ҚР ҚК жеке құрамымен күнделікті қызметте тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйін бағалау 1. Тәрбие және идеологиялық жұмыс жағдайы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
ақпараттық-тәрбие жұмысының жағдайы;
идеологиялық жұмыс жағдайы;
әскери тәртіп жағдайы;
мәдени-демалыс жұмысының жағдайы және тәрбие жұмысының техникалық заттарымен қамтамасыз ету жағдайы;
психологиялық жұмыс жағдайы;
жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы;
ардагерлермен және ҚР ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру жағдайы;
әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жағдайы.
2. Ақпараттық-тәрбие жұмысының жағдайы бағаланады:
3 балл – жұмыс басшылық құжаттар талабына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде атқарылған; мемлекеттік-құқықтық дайындық (бұдан әрі – МҚД) басшылық құжаттар талабына сәйкес ұйымдастырылған.
Санаты бойынша жалпы санынан 30%-дан кем емес тексерілген оқу-жаттығу топтарының 100% оқу-жаттығу топтары оң бағаланған, соның ішінде кемінде 60%-ы «үздік» бағаланған;
2 балл – жұмыс басшылық құжаттар талабына сәйкес ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде атқарылған, жұмысты ұйымдастыруға әсер етпейтін кейбір кемшіліктер орын алған; МҚД басшылық құжаттар талабына сәйкес ұйымдастырылған. Санаты бойынша жалпы санынан 30%-дан кем емес тексерілген оқу-жаттығу топтарының 100% оқу-жаттығу топтары оң бағаланған, соның ішінде кемінде 60%-ы «үздік» және «жақсы» бағаланған;
1 балл – жұмыс басшылық құжаттар талабтарын бұзумен ұйымдастырылған, жоспарлау және есептік құжаттар толық емес көлемде атқарылған, тәрбие іс-шараларын өткізуде орындалмаулар бар; МҚД басшылық құжаттар талабтарын бұзумен ұйымдастырылған. Санаты бойынша жалпы санынан 30%-дан кем емес тексерілген оқу-жаттығу топтарының 90% кем емес оқу-жаттығу топтары оң бағаланған;
0 балл – жұмыс ұйымдастырылмаған, жоспарлау және есептік құжаттар атқарылмаған, МҚД басшылық құжаттар талабтарын бұзумен ұйымдастырылған. Санаты бойынша жалпы санынан 30%-дан кем емес тексерілген оқу-жаттығу топтарының 10% астамы «қанағаттанарлықсызға» бағаланған.
3. Идеологиялық жұмыс жағдайы бағаланады:
3 балл – құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни әсерден қорғау, ұжымдарда идеологиялық тұрғыда болған проблемаларды зерттеу, болжау және уақытында шешу ұйымдастырылған; Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдылықтарын білуге тестілеу өткізу кезінде тексерілген әскери қызметшілердің 100% оң баға алды, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде атқарылған;
2 балл– құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни әсерден қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның кіруіне жол бермеу жөніндегі жұмыс тиісті құзіретті мемлекеттік органдармен тығыз өзара әрекеттестікте ұйымдастырылған және өткізілуде, былай басшылық құжаттар талабтарына бағаланған іс-шаралар мазмұнына әсер етпейтін болмашы кемшіліктерімен сәйкес келеді (өткізілетін іс-шаралардың жоспарлау және есептік құжаттар толық емес көлемде атқарылған, тиісті құзіретті мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестіктік толық емес көлемде ұйымдастырылған); Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдылықтарын білуге тестілеу өткізу кезінде тексерілген әскери қызметшілердің 90% оң баға алды, жоспарлау және есептік құжаттар толық көлемде атқарылған;
1 балл– құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни әсерден қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның кіруіне жол бермеу жөніндегі жұмыс бағаланған іс-шаралар мазмұнына әсер ететін басшылық құжаттар талаптарын елеулі бұзумен ұйымдастырылған және өткізілуде (өткізілетін іс-шаралардың жоспарлау және есептік құжаттар атқарылмаған, тиісті құзіретті мемлекеттік органдарменөзара әрекеттестік ұйымдастырылмаған); Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдылықтарын білуге тестілеу өткізу кезінде тексерілген әскери қызметшілердің 85% оң баға алды;
0 балл– құрылымды бұзатын діни ағымдарға қарсы тұру, жеке құрамды құрылымды бұзатын діни әсерден қорғау және әскери ұжымдарға экстремистік идеологияның кіруіне жол бермеу жөніндегі идеологиялық жұмыс ұйымдастырылмаған, жүйесіз өткізіледі және басшылық құжаттар талаптарына сәйкес келмейді, жоспарлау және есептік құжаттар атқарылмаған; Қазақстан Республикасының идеологиялық басымдылықтарын білуге тестілеу өткізу кезінде тексерілген әскери қызметшілердің 25% астамы теріс баға алды
4. Әскери тәртіптің жай-күйі бағаланады:
3балл– егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі «қанағаттанарлық» деп бағаланса*; әскери және құқық тәртібінің жай-күйінесепке алу және талдау басшылық етуші құжаттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әскери қызметшілердің қаза болуы фактілерінің, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлық және есептік құжаттар толық көлемде орындалса.
2 балл –егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі «қанағаттанарлық» деп бағаланса*; әскери және құқық тәртібінің жай-күйінесепке алу және талдау басшылық етуші құжаттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылса; өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әскери қызметшілердің қаза болуы фактілерінің, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне жол берілмесе; әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлық және есептік құжаттар 80%-дан кем емес орындалса.
1 балл –егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі «қанағаттанарлық» деп бағаланса*; әскери және құқық тәртібінің жай-күйінесепке алу және талдау басшылық етуші құжаттарының талаптарының шағын бұзушылықтарымен ұйымдастырылса; өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар немесе әскери қызметшілердің қаза болуы фактілерінің өсуіне жол берілсе (50%-тен көп емес); әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлық және есептік құжаттар 50%-дан кем емес орындалса.
0 балл –егер әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланса*; әскери және құқық тәртібінің жай-күйінесепке алу және талдау басшылық етуші құжаттарының талаптарының өрескел бұзушылықтарымен ұйымдастырылса; өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе әскери қызметшілердің қаза болуы фактілерінің едәуір өсуіне жол берілсе (100%-тен және одан көп); әскери тәртіпті нығайту бойынша (профилактикалық жұмысты ұйымдастыру) жоспарлық және есептік құжаттар 50%-дан кем орындалса.
5. Психологиялық жұмыс бағаланады:
2 балл - тексерілген кезеңде өзіне-өзі қол жұмсау деректеріне жол берілмесе; лауазымды адамдар психологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша басшылық құжаттарына сәйкес функционалдық міндеттерін толық білсе және оларды орындаса; психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есептік құжаттары 100% орындалса (бұл орайда жүргізілетін жұмыстың сапасына әсерін игізбейтін болмашы кемшіліктер есепке алынбайды); психологиялық жеңілдету бөлмесі болса және мақсатына сәйкес қолданылса, материалдық-техникалық база психологиялық жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік берсе және әрдайым жетілдіріліп отырылса.
1балл - тексерілген кезеңде әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігі тіркелсе; лауазымды адамдар психологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша басшылық құжаттарына сәйкес функционалдық міндеттерін толық білсе және оларды орындаса; психологиялық жұмыс бойынша жоспарлау және есептік құжаттары 80% орындалса; психологиялық жеңілдету бөлмесі болса; материалдық-техникалық база психологиялық жұмысты сапалы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе.
0 балл - тексерілген кезеңде әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсау дерегі тіркелсе және 1 балға бағалау үшін талаптардың біреуі орындалмаса.
6. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі былай бағаланады
3 балл – келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 74 баллдан төмен емес, ал әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілердікі 70 баллдан төмен емес болуы тиіс және «Жоғары» ретінде бағаланады;
2 балл - келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің МПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 52 баллдан төмен емес, ал әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілердікі 49 баллдан төмен емес болуы тиіс және «Тұрақты» ретінде бағаланады;
1 балл –барлық санаттағы әскери қызметшілердіңМПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 30 баллдан төмен емес болуы тиіс және «Тұрақты емес» ретінде бағаланады;
0 балл -барлық санаттағы әскери қызметшілердіңМПЖ деңгейі сауалнамалық сұраудың қорытындылары бойынша 30 баллға жетпейді және «Төмен» ретінде бағаланады.
7. Мәдени-демалыс жұмысы, әскери бөлімдер мен мекемелерді техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету былай бағаланады:
2 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 100% орындалған.
Техникалық тәрбие құралдарынормаларға сәйкес қамтамасыз етілген және мәдени ағартужүргізіледі, мақсаты бойынша пайдаланылады.
Техникалық тәрбие құралдары және мәдени ағарту мүліктерін есепке алу, сақтау және есептен шығаруды ұйымдастыру басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес уақтылы жүргізіледі.
Бөлімдегі және мекемедегі көрнекі үгіт-насихат құралдары басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес ресімделген.
1 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 70% орындалған.
Техникалық тәрбие құралдарынормаларға сәйкес қамтамасыз етілген және мәдени ағартужүргізіледі, бірақ мақсаты бойынша пайдаланылмайды.
Техникалық тәрбие құралдары және мәдени ағарту мүліктерін есепке алу, сақтау және есептен шығаруды ұйымдастыру басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі, бірақ пысықтауды қажет етеді.
Бөлімдегі және мекемедегі көрнекі үгіт-насихат құралдары басшылық құжаттардың талаптарын жеңіл бұзумен ресімделген.
0 балл – мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлау және есеп құжаттары және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету 50%-дан төменге орындалған.
Техникалық тәрбие құралдарынормаларға сәйкес қамтамасыз етілген және мәдени ағарту жүргізілмеген, мақсаты бойынша пайдаланылмайды.
Техникалық тәрбие құралдары және мәдени ағарту мүліктерін есепке алу, сақтау және есептен шығаруды ұйымдастыру басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілмейді.
Бөлімдегі және мекемедегі көрнекі үгіт-насихат құралдары басшылық құжаттардың талаптарын бұзумен ресімделген.
8. Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктерімен жұмыс жағдайы бағаланады:
3 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктермен бірлескен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 100 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілді;
2 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктермен бірлескен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 70 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілмеген дерек орын алды;
1 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктермен бірлескен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 40 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілмеген дерек орын алды;
0 балл – ҚК ардагерлерімен және ардагерлік бірлестіктермен бірлескен жұмыс жоспары құрастырылмаған немесе немқұрайлы құрастырылған, өткізілген іс-шаралар бойынша есептік материалдар жоқ, ҚР ҚК ардагерлерінен түскен хаттары қарастырылмаған;
9. Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жағдайы бағаланады:
3 балл – Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 100 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілді;
2 балл – Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 70 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілмеген дерек орын алды;
1 балл – Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жоспары құрастырылған, бекітілген, осы жоспардың тармақтарына сәйкес өткізілген іс-шаралар 40 % іске асырылды, түскен хаттар қарастырылды, жауап (түсінік) арызшыға уақытылы жіберілмеген дерек орын алды;
0 балл – Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жоспары құрастырылмаған немесе немқұрайлы құрастырылған, өткізілген іс-шаралар бойынша есептік материалдар жоқ, түскен хаттары қарастырылмаған.
Тәрбие және идеологиялық жұмыс жағдайы бағаланады:
«жақсы» –егержалпы көрсеткіш 16және21 балл аралығында, барлық тексерілетін көрсеткіштер 1 балдан төмен емес бағаланған кезде;
«қанағаттанарлық» – егержалпы көрсеткіш 11және 16 балл аралығында, және тексерілген6 көрсеткіштердің баллы1 төмен бағаланған кезде;
«қанағаттанарлықсыз» – егер жалпы көрсеткіш 11 балдан аз және тексерілген 2 көрсеткіштің баллы 0-ден төмен бағаланған кезде.
* Кос жалпы қосынды коэффициентінің есебіне негізделе.