4-параграф. Мәдени-бос уақыт жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тәрбие құралдарымен қамтамасыз ету
Мәдени-бос уақыт жұмысы ҚР ҚК-де бүкіл тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс кешенінің бөлігі болып табылады. Ол оның басқа бағыттарымен тығыз бірлікте және келісушілікте өткізіледі, олардың арасында маңыздысы әскери қызметшілерді идеологиялық, әскери-патриоттық, әскери, адамгершілік пен эстетикалық тәрбие және әскери қызметшілерде қажетті моральдық-жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған әскери басқару органдарының басшыларымен жүзеге асырылатын өзге де іс-шаралар болып табылады.
Әскери басқару органдарында өткізілетін мәдіени-бос уақыт жұмысы мыналарға бағытталуы тиіс:
жауынгерлік әзірлік және жауынгерлік дайындық міндеттерін орындауға;
жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік қызметті, қарауылдық және ішкі қызметтерді үлгілі орындауға;
әскери қалашықтарды, казармаларды, парктерді үлгілі жай-күйде ұстау.
Мәдени-бос уақыт жұмыстарының күштерімен және құралдарымен әскери іс шеберлерінің, қару-жарақпен және әскери техникада іс-қимылдар тәсілдерін меңгерген мамандардың беделін көтеру, моральдық ынталандыру құралдарын әскери қызметшілердің кәсіби өсуі, әскери қызмет міндеттерін адал орындауы үшін шебер қолдану, әскери қызметшілерді рационализаторлық, өнертапқыш, мәдени-бос уақыт және спорт жұмыстарын тартуға ықпал ету қажет.
ҚР ҚК-де мәдени-бос уақыт жұмысының әртүрлі нысандары, күштері және құралдары бар, оларды шебер пайдалану әскери қызметшілерде жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың рухани-эмоционалдық жай-күйін ұстауға, жауынгерлік міндеттерді табысты шешуге жұмылдыруға ықпал етеді.
Әскери басқару органдарында мәдени-бос уақыт жұмыстарын ұйымдастырудың нысандары мен әдістер жүйесі өзіне мыналарды қамтиды:
1) жеке құрамға теле, радио, кино және бейне қызмет көрсету,
2) әскерлерді әдебиет және мерзімді баспасөзбен қамтамасыз ету;
3) кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдарының, мәдениет қайраткерлерінің, үгіттеу, мәдени-көркем бригадаларының және басқа да шығармашылық ұжымдарының орындауларын ұйымдастыру;
4) жеке құрамның демалысына және моральдық рухын көтеруге ықпал ететін спорт ойындарын мен басқа да мәдени-жаппай және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу;
5) белсенділермен әдістемелік жұмыс;
6) әскери музейлер үшін материалдарын жинау, көрме жұмысы.
Мәдени-бос уақыт жұмыстарының негізгі құралдарына мыналар жатады:
1) мәдениет үйлері;
2) гарнизондық офицерлер үйлері;
3) мәдени-демалыс орталықтары;
4) жылжымалы ақпараттық кешендер;
5) әскери музейлер;
6) жауынгерлік даңқ бөлмелері (каюталар).
Мәдени-бос уақыт жұмыстары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтары, тиісті командирлер (бастықтар) шешімдері негізінде, әскерлер (күштер) алдында қойылған міндеттерге негізделе жоспарланады.
Мәдени-бос уақыт жұмысы құжаттарда әскери басқару органдарын дайындауды, оқу-тәрбие процесін, әскери басқару органдарымен басқа шешетін міндеттерді жоспарлау бойынша жеке бөліммен көрсетіледі.
Әскери бөлімдерде, мекемелерде мәдени-бос уақыт жұмыстарын ағымдағы жоспарлау бір айға және нақты міндеттер бойынша, сондай-ақ перспективалық пен кешенді жоспарлауға сәйкес жүргізіледі.
Дайындық кезеңінде және жауынгерлік пен жұмылдыру дайындығы іс-шараларын өткізу, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, жедел және жауынгерлік дайындық, қарауылдық және гарнизондық қызметтер барысында олардың моральдық-психологиялық, соның ішінде мәдени-бос уақыт қамтамасыз ету жоспарланады.
Гарнизондық офицерлер үйлерінде, мәдени-бос уақыт орталықтарында және клубтарда мәдени-бос уаықт жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарлар негізінде жоспарланады және ұйымдастырылады. Олар әскери басқару органдарының жеке құрамын оқыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, әзірленеді.
Мәдени-бос уақыт жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі элементтерінің бірі әскери қызметшілерді әскери-патриоттық, әскери, ізгілік және эстетикалық тәрбиелеу жөніндегі көмекші сипатындағы міндетімен әскери қалашықтардың, әскери басқару органдарының аумағында көру көрнекі үгіт құралдарын пайдалану болып табылады.
Көру көрнекі үгіт-насихат құралдарының нысандарының мазмұнында тәрбие мәні болуы керек. Әскери қалашықтардың, әскери басқару органдарының аумағында көрнекі үгіт-насихат стенділерін ресімдеу және ұстау басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Жеке құрамның далалық сабақтарға неме оқу-жаттығуларға кеткен кезде бөлімшелер жорықтық көрнекі үгіт-насихат жиынтығымен жасақталады.
ҚР ҚК техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларына сәйкес жүргізілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде тіркелген, № 13315).
ҚР ҚК-де техникалық тәрбие құралдарын және басқа да мәдени-ағарту мүлкін, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарын есепке алу және есептен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі ю 787 қаулысымен бекітілген әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережелеріне сәйкес жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |