдеп ветеринарлық жәрдем көрсетеді. Қозы мен лақта ветеринарлық жәрдем көрсеткенде бекемдеуші отырған қалпында олардың басын өзіне қарата тартып, арқасын төмен сала, аяқтарын қозралтпай тізесінен ұстайды (торайларды бекемдегендей). Ұсақ малға (қой, ешкі) ветеринарлық жәрдемді жығып көрсету жиі кездесетін жардай.
Ұсақ малдарды жығу ірі малдарды жығыпбекемдеуге қарағанда жеңілдеу және көп қауіпсіздік шараларын талап етпейді.
Оларды жығу үшін екі жіп пайдаланылады. Жіпті жығылатын малдың оң немесе сол аяғының тұяу буынынан байлайды да, жіптің ұшын бауырының астынан өткізіп, екінші жағына шығарып, малдың арқасынан асырып тастайды. Жіптің ұшынан күрт тартып малды ақырын ғана жығады да, алдыңғы және артқы аяқтарын қосып (кейде үш аяғын) буып тастайды.
Түйені жығып, бекемдеу. Түйені бекемдеу үшін көбінесе оны жығады. Ол үшін малдың екі алдыңғы аярын бір-біріне жақындатып тұсайды. Осы жіптің астынан екі ұзын жіпті екі сан аяқтардың тұсамыс буынынан іліп алып, шетін екі артқы аяқтың ортасынан малдың артқы жағынан шығарып жығушы қатты тартады да, екінші көмекші түйенің бас жібінен тартып мойнын жығылатын жағына бұрады. Жығылған малдың үш аяғын қосып бір байлайды, екінші артқы аяғына бөлек жіп салып арқа жағына тартып бекемдейді.
Ит пен мысықты бекемдеу Аталған жануарлар тістеп, тырнап, адамды жарақаттайтындықтан ең бастысы құтыру ауруынан сақтану үшін оларды бекемдеу керек. Итті бекемдеу ұшін жұмсақ жіптен, дәкеден жасалған доға-тұйін төмен қаратылып, жануардың тұмсығына кигізіледі де, түйіннің екі ұшынан тартылып, екі құлақтың артына байланып тасталады. Мысықты бе-кемдеу үшін оның екі алдыңгы аяғын басына карай созып, жас баланы құндақтағандай етіп матаға орап тастау қажет. Көмекші бір қолымен құндақталған бас жағын, екінші қолымен артқы екі аяғын ұстайды. Итті арнайы станоктарда бекемдейді.
Мал түліктерін жығу және бекемдеудің осындай әдістерінен басқа, көп жылдар мал шаруашылырында істеген мамандардың қолданған ерекше әдістерді де қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет