1-Сурет. Шымкент қаласы
Шымкент қаласының жер бедері төбелі болып келеді. Қаланың жер бедері пішіндері адамның іс-әрекетімен күшті өзгертілген. Бірақ жер бедерінің жалпы пішіні толық тегістелмеген. Қаланың дамуында Түркістан-Сібір темір жол магистралі, Қаратаудағы полиметал рудаларын өндіру маңызды роль атқарды. Дегенмен қаланың басым бөлігінде бір қабатты үйлер құрылғаннан кейін жер бедерінде үлкен өзгерістер болмаған.
Қаланың жер бедерінің қалыптасуында Қошқарата өзенінің ықпалы маңызды болды, өзеннің аллювиальдық шөгінділері Сайрам және Бадам өзендерінің шөгінділерінен қалыптасқан аллювиальдық жазықты өзгертіп, қазіргі салыстырмалы биік төбелерді қалыптастырды.
Қаланың ең биік нүктесі Тұрар Рысқұлов және Д. Қонаев атындағы даңғылдары қиылысқан жерінде орналасқан, оның биіктігі 580,6 м. Жер бедері пішіндерінің қалыптасуында төрттік кезеңінде қалыптасқан аллювиальдық шөгіділердің су эрозиялық процестері басты рольді атқарды.
Территорияның геологиялық түзілісінде палеоген-неоген кезіндегі тектоникалық әрекеттер маңызды болды. Палеогеннің аяғында неогенде осы территорияда тектоникалық процестер белсенді дами бастайды. Нәтижеде мезозой дәуірінде пенепленге айналып жатқан Тянь-Шань таулары қайта көтерілу процестерге ұшырады.
Неоген кезеңінде тектоникалық процестер Тянь-Шань тауларын биік таулардың биіктігіне жеткізді. Тектоникалық процестер нәтижесінде таулы аудандарда эрозиялық процестер күшейе бастады, таулы аудандарда деструктивтік процестер тау етегінде тау алды жазықты жер бедері пішіндерін қалыптастырды.
Соңғы төрттік кезеңінде эрозиялық процестер көмегімен қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Соңғы кезде аса маңызды су ағымдарының және уақытша су ағымдарының әсері аса маңызды болды. Сондықтан қаланың территориясында төбелі пішіндер басым болады. Уақытша су ағыстардың ықпалымен бұл территорияда көптеген сайлар пайда болған.
Қаланың территориясы әдеби деректер бойынша шамамен 3-4 балдық сейсмикалық белдеуде орналасқан. Шымкент қаласы территориясында маңызды жер сілкіну тіркелмеген, тарихи деректерде де ол туралы мәліметтер айтылмаған. Бірақ әлсіз жер сілкіну жиі болып отырады. Тек қана соңғы жылдары қала территориясында бірнеше рет 3-4 балдық жер сілкіну тіркелген.
Қаланың территориясында Қошқарата өзені басталатын бірнеше каналдар, арықтар құрылған. Олар өз кезегінде өзінің арналары бойында маңызды эрозиялық процестерді дамытып ерекше жер бедерінің пішіндерін қалыптастыруда. Мысалы Түркістан көшесіне параллель жатқан Қошқарата өзеніне құятын бір бастау соңғы 4-5 жылдың ішінде жаңа арнаны қалыптастыруда, келешекте ол жерде маңызды су ағымы пайда болуы мүмкін. Яғни, жер бедерінің пішіндері қалыптасу процестері жалғасуда.
Шымкент қаласы маңындағы рекреациялық территориялар басым таулы аудандарда орналасқан. Шымкенттен шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Қаржантаудың тау алды жазықтары мен жотаның беткейлері орналасқан. Солтүстік бағытта Қаратау таулары, әсіресе соның Боралдай жотасы жақын орналасқан. Қаладан оңтүстікке қарай Қазығұрт таулары жатыр.
Бұл таулы аудандар неогенде күшті тектоникалық көтерілу процестері нәтижесінде үлкен биіктіктерге көтерілді. Ең биік Сайрам шыңы, биіктігі 4299 м, облыстың ең биік нүктесі болып табылады.
Таулы аудандар қоршаған жазықтармен салыстырғанда ылғалды болып келеді, сондықтан мұнда эрозиялық процестер аса маңызды. Көктемгі кезде көптеген кішігірім өзендерде, сел құбылыстары жиі болады. Сел әдетте күшті эрозиялық процестерімен сипатталады, мысалы бір сел өту барысында өзеннің жаға сызығы кескін түрде өзгеруі мүмкін, жаға бойында бастаулар пайда болады, немесе бар бастаулар жойылуы мүмкін.
Жазықтық эрозия нәтижесінде өзендердің арналарында аккумулятивтік жер бедерінің пішіндері қалыптасуда. Өзендер жазықты учаскелерге шығуда аллювиальдық материалдың қалың қабаттары пайда болады. Ол кешендер ылғалмен жақсы қамтамасыздануына байланысты шалғынды кешендер қалыптасады, яғни рекрециялық көз қарастан бұл ұйымдастырылмаған, рекреациялық ресурс болып табылады.
Қаланың маңындағы таулы аудандарды рекреациялық объектілер ретінде өзендердің аңғарларын қолдануға болады. Таулы аудандардың жер бедерінің пішіндері барлық уақыт рекреанттар, әсіресе қала түрғындары үшін ең маңызды демалу объектілері болып табылады.
Таулы аудандардың ландшафттары адамның денсаулығын қалпына келтіруде теңіз жағасында демалуымен пара-пар. Шымкент қаласы маңындағы таулардағы климат жазда құрғақ болады, яғни апталық рекреация циклінде өте маңызды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |