Іш майдың немесе шарбының шығуы
Себебі: көбінесе жылқы түлігінде кездеседі. Операция кезінде не болмаса белгілі уақыт өткеннен кейін түседі. Құрсақ қуысында қысым көбейгенде болады немесе ішкі шап саңылауының кеңдігінен шыгады.
Клиникалық белгілері: мал ештеңе болмарандай ауырсыну болмай-ды, пульс өзгермейді, іш май аздап шықса, ол жалпы қынап қабықша-сының ішінде болады.
1) ен қабы үлкейеді, ұстаса қатты.
2) ал егерде шарбы көбірек шықса ұманың жарыгынан шығып жер-ге дейін тиіп тұрады, ол ластанады, мал аягымен басады.
Балау: іш майдың шыққанын ішек пен қуықтың шыгуынан ажырата білу қажет. Емі:
1) туалет
2) іш майды жалпы қынап қабатынан өзімізіге тартып ластанган жерден жоғары байлап кесіп тастаймыз да, құрсақ қуысына саламыз. Операция мезгілінде түссе, кейін салып жабық жолмен пішеміз.
Ішектің шыруы - қан агудан кейінгі асқынудан кейін екінші орында өте қауіпті. Көбінесе қоян, шошқа, жылқы малдарында көп кездеседі және де ашық жолмен пішкенде болады.
1) ең бастысы шап саңлауының кеңдігінен, құрсақ қуысында қысым көбейгеннен болады. Малды жығып байлағанда ен бауын қатты тарт-қанда кездеседі.
Ішек ұманың қабығынан шумағымен не болмаса, оның бір бөлімі түгелдей шыгады, ол ластанады, сыртқы әсерден жарақаттанады, іседі, кебеді, қыста үсиді. Малдың пульсі жылдамдайды.
Балау: түскен ішекті визуальді байқаймыз.
Болжам: бастапқы түскенде жақсы, қауіпсіз, түскеннен кейін бірне .Іе уақыттан соң.
Емі: пішіп жатқанда түссе:
1) жалпы залалсыздандыру жасап, шыққан ішекті антисептикалық ерітінділермен жуып-шайып, стерильді орамал, простинара салып, фи-зиологиялық ерітінділер тамызып, кесілген жалпы қынап қабықшасы-ның шетін тауып, қан тоқтатар қысқышпен қысып жазамыз да, шық-қан ішекті бір жарынан бастап саламыз.
2) егерде ішекте қысылу болса, шап-саңылауының шандырын, еттерін 2-5 см-ге кеңейтеміз. Ішекті салраннан соң кесілген жерден пішкеннен соң шықса, ең ба-сты мақсат, оны ластанудан,
жыртылудан, кебуден, үсуден сақтаймыз. Ішекте еліеттену болса, оны кесіп алып тастай-мыз, жыртылса тігеміз-жалғай-мыз.
Достарыңызбен бөлісу: |