1.2. Ауа райына агрометеорологиялық сипаттама жене оның зиянкестер мен аурулардың дамуына әсері
Шымкент қаласы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, ал кейбір авторлардың пікірі бойынша Қазығұрт таулары қоңыржай белдеуі мен құрғақ материктік субтропиктік белдеулер арасындағы маңызды климаттық шекара болып келеді.
Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.
Қаланың және оның маңындағы аумағының климатына маңызды әсер ететін ауа массалары басым осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады. Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым.
Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан аумағына солтүстіктен келетін трансформацияланған арктикалық ауа массалырының ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді. Солтүстік тарапынан қаланы Қаратау жотасы суық ауа массаларынан қорғайды.
Шымкент қаласында басым жергілікті циклогенез болуына байланысты жазғы және қысқы маусымда, мұнда таулы-аңғарлы желдер басым болады. Өтпелі маусымдарда ауа температурасының кескін өзгеруіне байланысты, жергілікті ауаның қозғалу жылдамдықтары кейбір кезде үлкен көрсеткіштерге жетеді, кейбір жағдайда оның көрсеткіштері 30 м/сек жетеді.
Жазғы маусымда қала аумағында Қызылқұм шөлінде орналасқан антициклонның ықпалы аса маңызды. Сондықтан, жазғы шілде және тамыз айларында тұрақты бұлтсыз, өте ыстық ауа райы орнатылады. Қала үстінде жазғы ауа райы орнатылуда тау-аңғарлы желдердің маңызы өседі, ауаның осындай қозғалуы, белгілі бір деңгейде желдің жылдамдығы көтереді, соның салдарынан жазғы маусымдағы желдің жылдамдығы қысқы маусымға салыстырғанда жоғары болады.
Қаланың термикалық режимі ауаның қозғалуына тәуелді, дегенмен, Қазақстанның басқа қалаларына салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналасқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады. Шымкент қаласының ауаның орташа температурасы төмендегі кестеде көрсетілген.
Қаланың территориясындағы термикалық режим рекреациялық көз қарастан демалу мақсатында өте жағымды. Мысалы ауаның жалпы жылдық орташа температурасы +12,6°C тең, ол дегеніміз, еліміздің облыс орталықтарының осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары болып келеді, мысалы, Алматы қаласында мұндай көрсеткіш +7,6°C, Астана қаласында +1,4°C, ал ең солтүстікте орналасқан Петропавл қаласы метеостанциясының көрсеткіші не бары +0,5°C тең. Демек, қаланың термикалық ресурстары қаланың рекреациялық ресурстары көз қарасынан көптеген жылусүйгіш декоративтік өсімдіктерді егуге болатындығын айқындайды. Сондықтан, Шымкент қаласындағы дендросаябақ Қазақстан Республикасында бірегейі болып табылады.
Ауа температурасы маусым бойынша режимі әр түрлі болып табылады, қысқы маусым салыстырмалы жылы болады, қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -1,5°C құрайды, кері температуралар тек ғана осы қаңтар және ақпан айында байқалады -0,3°C құрайды. Жылдың басқа айларында ауаның температурасы әлде қайда жоғары болады.
Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен салыстырғанда жазғы температуралар салыстырмалы жоғары емес, шілде айының орташа температурасы +26,5°C құрайды, ал осы айда Қызылорда метеостанциясының көрсеткіші +27,8°C тең. Жалпы жазғы айларында ауаның температурасы +20°C төмен болмайды.
2-Кесте.Қаланың жауын-шашын мөлшері және оның режимі
Достарыңызбен бөлісу: |