4-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі
367. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «№ төлем тапсырмасы» алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы – төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.
«Төлем тағайындау:» деген ашық жолақта төлемнің жұмсалымы, атауы, құжаттың нөмірі мен күні (шот-фактура немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, төлем кезеңі жүзеге асырылатын басқа да құжат) және қосымша:
төлем жүргізілетін мерзім (бір реттік сипаттағы немесе мерзімді көрсету талап етілмейтін төлемдерді жүргізген жағдайда көрсетілмейді).
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару бойынша төлемдерін жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі төлем тапсырмаларымен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште КЦМР-де белгіленген хабар форматында ақша алушылардың тізімдерін ұсынады. «Қазынашылық клиент» АЖ арқылы беру кезінде төлем тапсырмасының электрондық түріне КЦМР-де белгіленген хабар форматында ақша алушылардың тізімдері қоса тіркеледі және оларға квазимемлекеттік сектор субъектісінің бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ-сы қойылады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолда төлем түрін көрсету қажет:
қарапайым төлем;
қосымшасы бар жиынтық 10 %-дық зейнетақы төлемі;
еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.
368. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару бойынша төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің/мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені (бұдан әрi – үзiндi көшiрме) қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және осы Ереженің 375-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттiк мекемеге берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да жұмыс істеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен келісім жасасқан квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді-көшірме (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғалардың карта-шотына немесе ақша алушылардың жинақтаушы шотына стипендиялар, төлемдер және әлеуметтік аударымдар)» деген нысан бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді-көшірмелерді қалыптастырады.
369. Жалақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 96 -қосымшасына сәйкес 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 97-қосымшасына сәйкес 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетілген есептерді дербес жасайды.
370. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн;
2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
3) ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;
4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздемені ұсынуды, ал «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін болса – квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген түрінің қоса тіркелуін;
5) «Қазынашылық-клиент» АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжаттар жинағындағы деректерге квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтерінің ЭЦҚ-ларының дұрыстығын қамтамасыз етедi.
371. Төлемдер мен аударымдарды жүргiзу үшiн квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мыналарды қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде:
1) жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезiнде – бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның куәлiгiн не квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиiстi шешiмiн;
2) аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде, ағымдағы қаржы жылының сомасынан 30 пайызға дейінгі мөлшердегі аванстық төлемді қоспағанда – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелері.
Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі;
3) мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.
372. ҚБАЖ-да ақша алушы болмаған кезде, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушыны осы Ережеге 64-қосымшаға сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi болмаған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушы деректемелерiнiң өзгерiстерiн ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге осы Ережеге 65-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушыны енгізуге берілетін және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге берілетін өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнде ақша алушы болмаған кезде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде берілетін төлем тапсырмасын жасау кезінде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы ақша алушының ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, қажетті ақша алушы ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында болған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеге 65-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi қалыптастырады.
373. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларды қағаз жеткізгіште және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде қабылдауды жүзеге асырады.
Қағаз жеткізгіште квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейiн түскен төлем тапсырмасы орындалады не орындалмай келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылады.
374. Қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы түскен электрондық түрде төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күні бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
Қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);
талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;
құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
растау құжатына сілтеменің болмауы;
растау құжатындағы соманың төлем тапсырмасындағы сомадан асып түсуі;
төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;
төлем тағайындаудың төлем тапсырмасындағы файлмен (шығын түрі, төлем мерзімі және «PERIOD» міндетті ашық жолағының сәйкес келмеуі) сәйкес келмеуі;
төлем тапсырмасында барлық міндетті ашық жолақтардың толтырылмауы;
төлем мақсатында қатенің болуы (жыл, ай, төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген және/немесе төлем кезеңінде көрсетілмеген) жағдайларда орындалмай қайтарылады.»
375. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 91-қосымшасына сәйкес 5-15-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-15-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.
376. Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен жасалған шетел валютасындағы шарттар бойынша төлемдер жүргiзiлген кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеде көзделген тәртiпте аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шетел валютасын сатып алу үшiн екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшiн төлем тапсырмасын қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады. Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем тағайындау» ашық жолағында:
1) сатып алынатын шетел валютасының түрi мен сомасы;
2) ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
3) резидент емеспен жасалған шарттың күнi мен нөмiрi;
4) шарттың мәнi;
5) құжаттың (тауарларды жеткізгені туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің), не орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын басқа да құжаттың) атауы, нөмірі мен күні көрсетiледi.
377. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында, құжаттық аккредитивтi қолдана отырып, есеп айырысу нысанын көздейтiн шарт жасасқан кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi төлем тапсырмасын аумақтың қазынашылық бөлiмшесiне екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшiн және осы Ереженің 376-тармағында айқындалған тәртіппен дәл сол күн шетел валютасын сатып алу үшін қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады.
Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiсi растайтын құжат ретінде аккредитивтiң ашылуын және акредитивтiң қолданылу мерзiмi өткен немесе ол мерзiмiнен бұрын жабылған жағдайда аккредитивтiң орындалмаған сомасын банк-эмитенттің квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң сома аударылған шотына қайтаруы туралы талапты қамтитын шартты ұсынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi сатып алынған шетел валютасын аккредитивтік шотқа аударуды үш жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
Егер шетел валютасындағы ақша аккредитивтік шотқа белгіленген мерзімде есепке жатқызылмаған болса, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi оларды қайта айырбастауды және үш күндік мерзім өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің аумақтық қазынашылық бөлiмшесiндегі шотына қайтаруды қамтамасыз етеді.
378. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 6-тарауының 16-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
1-параграф. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
379. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
380. Төлемді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет ақшасын тиімді басқару үшін қолма-қол ақша көлемін болжамдау мақсатында бюджетке түсетін түсімдер көлемін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтіліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерісі болып табылатын қолма-қол ақша тасқынның болжамын (бұдан әрі - болжам) жасайды.
381. Болжам Бюджет кодексіне сәйкес мынадай деректер:
тиісті қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсімдер серпінін (төлеу мерзімдерін) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсімдерге салыстырмалы талдау жүргізуді есепке ала отырып, тиісті бюджеттерге түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемі;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негізінде жасалады.
382. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесі айда жүргізілетін төлемдер көлемін нақтылайды.
383. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізеді;
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
384. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негізінде алдағы айға күтілетін бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды.
385. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кезең соңына тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, теріс те сальдо болжамдала алады.
386. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында теріс сальдо болжамы немесе бір ай ішінде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қосымша қарыз алуды жүргізу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшіру қажеттілігіне бастамашылық етеді.
387. Жүргізілген төлемдердің болжамдық көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгеріс енгізеді.
2-параграф. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі
388. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
389. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
390. Орналастыру және қайтару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған Келісім негізінде жүзеге асырылады.
391. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрі - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
392. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция мәміле паспортымен ресімделеді, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректерді: орналастыру сомасының мерзімін, орналастыруды бастау және аяқтау күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиіс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгілейді.
393. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 117-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
394. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 118-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
395. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Келісім талаптарына сәйкес және мәміле паспортында көрсетілген мерзімде бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органын шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргізеді. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан шотқа ақша түскеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі күннен кешіктірмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
396. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Келісімінде талапта көзделген мерзімде Келісімде көрсетілген деректерге салым сомасын аударуды жүргізеді, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғыны үшін есептелген сыйақыны (мүддені) толық көлемде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне аударады.
397. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
3-параграф. Міндеттемелерді қабылдау мен тіркеу және төлемдер жүргізу рәсімдері, құпиялық белгісі соғылған бюджеттің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
398. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың міндеттемелерін қабылдау мен тіркеу және төлемдерді жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженің 168-181-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жол беріледі.
399. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджетті атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруі тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
9. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін
түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу
шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты
жағдайлар туындаған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару
функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны тиісті бюджетке
немесе үшінші тұлғаларға аудару
1-параграф. Жалпы ережелер
400. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.
401. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтару не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, шетел валютасында түскен ақша қайта айырбастауға және осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті демеушілік, қайырымдылық ҚБШ-ға немесе ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ға ұлттық валютада есептеуге жатады.
Сотқа дейінгі тексерісті жүргізетін орган алған шетел валютасын қайта айырбастау міңдетті емес.
402. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ларына есептелуі тиіс. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша
403. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету тәртiбi негiзiнде, республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң билiгiнде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiнiң сыныптаушысы негiзiнде мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
404. Республикалық немесе жергілікті бюджеттiң есебiнен ұсталатын, өздерi сатудан түсетiн ақша өздерiнiң билiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысын (бұдан әрi - сыныптауыш) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодтарын, пайда болу көздерi мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес рұқсат етiлген түсiмдердi пайдалану бағыттарын қамтиды.
405. Ақылы қызметтер бойынша есепке алу ББС-шы және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
406. Ақылы қызметтер шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарын, қойылған қол және мер бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |