Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі



бет2/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
заңнамалық акт

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі


генерал-майор Н. Ермекбаев

Қазақстан Республикасы


Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «____» _________
№ _____
бекітілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен
тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
ережесі
1-тарау. Жалпы қағидаттар



  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

  2. Осы қағидаттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ҚР ҚК-де идеологиялық жұмыс – әскери басқару органдарымен Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын әскери қызметшілермен қолдауын қамтамасыз ету, әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілерін сыйлауға, әскери антқа адалдығын, олардың жалпыәскери жарғылар талаптары мен командирлердің бұйрықтарының мүлтіксіз орындауына, әр әскери қызметшінің Отанды қорғау жөніндегі өзінің әскери борышын орындауға, ҚР ҚК заңнамасымен жүктелген міндеттерді табысты шешуге олардың моральдық-психологиялық әзірлігіне және әскери қызметшілерді құрылымды бұзатын идеялардың ықпалынан қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге бағытталған құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша жүргізілетін іс-шаралар кешені;
2) ҚР ҚК-де тәрбие жұмысы – бұл әскерлердің күнделікті қызметінде әскери басқару органдарының лауазымды адамдарымен жүзеге асырылатын әскери қызметшілерде жоғары әскери-кәсіби қасиеттерді, мақсаты бойынша міндеттерді орындауға моральдық және психологиялық әзірлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ақпараттық-тәрбие, профилактикалық, психологиялық, әскери-әлеуметтік, мәдени-демалыс және өзге де ұйымдастыру іс-шаралар кешені;
3) ҚР ҚК-де ақпараттық-тәрбие жұмысы – бұл командирлердің, штабтардың, тәрбие жұмыстары органдарының, әскери бұқаралық ақпарат құралдарымен жеке құрамның тұрақты моральдық-психологиялық жай-күйін қалыптастыру мақсатында жеке құрамға әскери-саяси, моральдық-психологиялық және ақпараттық жағдайлар, мемлекеттік билік органдарымен қабылдайтын шешімдері туралы мәліметтерді уақтылы жеткізу бойынша жүргізілетін мақсатты қызметі;
4) ҚР ҚК-де әлеуметтік-құқықтық жұмыс – бұл нақты әскери тәртіпті, әскери қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әскери-әлеуметтік, ақпараттық-құқықтық және өзге де тәрбие іс-шаралар кешені;
5) ҚР ҚК-де мәдени-демалыс жұмысы – жеке құрамда жоғары рухани мәдениетті және моральдық-адамгершілік қасиеттерді, қазақстандық қоғамның мәдени-тарихи мұрасын, әскери дәстүрлер мен салт-жоралғыларды дамытуда негізделген өз елі және ҚР ҚК үшін саналы мақтанышын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) ҚР ҚК-де психологиялық жұмыс – бұл қолбасшылықтың, тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарының, басқа да лауазымды адамдардың жеке құрамда мақсаты бойынша оқу-жауынгерлік (ұрыс) міндеттерін орындауға ықпал ететін жеке және топтық психологиялық қасиеттерді зерделеу, қалыптастыру, ұстау, сүйемелдеу, қалпына келтіру жөніндегі қызметі;
7) психологиялық жұмыс жөніндегі мамандар – бұл ҚР ҚК-де психологиялық жұмыс міндеттерін шешумен кәсіби айналысатын тиісті даярлығы мен біліктілігі бар тәрбие жұмыстары органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары.

  1. ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есептік-жоспарлау құжаттамасының тізбесі әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде (мекемелерде), бөлімшелерде осы Ережелерге 1-қосымшаға мазмұндалған .

  2. ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі күнделікті қызметте Осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет