Ќазаќстан оќу жєн е білім министрлігі


Ірі қараның аяғын бекемдеу



бет7/65
Дата14.11.2022
өлшемі3.33 Mb.
#464786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
хирургия дәріс

Ірі қараның аяғын бекемдеу
Малдың шабын, енін, күпегін, сүт безін, санын емдеп, әр түрлі ветеринарлық жәрдем көрсеткенде, мал қозғалмай тұру үшін артқы аяқтары бекемделеді. Ол үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Жуас малдың бір артқы аяғына ағаш таяқ өткізіп бекемдеушінің артқа тартып, кейде екі артқы аяқты бір-біріне жақындатып арқанмен таңып байлайды. Артқы аяғын көлденеңдете кейін қарай тартып, арнайы станоктарға іліп бекемдеу қолайлы болады (9-сурет).



9-сурет. Ірі қараның артқы аяғын бекітіп баилау әдістері а-тілерсекке бұрау салу; б-таяқтың көмегімен; в-артқы екі аяғын арқанмен тұзақтау; г-құйрык,тың өзімен баилау; д-бақаидың басынан станок ішіне арқанмен байлау; е-станок ішінде көлденең тұррызып байлау.

Ірі қараның алдыңғы аяқтарын бекемдеудің де кейбір әдістері белгілі (10 - сурет). Алдыңғы аяқтың тұсамыс сүйегінен арқан байлап, малдың арқасынан асыра келесі жағына жіберіп, сол байланған артқы аяғын көтерген күйінде бекемдеуші тартып тұрады. Ең дұрысы алдыңғы және артқы аяқтарды станок ішінде байлап бекемдеу.


Малды бекемдейтін арнайы станок болмаған жағдайда, мал шағылыстыру станоктарында пайдалануга болады. Ірі қара мен басқа да ірі малды бекемдеуге С.П. Политовтың жылжымалы, құрастырмалы станогын пайдаланкан жөн.
Ірі малдарды жатқан күйінде және көтеріп бекемдеу
Көптеген жағдайларда, малды жатқан күйінде бекемдеп ветеринарлық жәрдем көрсетуге тура келеді (пішкенде, тұяқ тазалағанда, кейбір операцияларда т.б.). Ол үшін малдың аяқтарын, басын матап байлайды. Қысқа арқанмен алдыңғы және артқы аяқтарын буады немесе бөлек-бөлек байласа да жөн, мысалы алдыңгы аяқта-рымен бірге бір артқы ӘЯРЫН байлайды, тағы сол сияқты жәрдем көрсетілетін жерге байланысты бекемдейміз.





10-сурет. Ірі қараның алдыңры аяқтарын бекітіп тастау әдістері а) бұрау салу; б) тұяқтың көмегімен; в) арқанмен тұзақтау.

Ірі қара аяғына ветеринарлық жәрдем көрсетілгенде бекемдеуге Родин бұрғысын қолдануға болады. Ол үшін ұзындығы 50 см бұрғы басындағы тұтқа сияқты тесікке орнатылған аяқтың көмегімен жерге бекітіледі. Бұрғының бас бөлігін жұмсақ былғарымен, басқа да қолда бар заттармен орайды. Мал аяқтарын мықтап байлап тастауға да болады. Бекемделген мал жұлқынып тынышсыздана бастаса қайыс немесе арқан босатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет