Қазақстан республикасы атынан



Дата14.06.2016
өлшемі29.54 Kb.




КӨШІРМЕСІ

ШЕШІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫНАН


15 желтоқсан 2011 жылы Астана қаласы


Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья А.Д. Балағұмарова, хатшылық етуші Б. Калиева, талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитович, 2011 жылдың 7 қазандағы № 9527 санды сенім хат және 2011 жылдың 10 қарашадағы № 079913 санды ордер бойынша талапкердің өкілі – адвокат Туяков Жандос Есенкуловичтің қатысуымен ашық сот мәжілісінде талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитовичтің жауапкер Жунусов Рустем Ержановичке қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитович сотқа жауапкер Жунусов Рустем Ержановичке қарызды өндіру туралы талаппен сотқа арызданған.

Талап арыз төмендегідей жағдайлармен негізделуде – талапкер 2011 жылдың 30 мамырдағы қолхат бойынша жауапкерге 200.000 теңге көлемінде ақшаны 2011 жылдың 30 қыркүйекке дейін қарызға берген. Алайда аталған мерзімде жауапкер ақшаны қайтарған жоқ.

Сот мәжілісіне талапкер және оның өкілі өзінің талаптарын толығымен қолдады және соттан қанағаттандыруды сұрады.

Сот мәжілісіне жауапкер келген жоқ, келмеу себебі сотқа белгілі, сот отырысы болатын күні мен уақыты туралы хабарланған болатын, алайда талап арызда көрсетілген мекен-жай бойынша жауапкер тұрмайды, іс жүзінде тұрған жері белгісіз, сондықтан АІЖК-нің 135 бабына сәйкес істі жауапкердің қатысуынсыз қарауды жөн көреді.

Сот азаматтық істің құжаттарын зерделеп және талапкер мен оның өкілінің түсінігін тыңдап, талапкердің талаптары қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 272-бабына сәйкес міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Сот отырысы барысында талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитович және жауапкер Жунусов Рустем Ержановичтің арасында 2011 жылдың 30 мамырдағы қарызға беру туралы өзара келісім шарт жасалынғандығы, және ол қолхат арқылы ресімделгендігі анықталды.

Осы қолхатқа сәйкес жауапкер талапкерден 200.000 теңге көлемінде қарыз ақшаны 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін алған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 273-бабына сәйкес заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 277-бабы 1-тармағына сәйкес, егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс.

Сотта жауапкер 200.000 теңге көлеміндегі қалған соманы келісім-шартта белгіленген мерзімде қайтармағаны анықталды.

Айтылғандардың негізінде сот талапкердің талаптары қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.

ҚР АІЖК-нің 110 бабы 1 бөлігіне сәйкес жауапкерден сот шығындары ретінде 2000 теңгені өндіру қанағаттандырылуға жатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР АІЖК-нің 135, 217-221,223 баптарын басшылыққа ала отырып, сот

Ш Е Ш Т І:
Талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитовичтің жауапкер Жунусов Рустем Ержановичке қарызды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылсын.
Жауапкер Жунусов Рустем Ержановичтен талапкер Оспанов Меиржан Кабдул-Маулитовичтің пайдасына сомасы 200.000 (екі жүз мың) теңге болатын қарыз ақша және 2000 (екі мың) теңге болатын сот шығындары өндірілсін.
Шешімге он бес күн ішінде Астана қаласы сотына шағым берілуі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Шешім кеңесу бөлмесінде «LG Studioworks 500 E» компьютерінде теріліп «hp LazerJet 1005 series» принтерінде бір негізгі данада басылып шығарылған.

Судья А. Балағұмарова

Көшірме 1 бетте дұрыс

Судья А. Балағұмарова


Анықтама


Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Судья А. Балағұмарова



12.12.2011 жылы
Каталог: 329281


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет