Карантин саласы бойынша агроном
|
13.03.1968
|
Жоғары- ҚазАШИ,
Жеміс-жидек және жүзім агрономы-1992 ж.
|
6
|
Агабеков Дилдабек Абдибекович
|
Жүргізуші
|
05.05.1967
|
Арнайы орта
|
1.1. Шымкент қаласына қысқаша физика-географиялық сипаттама
Шымкент қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстік аумағында орналасқан және территориялық аймақ бойынша Түркістан облысының Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандарымен шектеседі.
Шымкент қаласының табиғи-шаруашылық бағыты бойынша (суармалы егістігі дамытылған) тәлімі жер шаруашылығы басым таулы дала аймағына жатады.
Негізгі ауыл шаруашылығы мақсатындағы өндірісі – ірі қара мал шаруашылығы мен бидай, майлы дақылдар өндірісі. Қосымша бағыттары - сүт өндіру, жеміс-жидек, және бау-бақша өнімдерін өсіру және қайта өңдеу.
Шымкент қаласы аумағының барлық жер көлемі 116 280 га құрайды, оның ішінде 63124 га жер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалынады. Атап айтқанда, биылғы жылы егістік жер көлемі 26750,8 га құрады (2020 жылмен салыстырғанда 0,9 мың га немесе 3,7% артты).
Жер санаттары бойынша:
- Ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 63 124 га.
- Елді мекендердің жерлері 37 143 га,
- Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 6 258 га,
- Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 171 га,
- Орман қорының жерлері 4 330 га,
- Су қорының жерлері 1 520 га,
- Арнайы жер қоры 3 734 га.
Геологиялық-геоморфологиялық жағдайы.
Шымкент қаласы және төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегі жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |