Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі



бет42/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
хирургия дәріс

Кеуде қуысы мүшелері. Кеуде клеткасының бүйірлі бөліктерін өкпе толтырып тұр. Ортасын ортаңғы бөлік мүшелері – жүрек, кеңірдек, өңеш, қан ірі тамырлары мен жйкелер толтырады.. Жас малдарда қалқанша (зоб) безі - тимус орналасады.
Кеуде қабырғасына және кеуде қуысына операция жасағанда жалпы ауырсындырмау үшін неролептиктер жиі қолданылады. Сонымен бірге жергілікті ауырсындырмау: өткізгіштікті тежеу (қабырға аралық жүйкесіне блокада жасау), инфильтрациялық анестезия жасалады.
Кеуденің бүйір қабырғаларына ауырсындырмау жасау. Қабырға аралық жүйкесіне блокада жасау. Көрсетілімі: кеуде аймағына операция жасау. Блокада тәсілі. Инъекция жасау орны: Сербектен арқа жотасына паралелл сызық жүргізіліп, ине әрбір қабырғаның артқы жағындағы өзекшеге шаншылып, инені перпендикулярлы қабырғаның атқы шетіне сүйекке жеткенше жіберіп, одан кейін ине ұшын 0,5 –0,75 см тереңдете еңгізіп 10 мл ертіндімен қабырға аралық нервтерге болкада жасалады. Инені бұра отырып оны көтеген алаңға жайылуына мүмкіндік береді одан кейі инені тартып ұшы тері астында қалғанша қосымша 10 мл ертінді жібереді. Осылай операция тілігі жасалатын орынның алдыңғы және артқы шекарасынан екі қабырға аралық жүйке тамырына блокада жасалады.
Кеуденің вентральды (төменгі) жүйкесіне блокада жасау. Ине ұшын жоғарыдан төмен бағыттап 5-ші қабырға деңгейінде сыртқы кеуде венасының устінде тереңдігі 2 см жібереді, Ине ұшын жоғары төмен бұрып шашыратуға 2% новокайнның 10 мл ертінді кетеді.
Кеуде қуысына операция жасағанда рационалды тіліктер – тиімді тіліктер – қан тамыры мен нервтердің топографиясын ескере отырып және бұлшық еттердің талшықтарының бағытына теңестіре қабырға бүйірінде вертикалды және қиғаш тілік жасау болып табылады..
Плевра пункциясы - плевростеноз. Экссудативті плевриттерде (гидроплеврит) және трассудат, қан толғанда экссудат сипатын білу үшін немесе жиналған сұйықты сорып алу үшін қолданады. Пункция орны. Жылқыда - 7-8 қабырғалар арасының сол, 5-6 оң жағанан. Сиырда 7 –ші сол, 6-ші оң жак. Шошқада 8-ші сол, 7-ші оң, ит пен мысықтарда 8-ші сол, 6-ші немесе 7-ші оң жағында. Кабырғалаларды арт жағынын санап керекті аралықты тауып алады. Тесетін деңгейді қабырға шеміршектер қосылыс деңгейінен анықтайды, немесе шынтақ буын деңгейі. Сол жағынан тескен дұрыс.

Операция тәсілі. Теріні шетке қарай ысырып, инені немесе трокарды қабырға шетініне перпендикуляпрлы бағытта енгізеді. Ол үшін иненің соңғы жағына резеңке түтік кигізіп, және оған кеудені тесу барысында ауа енудің алдын алу қысқыш үшін қысқыш қояды. Иненің кеуде қуысына кіргенін оның оңай жүрісінен, өзегінен сұықтың ағуынан біледі. Инені ірі малға 3-4 см кіргізеді. Өкпеде ісіну болмау үшін немесе мал есінен танбау үшін кеуде қуысын сұықтан жайлап босатады. Журек әлсіз болған жағдайда алын ала кофеин береді Егер іріңді плеврит болмаса барлық сұықты алып керегі жоқ, қалған экссудат өзі бірте - бірте сіңіп кететі. Іріңді экссудатты толық сорып алып, кеуде қуысына асептикалық ертінді мен пенициллин, стрептоцид, риваноль, бактерецид, араластырып жібереді. Ертінді жайлап жібереді де бірнеше минуттан кейін қайта сорып алып тастайды Жууды таза сұйық аққанша бірнеше рет қайталайды. Тескен орынды иод ертіндісімен өңдеп, кілейлі таңғышпен (лейкопластр) жабады. Пункцияны қайталағанда басқа орын таңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет