2-параграф. Шартты түрде қаржыландырылатын
шығыстарды бөлу тәртібі
481. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерін орындау есепті кезеңге бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден артқан жағдай туындаған кезде, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдерін жақсартуды болжамдаған жағдайда бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінеді.
482. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша және кейіннен, ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тоқсан сайынғы негізде есептік статистикалық деректер негізінде өткізілген ағымдағы жылға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді тоқсан сайынғы бағалауды есепке ала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістері түсімдерінің болжамын айқындайды.
483. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша және кейіннен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірісінің атқарылуын бағалауды;
2) республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру туралы талдамалы есепті;
3) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы бұрын алынған қаражат бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады.
484. Осы Ереженің 482 және 483-тармақтарында көрсетілген ақпарат негізінде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлуге жататын тоқсан сайын шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемін тоқсан сайын айқындайды.
485. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітілген бюджеттік бағдарламаларға шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды қосымша бөлу туралы шешімді қабылдаған кезде Бюджет кодексінің 41-1-бабында көзделген критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан:
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен есепті кезеңде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалы есептің деректері негізінде бюджет қаражатын игеру. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізу кезінде міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің толықтығы мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылданған міндеттемелердің орындалуы ескеріледі;
2) бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдері. Бұл ретте міндеттемелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген бұрын басталған және жалғастырылып жатқан объектілердің ағымдағы қаржы жылының аяғына дейінгі жобаларының (іс-шараларының) іске асырылуының аяқталу мерзімдері ескеріледі;
3) әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар (жобалар) үшін шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың әлеуметтік бағыттылығын талдауды жүзеге асырады.
Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесіне енгізілген, бірақ олар бойынша ағымдағы қаржы жылында бюджеттік қаражат жоспарланбай, жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарында базалық шығыстарда көзделген бюджеттік бағдарламалар шығыстардың әлеуметтік бағыттылығының критерийлерін және/немесе ағымдағы қаржы жылында бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдерін сақтай отырып, қаржыландырылатын болады.
Мынадай:
1) есепті кезеңге міндеттемелер қабылданбаған;
2) бұрын алынған қаражат бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында есепті күнге бюджет қаражатының қалдықтары бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу жүргізілмейді.
486. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізілген талдау негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
487. Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесінде көзделгеннен аз көлемде қаражат бөлінген шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаржы бөлінген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бойынша ұсыныстарға нақтыланған есеп айырысуларды ұсынады.
488. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу туралы Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен ағымдағы қаржы жылына тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық мақсаттарын ұлғайту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын дайындайды және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
489. Жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар қарқынды іске асырылған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік инвестициялық жобалар мен өңірлер арасында осы Ереженің 60-тармағына сәйкес бекітілген бюджет шеңберінде бюджет қаражаттарын қайта бөлуге рұқсат етіледі.
490. Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаражатты пайдалану осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қабылданған тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
491. Өкілдік шығындар - тиісті қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.
Өкілдік шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына іс-шараларға қатысу үшін шақырылатын тұлғалардың өмір сүруіне және белгіленген пунктіне дейінгі көлік шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскі ас, кешкі ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелік сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөліктік қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкілдік шығындарына:
1)автокөліктік қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеу;
3) автокөлік жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байқау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу;
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.
492. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражат көлемінен шыға отырып, өкілдік шығындарды талап ететін жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - жоспар) жасайды.
Бір жыл ішінде мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган болжамдалмаған іс-шаралар өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып Жоспарды түзете алады.
493. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтініштерін сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) іс-шаралар өткізу қажеттілігінің негізділігі;
2) деңгейі мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) іс-шаралар дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;
4) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбір ерекшелігін негіздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженің 492-тармағына сәйкес жоспарда тиісті іс-шаралардың болуы кезінде.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өкілдік шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтініш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбіртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
494. Осы Ереженің 491-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкілдік шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетілген тауарлар мен қызметтерді ұсынатын ұйымның деректемелерін көрсете отырып, заңнамада белгіленген тәртіптің сақталуын растайтын құжаттарды береді.
495. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін және тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкілдік шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 127-қосымшасына сәйкес өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.
496. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімімен ресімделетін халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы шешімдері жоспарланған іс-шаралар басталғанға дейін қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімін жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылдау мүмкін болмағанда, белгіленген тәртіппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығыстарды өтеу туралы шешімі қабылдана алады.
497. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімі негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
498. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жіберу кезінде өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
бөлінген қаражатты айырбастау үшін сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Астана қаласының Қазынашылық департаментінде шетел валютасында шот ашады;
ҚР ҰБ орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментінің өтініші бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргізеді және оны шетел валютасындағы шотқа есептейді;
Астана қаласының Қазынашылық департаменті ҚР ҰБ-ның орталық филиалының үзіндісі негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеуді жүргізеді;
ай сайын 10-күніне дейін сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Астана қаласының Қазынашылық департаментіне келесі күнтізбелік айда тиісті айдағы жоспарлы тағайындалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтінім жібереді;
өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган уәкілетті тұлғаны көрсете отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі уәкілетті тұлғаға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алу үшін 8-25 «Қолма-қол шетел валютасын алуға төлем тапсырмасы» мен 8-24 «Қолма-қол шетел валютасын алуға өтініш пен Сенімхат» нысандарын береді.
499. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган өкілдік шығындарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
500. Өкілдік шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға тоқсан сайын көрсетілген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп, ал өкілдік шығындарға қаражат алған тұлғалар іс-шараны өткізгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде - тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатқан ұйымның мөрімен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбіртектерді, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) беруі тиіс.
Осы Ереженің 498-тармағында анықталған тәртіппен бөлінетін қаражат бойынша есеп беретін тұлға іс-шаралар жүргізілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннің ішінде сыртқы экономикалық қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған гербтік мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе ол өкілеттік берген тұлға республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберу кезінде бекіткен өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбіртекті және ҚР ҰБ орталық филиалының кіріс ордерін қайтарады.
501. Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.
4-параграф. Бюджеттік инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың
конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ
оған қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды
консультациялық қолдауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
502. Осы параграф бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрi – БИЖ) техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрi – ТЭН), концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатын бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау шеңберінде, экономикалық сараптаманы қоспағанда, тиісті қажеттi сараптамаларды жүргiзу қаржыландырылады.
БИЖ ТЭН-інің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, сараптамаларын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру және өткізу мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаның қаражаты, ТЭН-ді, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажеттi сараптамаларды жүргiзуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, бекiтiлген БИЖ тiзбесiнiң негiзiнде әртүрлi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлуге жатады.
Егер жергiлiктi БИЖ-ды қаржыландыру жергiлiктi бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылса, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы есебiнен жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебiнен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен республикалық бюджеттен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргiзедi.
503. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінімдер беруін;
2) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру бөлінетін тиісті бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Тізбелерді қалыптастыруды және бекітуді;
3) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
504. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзудi, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға өтiнiмдер бередi.
505. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ұсынылады.
506. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаты, техникалық тапсырма негізінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі – МИЖ) инвестициялық ұсыныстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хат, техникалық тапсырма негізінде олар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
507. Бюджет комиссиялары іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған БИЖ бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган, олар бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін қалыптастырады.
508. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
509. БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын БИЖ тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
510. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, БИЖ ТЭН-іне түзету жүргізіледі.
511. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
512. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім мыналар:
1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу құнының есептемесі қоса берілген концессиялық ұсынысты қамтуы тиіс.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы тиіс.
513. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
514. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
515. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
516. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
517.. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
518. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
519. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
520. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпарат;
3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және мәлімделетін құны.
Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
-
мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар
қызметтер ұсыну мерзімдері;
қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
521. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
522. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
523. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер.
524. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
525. Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістерді қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланбағаны не ішінара пайдаланғаны үшін осы қаражатты алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.
526. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбелер негізінде БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қамтамасыз етеді.
527. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
528. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талапты қамтуы тиіс.
529. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету бойынша, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн ұсынады.
5-параграф. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткiзудi және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбi
530. Мыналарды:
1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
2) республикалық БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
4) концессионердi таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;
5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
6) мемлекет кепілгерлігін алуға концессионер ұсыныстарының сараптамасын;
7) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
8) республикалық бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
9) концессиялық жобалардың iске асырылуын бағалауды;
10) БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды;
11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;
12) ТЭН-ді әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруын талап ететін БИЖ-дерді бюджеттік кредиттеу сараптамасын бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттама сараптамасын және бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.
531. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
3) сараптамаларды қаржыландыру және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
532. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
533. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
534. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
535. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
536. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
6-параграф. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
537. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
538. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
539. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
540. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
541. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
542. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
543. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
544. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
545. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнын есептеуге концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің немесе концессия шарты шеңберінде реконструкцияланып жатқан концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны кірмейді.
546. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
547. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
548. Өтемақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
549. Егер концессия объектісінің құны оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алғаны туралы актіге қол қойылғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде бұрын жоспарланған құннан төмен болған жағдайда, төлеуге жататын өтемақы мөлшері төмендейді.
550. Өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда, инвестициялық шығындар өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында қамтылған, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлерінің негізінде концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
551. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
552. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
553. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер концедентке бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
554. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
7-параграф. Экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемінің шегіндегі концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
555. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттерден өтеу болып табылады.
556. Концессионердің пайдалану шығындарына концессия шарты шеңберінде экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемдері шегінде туындайтын концессионердің шығыстары жатады.
557. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде пайдалану шығындарының өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
558. Концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысын беру туралы шешімді концессия міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
559. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда, пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғарғы көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтарының болмауы немесе болуы тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
Көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтарының болуын немесе болмауын растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
560. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілердi пайдалануға арналған мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның iшiнде субсидиялар) теңбе-тең өзгерiсіне индекстелуі мүмкін.
561. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін концедент Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.
562. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
563. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концессия шартының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
564. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру концедент бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
8-параграф. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін
басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі
565. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – сыйақы) концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
566. Концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде мемлекет меншігіндегі объектілер бойынша жүзеге асырылады.
567. Концессия шартының талаптарына сәйкес маңыздылығы ерекше концессиялық жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессионердің қосымша табыс алу көзі ретінде де қолданылады.
568. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
569. Сыйақы беру мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
570. 567-тармақ қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиті республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде қайта қарауға жатады.
571. Сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
572. Сыйақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
573. Сыйақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
574. Сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Егер концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзған жағдайда, сыйақы төлеудің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін, концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
575. Сыйақы төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
576. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концедент қалыптастырады.
577. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сыйақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
9-параграф. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін
төлемақы төлеу тәртібі
578. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы (бұдан әрі – қолжетімділік үшін төлемақы) шығындарды өтеу және концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
Қолжетімділік үшін төлемақы:
1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;
2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;
3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.
579. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолдануға болады.
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
580. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионерге қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
581. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу мүмкіндігі туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
582. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу осы Ереженің 10-тарауының
6 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 7 (пайдалану шығындарының өтемақысы), 8 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы) және 10 (концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу) параграфтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
10-параграф. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібі
583. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
584. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын (бұдан әрі – жалдау төлемақысы) төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жеке меншіктегі (концессионер меншігіндегі) объектілер бойынша ғана жүзеге асырылады.
585. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеуді көздейтін конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
586. Концессионерге жалдау төлемақысын төлеу мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
587. Жалдау төлемақысын төлеу концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
588. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
589. Жалдау төлемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
590. Жалдау төлемақысы бойынша төлемнің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының, оның ішінде жалға берілетін үй-жай мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша талаптарын бұзған жағдайда, жалдау төлемақысы бойынша төлемнің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартында айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге жалдау төлемақыларын төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
591. Жалдау төлемақыларын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
592. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
593. Концессионердің жалдау төлемақыларын төлеуге өтінімдерін қанағаттандыруды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде концедент жүзеге асырады.
11-параграф. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
594. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
595. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
596. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
597. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
598. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
599. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
600. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын белуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
601. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
602. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
603. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |