Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « 06 » маусымдағы
№ 621 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің
2014 – 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы – Қазақстан Республикасы байланысының бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен инфрақұрылымын қалыптастыру, дамыту және орнықты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Пайымы – заманауи стандарттарға сай келетін және әлемдік ақпараттық кеңістікке толыққанды интеграциялауды қамтамасыз ететін дамыған, қолжетімді инфокоммуникациялық инфрақұрылым мен заманауи жалпыұлттық ақпараттық орта.
2. Ағымдағы жағдайды талдау және даму үрдістері
1. 1-стратегиялық бағыт. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметтерін ұсынуға бағдарланған заманауи технологияларға негізделетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметтерін, ақпараттық технологиялар өндірісін және инфрақұрылымын дамыту
1. Негізгі даму параметрлері
Ақпараттық қоғамға өту үшін жағдай жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласын дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл оның заманауи Қазақстанның экономикасы үшін маңызын көрсетеді.
АКТ саласы телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату қызметтері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы көрсетілетін қызметтер мен өндіріс салаларын қамтиды. Аталған саланы дамыту соңғы онжылдықта бүкіл әлемде байқалатын байланыс технологияларының кіруімен, ақпараттық технологиялардың таралуымен өзара байланысты.
Аталған саланы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) алдында елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны тұтыну мен қолдануды және оның жергілікті қамтылуын айтарлықтай ұлғайту міндеті тұр.
Жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға АКТ қызметін ұсыну, телерадио хабарларын таратудың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сондай-ақ жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейін арттыру телекоммуникация саласының үрдістері болып табылады.
Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерін дамыту озыңқы қарқынмен іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес 2013 жылы Қазақстан тұрғындарының 71,1 %-ы Интернет желісін пайдаланушылар болып табылады.
Телекоммуникация саласын дамытудың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының тұрғындарын CDMA/EVDO, FTTH, 3G және 4G сияқты заманауи технологияларды пайдалана отырып, Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Телекоммуникация саласын дамыту бойынша жүргізілетін іс-шаралар кестеде келтірілген көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
№
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
1
|
Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы*
|
100 тұрғынға
|
24,8
|
25,8
|
26
|
26,1
|
2
|
Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы*
|
100 тұрғынға
|
124
|
127
|
180,1
|
177,0
|
3
|
Интернет пайдаланушылардың тығыздығы*
|
100 тұрғынға
|
31,6
|
50,6
|
61,9
|
71,1
|
4
|
Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі
|
%
|
92
|
95,5
|
97,3
|
98,2
|
Ескертпе:
* ҚР Статистика агенттігінің 2013 жыл бойынша жедел деректеріне сәйкес
«OTAU TV» спутниктік хабар тарату желісі 2011 жылғы 18 қаңтарда пайдалануға берілді және республика аумағын 100 % қамтуды қамтамасыз етеді.
2012 жылдан бастап цифрлық эфирлік теле хабарларын тарату Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтары мен оларға іргелес жатқан елді мекендерде және Маңғыстау облысында пайдалануға берілді. Айталық,
2013 жылдың соңына қарай халықты цифрлық эфирлік теле хабарларын таратумен қамту 51 %-ды құрады. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуда облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларының деңгейінде
30 телеарнаға дейін, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде 15 телеарнаға дейін трансляциялау көзделген.
2016 жылдың соңына қарай эфирлік цифрлық хабар тарату желісі халықтың 95 %-ына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, барлық шекара маңындағы және ішкі аумақтарды қамтитын болады.
Почта байланысы саласында көрсетілетін қызметтер нарығындағы негізгі өнім беруші ұлттық оператор болып табылатын «Қазпочта» акционерлік қоғамы болып қалуда. Қызмет көрсетуді еліміздің барлық аумағын қамтитын 3295-тен астам почта байланысының бөлімшелері/пункттері жүзеге асырады.
Почта байланысы бөлімшелерінің тармақталған желісінің арқасында жеке және заңды тұлғаларға почта қызметтерін, электрондық сауданы, көліктік-логистикалық қызметтерді ілгерілетудің бірегей мүмкіндігі жасалуда.
Ақпараттық жүйелердің аппараттық-бағдарламалық құралдарының жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына хостинг қызметін ұсыну үшін деректерді өңдеу орталығының инфрақұрылымы құрылуда.
2013 жылы 7 деректерді өңдеу орталығы Талдықорған, Шымкент, Көкшетау, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында пайдалануға берілді.
2014 жылы Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл, Тараз қалалары бойынша 6 деректерді өңдеу орталығын пайдалануға беру жоспарланған.
Ақпараттандыру және әлемдік қоғамдастықтың тұтастыққа қозғалысы жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілігі жоғары, кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігі бар. Заманауи қоғам шет елдермен ынтымақтастық аяларының кеңеюі жағдайларында мамандардың кәсіптік даярлық деңгейіне жоғары талаптар қояды, сондай-ақ жаңа коммуникация құралдарының пайда болуына байланысты басқа елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі ерекше өзектілікке ие бола түсуде.
Бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері еңбек нарығын және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, тарифтік жүйелер құруға, еңбекақы төлеу жүйесінің ашықтығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Бұдан басқа, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Жобаларды басқару», «Математикалық компьютерлік үлгілеу» мамандықтары бойынша магистратурада оқыту жүргізілуде; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша PhD докторантуралары ашылды. Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындарының арасынан Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті үшін қосымша шетелдік әріптестердің іріктелуі жүргізілуде.
2011 жылы екі R&D зертханасы ашылды. Біреуі – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында (open source) және екіншісі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында (ақпараттық технологиялар). Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Радиоэлектроникалар және телекоммуникациялар зертханасы», «Microsoft зертханасы», «CISCO зертханасы», «3Д графиктері мен анимацияларының мультимедиалық зертханасы», «Ғылыми зерттеу зертханасы», «Apple Training Centre зертханасы» қосымша жұмыс істеуде, робот техникасы зертханасына ерекше көңіл бөлінуде. Дәл осы робот техникасы өндірісте, ауыл шаруашылығында, күнделікті өмірде, тұрмыстық қызметтерде, медицинада, салауатты өмірді ұйымдастыру мен басқа аспектілерде өндірістік қуаттылықтарды автоматтандырудың соңғы үдерістерін қамтиды.
Сондай-ақ, «Зерде» ҰАХ» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен бірлесе отырып, Зерттеу зертханасы орталығының базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуде. 2013 жылы «Бұлыңғыр технологиялар», «Мобильді технологиялар», «Электрондық үкімет» архитектурасының зертханасы», «Үлкен деректер зертханасы» зертханалары ашылды.
Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығының (бұдан әрі – ІТ) құрылымында ІТ-жабдығын өткізу секторы жалпы көлемде үстем болып табылады, бұл қазақстандық қоғамды ақпараттандыру процесін сүйемелдейтін компьютерлерге, желілік және перифериялық компьютерлік жабдықтарға жоғары сұраныстың көрінісі болып табылады.
2012 жылы «Зерде» ҰАХ» АҚ пен «Қазақтелеком» АҚ,
«Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ ірі қазақстандық коммуникациялық компаниялардың қолдауымен Инфокоммуникациялық технологияларды дамытудың корпоративтік қоры (бұдан әрі – Қор) құрылды. Қордың негізгі мақсаты инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыруға және отандық АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделеді. Қор өз қызметін 2 бағытта жүргізеді: бастапқы кезеңінде стартап-жобаларға инвестициялар салу арқылы АКТ саласындағы стартап-жобаларды мейлінше үдету, сарапшылық қолдау көрсету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ Астана экономикалық форумының шеңберінде жыл сайынғы «ASTEX» салалық көрме конференциясын өткізу.
Қазақстан Республикасында АКТ-ні табысты дамыту үшін маңызды аспект мемлекеттің саланы дамытудың жоғарыда көрсетілген институттарын құруы болып табылады.
Барлық орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволық комитеттерінде, сондай-ақ облыстар әкімдерінің 16 аппаратында Мемлекеттік органдардың интранет-порталы ақпараттық жүйесі әзірленді. 40 000 астам мемлекеттік қызметші тіркелді.
Мемлекеттік органдардың интранет-порталы заманауи технологияларды қолдана, пайдаланушыларды толық, жедел және пайдалану үшін қолайлы ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық өзара іс-қимыл жасауының тиімді тетігі ретінде құрылды.
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде қайталауды жоя отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Премьер-Министрінің өкімдері, заң жобалары) келісуді (қол қоюды) ескере отырып, Мемлекеттік органдар интранет-порталының «Нормативтік құқықтық актілерді келісу» модулі пысықталды.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы құрылды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының 2 134 322 тіркеу куәлігі берілді.
Электрондық цифрлық қолтаңба технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың арасында заңдық маңызы бар электрондық құжат айналымын жасау мақсатында Мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығы құрылды.
2013 жылы Мемлекеттік органдар куәландырушы орталығының
31 573 тіркеу куәлігі берілді.
Мемлекеттік органдар куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде, Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және мемлекеттік органдар электрондық құжат айналымының ведомстволық жүйелерінде пайдаланылады.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру тетіктерінің бірі «бұлыңғыр есептеулерді», АКТ-аутсорсингін пайдалануға көшуге және тапсырыстарды шоғырландыруға негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемдік практика деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдандыру және «Бұлыңғыр есептеулер» модельдерін кеңінен қолданады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді виртуалдандыру және «бұлыңғыр есептеулер» технологияларын енгізу басталды.
2010 жылы мемлекеттік органдардың серверлік орталығы пайдалануға берілді, оның базасында 2011 жылдан бастап хостинг қызметтері (серверлік жабдықтар үшін тұрақ орындарды жалға беру) ұсынылады, есептеу ресурстарын орталықтандырып ұсыну үшін виртуалдандыру технологиясын қолдана отырып, шоғырландырылған есептеу алаңы іске қосылды.
2013 жылы мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы 145 тұрақ орынның 117-сі бос емес.
Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі сияқты ірі мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік органдардың серверлік жабдықтары сақталуда.
Сондай-ақ «бұлыңғыр» есептеулердің базасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай почталық жүйесі» жобасы іске асырылуда.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай почталық жүйесі мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасудың қорғалуын, ұйым ішінде пайдаланушыларға хат-хабарлардың кепілді жеткізілуін, сондай-ақ қауіпсіздік саясатына қайшылықтар болмаған жағдайда, сыртқы желілерге хабарламалардың кепілді жіберілуін қамтамасыз етеді.
2013 жылы Мемлекеттік органдардың бірыңғай почталық жүйесіне
44300 мемлекеттік қызметші қосылды (40 мемлекеттік орган),
2014 – 2015 жылдары барлық мемлекеттік органдарды қосу жоспарлануда.
Шешімдерді қабылдау жеделділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мобильдік кеңсесі» жобасы іске асырылды.
Үкіметтің «Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінің мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік холдингтер басшыларының бірлескен жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ бірыңғай мобильдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.
Бүгінгі күні Үкіметтің «Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне басшылық құрамның, сондай-ақ кеңесшілер мен көмекшілердің шамамен
300 пайдаланушысы қосылған.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан Республикасының аумағы үлкен және халқының тығыздығы төмен, бұл ретте халықтың жартысына жуығы ауылдық елді мекендерде тұрады. Байланыс операторлары үшін халық аз тұрақтанған өңірлерге кәбіл жүргізу қымбатқа түседі және кіріс әкелмейді, бұдан басқа көптеген өңірлерде телефон желісі Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бейімделмеген.
Бұдан басқа, нарықта АКТ-мамандарының жетіспеушілігі байқалуда. Кадрларға қажеттілік ұсыныстан 6,1 %-ға жоғары. Нарықтың болжамды өсуін және ЖОО мен арнайы орта оқу орындарының жас мамандарды даярлаудың қазіргі қарқынын ескере отырып, бұл жетіспеушілікті кадрларға қажеттілік ұсыныстан 16,8 %-ға жоғары болатын 2017 жылы да жою мүмкін болмайды.
Осылайша, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі проблемалар:
-
үй шаруашылықтарының Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен толық қамтылмауы;
-
жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасында өзара байланыстың болмауынан АТ саласында кадрлар даярлау қажеттілігі туралы деректердің болмауы болып табылады.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Ішкі факторлар:
1) Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін қоса алғанда, телекоммуникация саласын дамыту радиожиілік спектрінің шектеулі ресурстарын, нөмірлеу ресурсын пайдаланумен тікелей байланысты.
Айталық, ұялы байланыс (3G, 4G) қызметтерін ұсыну үшін операторлар заңнамада белгіленген тәртіппен нөмірлеу ресурсын және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты, ал тіркелген телефон байланысының қызметтерін ұсыну үшін нөмірлеу ресурсын алуы қажет. Технологиялық жағынан аталған ресурстарды пайдаланбай, ұялы және тіркелген байланыс желілерінің жұмыс істеуі мүмкін емес;
2) Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту уақтылы қаржыландыруға тікелей байланысты. Қаржыландыру мерзімдері ұзартылған жағдайда, жобаның аяқталу мерзімі де неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады. Бюджет қаражатын уақтылы бөлу Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамытуға оң әсерін тигізеді.
Сыртқы факторлар:
-
АКТ саласының импортқа жоғары тәуелділігі АКТ саласындағы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстанның АКТ секторының дамуы импортқа өте жоғары тәуелділікте, бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді. Кеден одағына кірумен және ДСҰ-ға жоспарланатын кіруге байланысты Қазақстан жуық арада бұлыңғыр есептеу саласында меншікті стратегиясын әзірлеуге кіріспесе және меншікті перспективалық әзірлемелерді қаржыландыруды бастамаса, қазіргі импорттаушы және шетелдік АТ-инновацияларды пайдаланушы мәртебесінің одан әрі бекітілу тәуекелі бар.
2. 2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету, техникалық сүйемелдеу процестерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, оның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар мен тетіктер жасау
1. Негізгі даму параметрлері
Бүгінгі күні IT ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарындағы «жолсерік» «электрондық үкімет» болып отыр.
Осыған байланысты мемлекеттік органдарда ІТ-ны қолдану бірінші кезекте халыққа және бизнеске электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:
-
орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивтік қызметтер көрсетеді (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивтік сауал салу және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшу жүзеге асырылуда;
-
«электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, оның шеңберінде 20-дан астам ІT-жоба өнеркәсіптік пайдалануға берілді;
-
«электрондық үкімет» архитектурасын құру және эталондық модельдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта қызметтің 21 бағыты (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, БАҚ, халықаралық қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, байланыс және почта қызметтері, көлік және коммуникация, білім беру, азаматтық, көші-қон және көшіп келу, өнеркәсіп, әділет, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, ғылым мен инновациялар, қаржы және экономикалық даму, сауда, спорт және туризм, энергетика және отын) бойынша эталондық модельдерді толтыру жүргізілді;
-
мүдделі мемлекеттік органдардың түгелдей «ақпараттық қоғам» қалыптастыру үшін «электрондық үкіметті» қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуі нәтижесінде «электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы электрондық нысанда 570 интерактивтік және транзакциялық қызметтер, олардың қатарында «электрондық үкімет» порталының 195-тен астам мемлекеттік қызметі, электрондық лицензияның 81 түрі мен 294 рұқсат беру құжаты көрсетіледі.
2012 жылы Қазақстанның қалалары мен аудандарында «электрондық үкімет» және «электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Айталық,
2012 жылы – 67 000 адам, 2013 жылы – 61 500 адам оқытылды.
2013 жылы электрондық құжат айналымының көлемі жалпы құжат айналымының 67,3 %-ын (3 200 331 құжаттың 2 153 768-і) құрады. Электрондық құжат айналымының көлемі бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты 38 орталық мемлекеттік орган мен 16 жергілікті атқарушы органның қызметкерлері Мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оны іске асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыруды және оларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстыруды реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді:
-
«Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы № 624 қаулысы;
-
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 797 қаулысы;
-
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 799 қаулысы;
-
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысы;
-
«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысы;
-
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы;
-
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 487 бұйрығы.
Бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚО) жұмысын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
ХҚО-да 171 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні ХҚО-ға құжаттарды ұсыну кезінде құжаттардың 19 түрі алынып тасталды.
Сондай-ақ халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және «электрондық үкімет» порталын танымал ету мақсатында ХҚО барлық облыстық филиалдарында, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Астана және Тараз қалаларының Мамандандырылған ХҚО-ларында «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді. 2013 жылы 1 млн. астам консультация көрсетілген, 413 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бөлігінде ХҚО-ның қызметін мониторингтеу мақсатында on-line режимінде ХҚО қызметіне бейнемониторингті қамтамасыз ететін Ахуал орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Бұдан басқа, орталықтың жұмыс істеуі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауды жүргізуін, ведомстволық бағынысты мекемелермен бейнеконференциялар мен кеңестер өткізуге, барлық өңірлердің ХҚО қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Орталық жұмысының арқасында ХҚО кінәсі бойынша 20 минуттан астам күту уақыты 92 %-ға қысқартылды, ХҚО кінәсі бойынша 20 минуттан астам ресімдеу уақыты 17 %-ға қысқартылды, «нашар» деген баға 44 %-ға қысқартылды.
Бүгінгі күні 259 ХҚО жаңғыртылған. Еліміз бойынша барлық ХҚО-да қазірдің өзінде азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидаты енгізілген. ХҚО-ны жаңғырту шеңберінде жаңа бизнес-процестер, мониторинг және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау іске асырылды, бірыңғай электрондық кезек енгізіліп, балалар алаңдары жабдықталды.
Электрондық үкімет бұрыштары ашылған, онда азаматтар egov.kz порталының қызметтерімен танысып, электрондық цифрлық қолтаңба ала алады.
Ұйымдастырушылық міндеттерді шешу мақсатында өткізілетін «Мystery shopping» зерттеу әдісін пайдалана отырып, тұрақты негізде тексерулер, мысалы ұйымдағы қызметкерлердің клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын сақтауының деңгейін өлшеу жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулер қорытындылары бойынша халықтың ХҚО қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейі 2010 жылы – 65%-ды;
2011 жылы – 76%-ды; 2012 жылы – 81,6 %-ды, 2013 жылы – 82%-ды құрады.
Автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру мәселелерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына беру, сондай-ақ 2012 жылы Алматы, Астана, Ақтау және Қарағанды қалаларында пилоттық жобаларды іске асыру көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында мамандандырылған ХҚО ашу жөнінде жұмыс жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні Қарағанды, Алматы, Ақтау, Астана және Тараз қалаларында мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Сондай-ақ 2015 жылға дейін жүргізуші куәліктерін беру және автокөлік құралдарын қайта тіркеу бойынша мамандандырылған ХҚО-ларды республиканың қалған қалаларында да ашу жоспарлануда: 2014 жылы – Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Талдықорған, 2015 жылы – Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру есебінен халық ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды, қажетті мәліметтер тартылған мемлекеттік органдардың деректер қорларынан электрондық нысанда алынатын болады.
Агенттік 16 мемлекеттік қызметті, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметті баламасыз электрондық нысанда, 6-ын – электрондық/қағаз және 5-ін – қағаз жүзінде көрсетеді. Қазіргі уақытта 3 мемлекеттік қызмет ХҚО-да көрсетіледі.
2014 жылы ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылауына Агенттіктің тағы 12 мемлекеттік қызметін шығару жоспарлануда.
Бұдан басқа, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Агенттік мемлекеттік деңгейде компьютерлік инциденттерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымына интеграцияланатын ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу есебінен реттеуде.
Қазіргі уақытта веб-хостинг қызметтеріне сұранысты, деректерді бастапқы және резервтік сақтауды және сыртқы нарықтарға кезең-кезеңмен шығуды қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарын (бұдан әрі – дата-орталықтар) дамытуды жандандыру қажет. Дата-орталықтары инфрақұрылымының болуы «Қазнетті», электрондық коммерцияны, электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту үшін негізгі шарт болып табылады.
Мемлекетаралық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзі
(бұдан әрі – ҚР ҰШ) мен Қазақстан Республикасының Сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СҮТ) құрылып, тәжірибелік пайдалануға берілді.
ҚР ҰШ пен ҚР СҮТ одан әрі дамыту және өнеркәсiптiк пайдалануға беру шеңберінде Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК) Ұлттық шлюздерімен және Сенім білдірілген үшінші тараптарымен интеграциялану қажет.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі күні таяудағы перспективада шешуді талап ететін бірқатар негізгі проблемалар бар.
Бірінші кезекте мемлекеттік дерекқорларда олардың құрылған кезеңіне дейін тарихи деректердің жоқ екенін, сондай-ақ қате/өзекті емес мәліметтердің болуын атап өту қажет. Бұл ретте, көрсетілген дерекқорлардың ақпараттық қауiпсiздiгі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген немесе мүлдем жоқ.
Екіншіден, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға ауыстыруға бастаманың болмауы. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдарда автоматтандырылған жүйелерді енгізу нәтижесіне қызығушылық танытпайды. Бұл уәкілетті адамдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оны «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетудің артықшылықтарын түпкілікті түсінбеуіне және бағаламауына байланысты.
Үшіншіден, мемлекеттік мекемелерде және халықта компьютерлердің жетіспеушілігі, бұл өз кезегінде әзірленген ақпараттық жүйелерді тиімсіз пайдалануға, халықтың электрондық көрсетілетін қызметтермен және сервистермен төмен қамтылуынан жаңа жүйелерді әзірлеу рентабельділігінің төмендеуіне әкеп соғады.
Осылайша, электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамытуды тежейтін негізгі проблемалар:
-
мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерінің, ақпараттық жүйелері мен ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;
-
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін автоматтандырудың төмен қарқыны;
3) хостинг қызметтерін көрсету үшін дата-орталықтар инфрақұрылымының дамымағандығы;
4) мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысының нашарлығынан туындаған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорларда тарихи деректердің болмауы және/немесе өзекті емес деректердің болуы;
5) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету процесіне тартылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-техникалық құралдары жұмыс істеуінің төмен сапасы болып табылады;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының Ұлттық шлюздерімен интеграциялаусыз өндірістік пайдалануға енгізу мүмкін болмай отыр, өйткені Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасы мен ЕЭК-тің Ұлттық шлюздері мен Сенім білдірілген үшінші тараптары интеграцияға дайын емес.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Ішкі факторлар:
1) халықтан талап етілетін құжаттардың тізбесін және көрсету мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, сондай-ақ халық тарапынан Үкіметке деген сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту;
2) инфокоммуникация саласында оқыту қызметіне сұранысты тұрақты арттыру – IT-саласындағы білікті кадрларды қалыптастыру. Бұл кадрлық әлеуетті және отандық АТ – нарығының бағдарламалық өнімдерін дамытуға, сондай-ақ тұтастай алғанда АТ саласының өзін дамытуға әсер етеді;
3) электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен «электрондық үкіметті» ілгерілету, нәтижесі – халық арасында электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді танымал ету. Халық тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуына, порталды пайдаланушылар санының ұлғаюына, сондай-ақ «электрондық үкімет» көрсететін мемлекеттік қызметтердің танымалдылық деңгейінің артуына ықпал етеді;
4) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен мерзіміне әсер ететін ақпараттық жүйелердің техникалық істен шығуларының болуы, сондай-ақ электр энергияның берілуіне, байланыс арналарымен қамтамасыз етілуіне, ХҚО жұмысын тұралатуға қабілетті өзге де факторларға тәуелділігі;
5) ХҚО кадрларының тұрақсыздығы – біліктілік деңгейінің төмендеуі, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына кері әсер етеді.
Сыртқы факторлар:
1) ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға ілгерілеу, «электрондық үкіметтің» дамуына оң әсер етеді;
2) өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ақпараттық жүйелерінің хостингі үшін серверлік тұғырнамаларды дамыту серверлік тұғырнамалардың дамуына оң әсер етеді;
3) «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және дайын құжаттарды беру бойынша барлық функцияларды ХҚО-ға беру жұмысының аяқталмауы және аталған мән-жайдан туындаған мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде уәкілетті органдар үшін жекелеген аймақтар құрудың қажеттілігі ХҚО-лар жұмысына теріс әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |