Малды жығу әдістері
Ветеринарлық жәрдем ұзаққа созылатын болса немесе күрделі емдік операциялар жасағанда малды жатқызып бекемдеген дұрыс. Ол үшін оларды әр түрлі әдістерді қолданып жығады. Ең алдымен жықпастан бұрын, оларды жығатын жерді дайындайды. Ондай орындар бөгде заттардан (металл, шыны қалдықтары, өткір тастар, улы сұйықтар төгілген және тағы басқа малдың денесіне қолайсыз жерлер) тазартылған болу керек. Шаруашылық жардайында ірі малды сабан, күріш үгіндісі, пішен, брезент, матрас сияқты жұмсақ нәрселерді төсеп жығады.
Ірі қараны жығу әдістері
Салмары ауыр 300-400 кг ірі қараны Гесстің әдісімен жығу қолайлы әдістердің бірі болып табылады.
11-сурет. Ірі қараны жығу а)Гесстің әдісімен, 6) Кавказдық әдіспен
12 сурет. Ірі қараны жығудың кавказдық әдісі.
Ол үшін ұзындығы 10-12 метрлік арқанның бір ұшын малдың мүйізінен шалып, кеудесінен, шап маңынан орап, арқасын қуалай жауырыны мен құймышағын ала екі тұзақ жасайды. Содан соң арқанды малдың оң жағынан орап шалады, егер оны сол жағына қарай жығатын болса - сол жағына, оң жағына жығу керек болса -оң жағына көрсетілген тәртіппен қолданады. Артқы аумақтағы тұзақтың сүт безінің алдыңғы жағынан алынғаны жөн, өйткені желінге зақым келмеуін ескеруіміз керек. Сол сияқты бұқаның жыныс мүшесі мен күпегінің жарақаттанбауын да ескерген жөн. Ұзындығы 2 -3 м екінші арқанның екі ұшын бекемдеуші мал құлағанша тартады. Осы кезде үшінші бекемдеуші малдың басын төмен тұқырта басады. Мал жығылған соң сақтықпен аяқтарын байлап, арқанды тартпай босату керек. Өйткені малдың босанып, тұрып кетуі де ықтимал (11-сурет).
Жылқыны бекемдеу. Басқа мал түліктеріне қарағанда бір шама өзгешелеу. Аталған малдың ерекшелігіне байланысты (шапшаңдығы, асаулығы т.б.) артқы аяғымен теуіп қалудан, тарпып жіберуден сақтану керек, ал кейбір жылқының алдынғы аяғымен тарпып, басымен со\ғуы, тістеуі және шапшып басып кетуі де мүмкін. Сондай-ақ бекемдеушіні немесе жәрдем көрсетуші адамды асау мал денесімен де қораның қабырғасына, бағанаға және басқа нәрселердің арасына қысып қауіп төндіретінін де ескергеніміз жөн. Жылқыны бекемдеу алдында оның мінезін, қызбалығын байқау керек. Мінезі шәлкес жылқыра қатал және батыл, ал үркек малға сабырлылықпен келген дұрыс. Жылқылапға жақын келгенде оның мінез-құлқына назар аудару керек. Егер жылқы құлағын жыми-тып, мойнын созып, тісін қайраса, оның тістеп алуы мүмкін, басын төмен салып, құлағын қайшылап жан-жағына осқыра қараса, онда теуіп жіберуінен сақтану керек. Жылқының денесіне, әсіресе артқы жағынан келіп кенеттен ветеринарлық жәрдем жасау қауіптілеу. Жылқы үркіп, өзіне және айналасындағыларға зақым жасауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін ветеринарлық көмек көрсеткен кезде, қорада немесе мал мекенінде тұрған жылқыға «құр-құрлап» дыбыс береді, сөйтіп денесін (сауырын, жауырын маңын) сипап, біртіндеп жақындап, содан соң жұмыс жасауға кіріседі. Аталған мал қоршалған шарбақта, ат қорада бос жүрсе немесе байлаулы тұрса, оны шақырып, зерттеуші бір қолымен жүгенінен, жал маңынан сипап, ал екінші қолымен мойнын және денесінің басқа жерлерін ұстайды. Содан соң, қажетті зерттеуге және ветеринарлық жәрдем керсетуге кіріседі. Техникалық қауіпсіздігін сақтау үшін, кейбір жардайларда бекемдеушінің бірі жылқыны мықтап ұстап тұрғаны жөн.
Жылқының басын ұстап, аяқтарын бекемдеу. Жылқыны бекемдеудің әр түрлі әдістері белгілі. Жылқыны тұрған қалпында бекемдеген дұрыс. Бекемдеуші жылқының алдыңры жағынан келіп бір алдыңғы аяғын бүгіп ұстауға болады. Бұл бекемдеу әдісі әрине, емдеу манипуляциясы қысқа мерзімде көрсетілсе немесе ауруды анықтағанда қолданылады. Жылқыны зерттеу немесе ветеринарлық жәрдем көрсету үшін кейде басын ұстап бекемдесе де жеткілікті. Ол аталған малдың үстіңгі ерніне бұрау салып, ноқталап, жүгенінен ұстайды. Кейде жүгеннің кеңсіріктігін қаттырақ қыса тартып және шылбырмен тұмсығын орап, темен қарай жұлқи тартса, мал тыныш тұрады. Асау, құрық тимеген үркек жылқының артқы аяғының тұсамыс буынынан төменірек шығыршыгы бар белдік байланады. Арқанның бір ұшын жылқының құйрығына байлайды, одан шыққан жіптің екінші ұшын шырыршықтан өткізіп екі кісі екі жаққа артқы аяқты тартып тұрады. Бекемдеген соң көзін байлап тастаған да жөн. Жылқы ветеринарлық жәрдем көрсеткенде тыныш тұру үшін оның алдымен жүгенінен немесе жалынан ұстап, ал алдынғы аяғының тізесін бекемдеуші қолымен бүгіп ұстап, басын жоғары көтереді. Бекемдеудің басқа әдісі - жылқының артқы аяғын кейін тартып, бекемдеуші тізесінің үстіне қойып немесе жуас мал болса екі тақымының арасына қысып ұстайды.
Жылқының артқы аяғын көтеріп тұсап, өзінің құйрырына байлап қойып, арқанды екі бағытқа тартып ұстап бекемдеуге де болады (12 - сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |