Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптер - (тауық тарысы, жасыл мысыққұйрық) төмен дәрежеде 505 га, орта дәрежеде 63 га, барлығы 568 га.
Қосжарнақтылар - (кәдімгі гүлтәжі,ақ ала бұта) төмен дәрежеде 65 га, орта дәрежеде 11 га, барлығы 76 га.
Атпатамырлар - (дала шырмауығы,еістік қаулен) төмен дәрежеде 110 га, орта және жоғары дәрежеде анықталмады.
Кіндік тамырлылар - (кәдімгі бақ-бақ, кәдімгі жұмыршақ,) төмен дәрежеде 160 га, орта дәрежеде 10 га, барлығы 170 гектарды құрады.
Басқа да арамшөптер - (жабайы капуста т.б.) төмен дәрежеде 110 га, орта дәрежеде 12 га анықталды.
Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарында кездесетін арамшөптердің өсіп-даму фенологиясының 2021 жылғы мәліметі
Астық дақылдарда кездесетін арамшөптер:
Бір жылдық арамшөптер- кәдімгі бақ-бақ 1 ш.м . жерде 8-10 данадан, чв биіктігі 15-20 см, өнуі –сәуір, гүлдеу, жаппай гүлдеу – мамыр айы,тұқым толық пісіп төгілуі- маусым айы. Кәдімгі түймедақ 1 ш.м. жерде 2-4 данадан, сабағы тік, бұтақталған, жалаңаш биіктігі 10-35 см, өнуі- сәуір, сабақтану, гүлдеу және жаппай гүлдеу – мамыр, тұқымның толық пісуі,шашылуы- маусым шілде айлары. Тауық тарысы 1 ш.м. жерде 3-4 данадан биіктігі 40-50 см, өну сабақтану – сәуір, шанақтану, гүлдеу –мамыр,тұқым пісіп шашылуы –маусым айы.
Екі жылдық арамшөптер: кәдімгі кәрі қыз (прицепник)1 ш.м. жерде 1-2 данадан, сабағы тік, бұтақталған, түк басқан биіктігі 20-50 см жеткен, өніп өскіндеу наурыздың аяғы, мамыр айлары, гүлдеп дән байлау – шілдеде.Көп жылдық арамшөптер: атпа тамырлы көген тамырлы кездесетін арам шөптер: жолжелкен 1 ш.м. жерде 2-4 данадан, биіктігі 10-35 см, өнуі- наурыз, сабақтану – сәуір, мамыр, гүлдеу-маусым, тұқымдану – шілде.Далалық шырмауық 1 ш.м. жерде 2-4 данадан, биіктігі 40-50 см өніп сабақтану – сәуір, мамыр, гүлдеу – маусым, шілде.
Мақсары – мақсары алқабында кездесетін арамшөптертүрлері: далалық шырмауық 1 ш.м. жерде 1-3 данадан, биіктігі 20-25 см , кәдімгі жұмыршақ 1 ш.м. жерде1-3 данадан, биіктігі 20-25 см, кәрі қыз 1 ш.м. жерде 2-3 данадан, биіктігі 25-30 см.
Достарыңызбен бөлісу: |