Психологиялық жұмыс маманының әртүрлі кәсіби қызметтерінің ұзақтығына қойылатын талаптар
№
р/с
|
Кәсіби қызмет түрі
|
Орташа уақыт, (сағат)
|
Ескерту
|
1.
|
Жеке психологиялық диагностика, нәтижелерді өңдеу, қорытындыны және ұсынысты рәсімдеу
|
4
|
бір әскери қызметшігесанағанда
|
2.
|
Топтық психодиагностика, нәтижелерді өңдеу, психологиялық қорытындыларды рәсімдеу
|
8.0 дейін
|
бір сұхбатқа
|
3.
|
Жеке кеңес беру
|
|
бір сұхбатқа
|
бастапқы;
|
2
|
кейінгісі.
|
1
|
4.
|
Топтық кеңес беру
|
|
бір сұхбатқа
|
бастапқы;
|
2
|
кейінгісі.
|
1
|
5.
|
Әскери қызметшілермен жеке түзету жұмыстары
|
30
|
командирлермен жұмысты қоса
|
6.
|
Топтық түзету жұмыстары
|
20-25
|
командирлермен жұмысты қоса
|
7.
|
Әскери қызметшілермен психологиялық жұмыстар бойыншаіс-шаралар өткізу үшін дайындық
|
3.0 дейін
|
бір іс-шараға
|
8.
|
Күн сайынғы жедел психологиялық ақпаратты сараптау
|
0,5
|
|
9.
|
Күн сайынғы құжаттардың қорытындысын рәсімдеу
|
0,5
|
|
10.
|
Кәсіби дайындық
|
3 дейін
|
екі аптада бір рет
|
11.
|
Жұмыс қорытындысын жалпылау, есеп жазу
|
3 дейін
|
ай сайын
|
Ескерту:
1) психологиялық жұмыс мамандарының әртүрлі кәсіби қызметін тиімді іске асыру үшінолар нарядқа, психологқа әкімшілік, тәртіптік шараларды қабылдау арқылы жеке құрамға әскер етуді талап ететін және әскери қызметшілерге (азаматтық персоналға) қатысты доминантты орындарда болуды талап ететін қызметтерге тағайындалмайды.
2) есеп 20-25 әскери қызметшіден тұратын бөлімшелер санымен жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру ережелеріне
5-қосымша
Психологиялық жұмыс мамандарының кәсіби қызметінің этикалық нормалары
Психологиялық жұмыс мамандары психологиялық жұмысты кәсіби қызметінің келесі этикалық нормаларына сәйкес жүргізеді:
әскери қызметшілердің жеке өміріне қол сұғылмаушылығын, өз тағдырын өзі шешуге, диагностикалық және қалыптастыру-түзету іс-шараларына қатысуға немесе қатыспауға, үшінші жақтың қатыспауымен психологиялық сұхбатқа деген құқықтарын қадірлейді;
жүргізілетін психологиялық зерттеулердің мақсатын және міндеттерін, алынған ақпаратты қолдану тәртібін түсіндіреді,
әскери қызметшілерді қандайдабір ақпаратты айтуға, көзқарасын және сенімдерін өзгертуге бағытталған күш көрсету немесе психологиялық түрде мәжбүрлеумен сүйемелденетін іс-шараларға қатыспайды;
адамдардың сенімін сақтай алады, конфликтті жағдайларда субординация нормалары мен адамгершілік қағидалары арасында, жекелеген әскери қызметшілер мен топтардың қажеттілігі мен ықыласы арасындаөзін-өзі ұсай алады;
барлық кәсіби жағдайларды этикалық тұрғыдан бағалайды және командирлерді (бастықтарды), басқа адамдарды этикалық талаптар туралы және өзінің этикалық позициясы туралы хабардар етеді;
клиент туралы ақпаратты оның жеке рұқсатымен көрсеткен көлемде және бекітілген адамдар тобына хабардар етеді;
өзінің кәсіби қызметінің салдарына жауап береді;
алда тұрған тапсырмаларды орындауда өзінің мүмкіндік шектерін анық біледі, тексерілген және өзі білетін әдістерді ғана қолданады;
өзінің іс-қимылдарының салдарын жобалай алады, адамдарға әдейі емес теріс әсер ету мүмкіндігін барынша төмендетеді;
үнемі өзінің білімін, дағдыларын және шеберлігін жетілдіріп отырады, кәсіби қызметтің талаптарына сәйкесөзінің біліктілігін қажетті деңгейде ұстап тұрады;
өзі анық түсінетін, жеткілікті деңгейде меңгерген деп санайтын диагностикалық, коррекциялық, психотерапиялық әдістеме мен тәсілдерді қолданады және олардың салдарын жобалай алады;
адамдарды алдап-арбау және олардың арасындағы қарым-қатынасты нашарлату үшін қолдануы мүмкін ақпарат пен арнайы білімдерді таратпайды;
жұмыспен байланысты алынған ақпараттың, құжаттардың, жеке жазбалардың, фотосуреттердің, аудиожазбалардың, бейнежазбалардың құпиялығын және кәсібилік қарым-қатынастарды сақтау бойынша шара қабылдайды.
Егер қолда бар ақпаратты таратпау жеке құрамға немесе басқа адамдарға айтарлықтай залал тигізу мүмкіндігі болса кәсібилік құпияны психолог өз еркі бойынша ашуға болады.
Психологиялық жұмыс мамандары өз әріптестерімен қарым-қатынасты өзара сыйластық, сенім, өзара жәрдем беру негізінде құрайды, олармен практикалық жұмыстың нәтижелілігін көтеруге мүмкіндік беретін қолда бар ақпаратпен, әдістемелік және ғылыми мәліметтермен бөліседі.
Психологиялық жұмыс мамандары клиент мүддесінде дәрігерлермен, заңгерлермен, тәрбие жұмысы органдарының лауазымды адамдарымен қарым-қатынас орнатады.
Психологиялық жұмыс мамандарымен этикалық нормалар мен принциптер талаптарын бұзу орныққан лауазымдарына сәйкес міндеттерін орындаумен үйлеспейді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру ережелеріне
6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |