Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы



бет14/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

3-параграф. Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және бекіту
407. Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның есебінен операция жүргізу үшін жыл сайын мемлекеттік мекеменің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарын (бұдан әрі - жоспар) жасайды.

408. Жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша жасалады.

409. Мемлекеттік мекеме жоспарды осы Ереженің 120-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай тәртіппен жасайды:

Кіріс белігі:

010 «Барлық кірістер» жолында кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі, ол есептіден кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын және жаңа қаржы жылында түсетін ақшаның жоспарланған сомасын қамтиды (011-жол+012-жол),

011 «Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы» жолында есептіден кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығы көрсетіледі,

012 «Ағымдағы жыл түсімдері» жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша түсімдерінің жоспарланған сомасы көрсетіледі;

Шығыс бөлігі:

020 «Барлық шығыстар, оның ішінде ерекшеліктер бойынша» жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшеліктері бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлігіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып, шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетіледі,

021 «олардың ішінде, бюджет кірісіне аударуға жататын» деген жол бойынша анықтамалық түрде, тиісті бюджет кірісіне аударуға жататын және 020-жол шығыстарының тиісті ерекшелігі бойынша көзделген сома көрсетіледі.

Жоспардың кіріс және шығыс бөліктері әрбір тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңдестірілуі тиіс. Бұл ретте, 010-жолдың көрсеткіші 020-жолдың көрсеткішіне теңестірілуі тиіс. Шығыстардың ерекшеліктерінің тоқсан сайынғы сомасы 011 және 012-жолдардың түсімдер сомасына тең болуға тиіс.

410. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған түсіндірме жазбаны және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде негізделген есептерді қоса бере отырып, жоспарды 3 данада бекітуге береді.

411. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлар негізінде мемлекеттік мекеме өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен шығыстарның жиынтық жоспарын (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар) жасайды.

Мемлекеттік мекеме бойынша Жиынтық жоспарды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және келесі қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға әрбір мемлекеттік мекеме жөніндегі жоспарлармен бірге келісуге береді.

Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар осы Ереженің 121-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және 2 данада бекітіледі.

Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға түсіндірме жазба мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша түсімдер мен шығыстардың әрбір түрі жөнінде негізделген есептер қоса бекітіледі.

412. Жоспар және Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жиынтық жоспар бөлшек қалдығымен, үтірден кейін бір белгімен мың теңгеде қалыптастырылады.

413. Жоспарлардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша және жоспардың әрбір көрсеткіші бойынша жиынтық жоспардың сомасына теңестірілуі тиіс.

414. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың, оған есептердің жасалу дұрыстығын қамтамасыз етеді.

415. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келісуге ұсынған мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларға мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет көрсету тәртібі Сыныптаушыға, шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстарды дұрыс есептеу тұрғысынан сәйкес келуге тексеріледі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысымен келісіледі және елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады.

416. Мемлекеттік мекемелер бойынша келісілген Жиынтық жоспардың бір данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады, екіншісі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.

417. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер бойынша жоспарды келiскеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi әрбiр мемлекеттiк мекеме бойынша жиынтық жоспарды 3 данада бекiтедi, оның бiрi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнде қалады, екеуi - мемлекеттiк мекемеге берiледi.

Мемлекеттік мекеме бекітілген жоспардың бір данасын өзінде қалдырады, екіншісін – осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге өзі тұрған жердегі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 122-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардың қалыптастырылған электрондық түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге сканерленіп бекітілген жоспарды тіркейді.

Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемеге жоспарды орындамастан («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып кері қайтарады) қайтарады.

418. Қаржы жылының 15 қаңтарына дейін мемлекеттік мекемелер бойынша жоспар бекітілмеген жағдайда, мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейінгі мерзімде жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша қалдығы шеңберінде жасалған шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына міндетті түрде қосу арқылы шығыстар жасауы мүмкін.

419. Егер мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар 15 ақпанға дейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылмаса және 1 наурызға дейін келісілмесе, онда қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейін түскен ақша және есептіден кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан және 1 ақпандағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы 1 наурыздан кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.

Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне белгіленген мерзімде ағымдағы жылдың 1 наурызындағы қолма-қол ақша бақылау шотындағы ақша қалдығын тиісті бюджеттің кірісіне аударуға тиісті төлеуге берілетін шотты ұсынбаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мекеменің төлемдері мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтатады.

420. Шот бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен, мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізеді. Банктік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар қолма-қол ақшамен операциялар жүргізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жоспардың шығыстар бөлігінде көрсетіледі.

421. Бекітілген және келісілген жоспарлардың қолданылуы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.



4-параграф. Өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларына өзгерістер енгізу
422. Қаржы жылы ішінде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кірістер жоспарды және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарды нақтылау шартымен оларға өзгерістер енгізу арқылы ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкін.

Жоспарда көзделген сомадан тыс кіріс түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер, әрбір ақылы қызмет түрлері бойынша жылдық сома шеңберінде ерекшеліктер мен тоқсандар арасында өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне енгізілетін өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептерді қоса бере отырып, осы Ереженің 123-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама ұсынады;

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі олар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізілетін өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептерді тексереді, осы Ереженің 124-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге береді.

423. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган олар түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелер жөніндегі Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды, енгізілетін өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептерді тексереді.

424. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама 2 данада бекітіледі және келісіледі.

425. Анықтаманың бір данасы бюджетті атқару бойынша уәкілетті органда қалады, екінші данасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.

426. Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 3 данада бекітеді.

Бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарлама әкімшісінде қалады, 2 данасы мемлекеттік мекемеге беріледі.

Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтаманың бір данасын өзіне қалдырады, екіншісін осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге өзі тұрған жердегі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 125-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманың электрондық түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімнің жоспарына өзгерістер енгізу туралы сканерленіп бекітілген анықтаманы тіркейді.

Белгіленген талаптарды орындамаған, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің міндеттерді қабылдау немесе кассалық шығыстарды жүргізуі себебінен жоспарлы жұмсалымдар жеткіліксіз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемеге анықтаманы («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебін көрсете отырып кері қайтарады), орындамастан қайтарады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша келіп түскен, пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сай ресімделмеген тізілім мен жоспар/анықтаманың электрондық түрлері қабылдамау себептерін көрсете отырып, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің кері қайтаруына жатады.

427. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады, ал жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды тіркеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады. Тіркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға, жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртіппен нөмір бере отырып еркін түрде журналда жүргізіледі.

428. Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларды бекіткеннен және келіскеннен кейін және сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлерін сақтаған кезде жоспарларды бекіткеннен кейін ББС-нің бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтарын өзгерткен жағдайда, Сыныптауышқа тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін бір ай ішінде осы Ережеде белгіленген тәртіппен мекемелер бойынша Жиынтық жоспарлар қайта бекітіледі және қайта келісіледі.

Қаржы жылы ішінде ББС-нің бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының жаңа кодтары енгізілген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңа кодтар бойынша бекітіледі және келісіледі.

429. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жаңа түрлері енгізілген жағдайда, осы ережеде белгіленген тәртіпте жаңа жоспарлар және Мемлекеттік мекемелер жөнінде жиынтық жоспар жасалады, келісіледі және бекітіледі.

430. Жоспар мен Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар бекітілгеннен және келісілгеннен кейін қаржы жылы ішінде жаңа мемлекеттік мекеме құрылған немесе Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен қосу немесе бөлу арқылы мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастырған және мұндай мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге арналған құқық берілген оларды сатқаннан түсетін ақша өздерінің билігінде қалатын жағдайда (бұдан әрі - құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме), мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне осы Ереженің 409-тармағында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен жоспар ұсынады;

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі олар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде кірістер мен шығыстар бойынша негіздеме мен есептерді тексереді, жоспардың негізінде осы Ереженің 124-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға тиісті өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекітеді және құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің жоспарына  сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынады;

бюджетті атқару бойынша уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды және келіседі;

бекітілген және келісілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі әрбір құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бойынша жоспарды бекітеді және береді.

431. Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды, сондай-ақ жыл басындағы қалдықтар мен ағымдағы жылдың түсімдерін көшіруді мемлекеттік мекеменің хаты негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай:

1) ҚР ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптауышының кодтарын қаржы жылы ішінде, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрі сақталған кезде мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарлар бекітілгеннен және келісілгеннен және жоспарлар бекітілгеннен кейін өзгерген;

2) ҚР ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптауышына жаңа кодтар енгізілген;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жаңа түрі енгізілген;

4) қаржы жылы ішінде, мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарлар бекітілгеннен және келісілгеннен кейін жаңа мемлекеттік мекеме құрылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосылу немесе бөліну жолымен мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылған және мұндай мемлекеттік мекемелерге оларды өткізгеннен түсетін ақша өз биліктерінде қалатын етіп тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге құқық берілген жағдайларда жүзеге асырады.

Көшіруге берілген хатпен бірге мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

1) жаңа кодтары бойынша ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын;

2) ескі кодтар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтуға ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы ұсынады.

Бұл ретте ескі кодтар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтуға арналған анықтамада жылдың басынан бастап жоспардың сомасы ағымдағы тоқсандағы жалпы сомамен көрсетіледі.

5-параграф. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақшаны есепке алу және бақылау
432. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есебінен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақша есебінен жасалатын шарт тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша көзделген сома шегінде жасалады.

Бұл ретте, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін ерекшеліктер тізбесіне енгізілген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері, оның ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жасасқан азаматтық-құқық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша жасалған мемлекеттік мекемелердің шарттары осы Ереженің 162-тармағының екінші абзацына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеуге жатады.

Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақша есебінен жасасқан шартты тіркеу осы Ереженің 6-тарауының 4-9-параграфытарында белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

433. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша төлеушілерден қолма-қол емес не қолма-қол ақша түрінде тікелей мемлекеттік мекеменің кассасына түсуі мүмкін.

434. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекеменің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалатын төлемдер:

шарттар жасалған және тіркелген шығыстар түрлері бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша шарт сомасы шеңберінде;

қалған шығыстар түрлері бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша бекітілген сома шеңберінде жүзеге асырылады.

Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін түсімдерді жұмсау осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады.

435. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер жоспармен бекітілген сомадан тыс алатын ақша түсімдері, олар түскен кезде мемлекеттік мекеме жоспарды оған өзгерістер енгізу арқылы нақтылағанға дейін жұмсау құқығынсыз ақылы қызметтер шотына есептеледі.

Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жоспарға өзгерістер енгізуге арналған анықтаманы ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік мекеме жаңа қаржы жылының он күнтізбелік күні ішінде оларды тиісті бюджеттің кірісіне аударуға төлеуге берілетін шотты ұсынады.

Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне белгіленген мерзімде хатты ұсынбаған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі белгіленген мерзім өткен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша есебінен мемлекеттік мекемелер алатын мемлекеттік мекеменің төлемдері мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.

436. Бекітілген жоспарда көзделмеген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша ақша түскен кезде түсімдер сомасы 902 «Анықталғанға дейін өзара есеп айырысу бойынша ұлттық валютада аударылған сома» деген шотта есептеледі. Түсімдерді 902-шотқа есептеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын 2 данада басып шығарады және ақша алушы болып көрсетілген мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қойылған қолы және өз мөртабанының бедері және қойылған қолы бар бір дананы жібереді.

437. Мемлекеттік мекеме төлем құжатының көшірмесін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде түсімнің негізділігін анықтау және ол бойынша түсімдер сомасы есептелуі тиіс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлерін анықтау және хатты аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік мекеме хатта соманы шотқа есептеу және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің кодын көрсете отырып не оларды бюджет кірісіне аудару қажеттілігі туралы растайды.

Мемлекеттік мекеменің хаты негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:

аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 902-шотынан жоспарда көзделмеген түсімдер сомасын есептен шығару, және хатта көрсетілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды бойынша оны шотқа есептеу жөнінде операция жүргізу үшін;

жоспарда көзделмеген түсімдер сомасын тиісті бюджет кірісіне аудару үшін төлеуге берілетін шотты ҚБАЖ-да қалыптастырады және бекітеді.

Мемлекеттік мекеме хатты уақтылы беруді және хат деректерінің растылығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне белгіленген мерзімде хат ұсынбаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі белгіленген мерзім өткен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша есебінен мемлекеттік мекеменің төлемдері мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.

438. Мемлекеттiк мекеме республикалық немесе жергілікті бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) сыныптауышына сәйкес өткiзуден ақша билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) басқа мемлекеттiк мекемелерге өткiзудi жүзеге асыра алады. 

439. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражатты оның ақылы қызмет шотына аударуға тыйым салынады.

440. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтаған тәртіппен, нысанда және мерзімде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын, өздерінің билігінде қалатын ақша түсімдері мен жұмсалу жоспарларының орындалуы туралы есеп жасайды.

6-параграф. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру
441. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады.

442. Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.

443. Демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша шоттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.

444. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды есепке алу үшін:

республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолдау хаты негізінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган рұқсат беруді жүзеге асырады.

445. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге рұқсатты және қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.

446. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жоспарламайды.

Нысаналы сипатқа ие демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді мемлекеттік мекеме мақсатқа сай жұмсайды.

Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдердің нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

447. Демеушілік, қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесі жылы мақсатқа сай пайдалана алады.

Демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.

448. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жұмсау осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде демеушілік, қайырымдылық көмектің тиісті шоттағы ақша қалдығының шеңберінде жүзеге асырылады.

449. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме өзі және банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде демеушілік және қайырымдылық көмек ақшасы есебінен жүргізеді.

450. Мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен, нысанда және мерзімде демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет