Пішуден кейінгі қан ағу
Қан ағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше кұн өткеннен кейін қанагу болады.
Қан ағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылганда, инструмент дұрыс қайралмаса немесе дайыңцалмағанда; ен бауының қан тамыр-ларында патологиялық өзгерістер болранда; қан тез жйымағанда, аш диета 12 сағаттан көп болранда; малды жыгып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т.б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа ШЫРЫП жараланудан (жыртылудан) соң қан агу басталады.
Клиникалық белгілері: Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сәл ағып тез тоқтайды. Ал патологиялық қан ағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ арады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан агу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі, сыртқы тұқымдық жыныстыру артериясы, шәует тұқым түтікшесін) үзуден. Бұдан қан зуылдап агады. Аққан қан жалпы сірлі қабық қуысына жиналады.
Пішкен малдан қан көп кеткенде конъюнктиваның, басқа кілегей қабықтардың түсі өзгеріп, пульс, демалыс бұзылып, қанда гемогло-бин мен эритроцит азайып, мал қалшылдап жүріс тұрысы бұзылады. Бір сөзбен айтқанда, жануардың жалпы жагдайы төмендейді.
Ен бауынан қанның зуылдап көп мөлшерде ағуы - сыртқы және жыныстың артерияның және шәует түтікшесі артерияларының қабыр-гасының бұзылуынан болады.
Балау: Сыртқы қан ағуды визуальды байқаймыз, ал ішкі қан агуда кілегей қабықтардың түсінің өзгеруінен білеміз.
Емі: 1. Егерде ен қабынан қан ақса, оны гемостатикалық пинцет-термен қысып қан аққан жерге лигатура салып не болмаса тампона-да жасап тоқтатуға болады; 2. Егерде ен бауынан қан ақса төмендегідей істейміз: а) малды қайтадан жығу; б) ен қабығының ішін ұйыган қан-нан ТӘРЫ басқа заттардан тазалау; в) жалпы қынап қабықшасын Пья-на қысқышымен қысып жазады; г) ен бауының ұшын, қолмен болмаса Корнцанг қысқышымен тауып өзімізге тартып лигатура саламыз.
Үманың жалпы сірлі қабығының түсуі
Көбінесе жылқы мен түйе түліктерінде кездеседі.
Себебі: 1) пішкенде ұманың басқа ұлпалардың күшке салып қатты тартқаннан (кескенде бұлшық еті эластикалық қабықша сірлі қабықшадан бөлінеді).
2) қысқышпен қысқанда немесе лигатура салганда сірлі қабықтың сыррып кетуінен.
Клиникасы: пішкен кезде немесе белгілі уақыт өткен соң ұманың кесілген жерінен ақ жапырақша ШЫРЫП тұрады. Ол ластанып, үстіне микробтар түсіп, бетіне фибринді экссудат пайда болады және өз ай-наласындағы терісі ісінеді.
Балау: осы айтылран белгілерді көзбен көреміз.
Болжам: бастапқы мезгілінде жақсы, уақыт өткен сайын қауіпті.
Емі:
1) шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып-шайып ту-алет жасаймыз.
2) қан агуын тоқтатамыз.
3) жансыз жерінен кесіп тастаймыз.
Алдын-ала себебін жойып, малды пішкенде сақ болған жен.
Достарыңызбен бөлісу: |