Бқ = ҚКШ + К х А х Ку
Мұндағы ҚКШ- жер қойнауындағы қорлардың 1 тоннасын барлауға шығатын қоғамдық керекті шығындар;
К- кіріс, жер қойнауындағы қорлардың 1 тоннасынан алынған өнімді сатудан түсетін пайда;
А- кен орнын зерттеу мен игеруге кететін жалпы капиталдық салымдардың ішіндегі гео-барлау жұмыстарының үлесі;
Ку- уақыт факторының ықпалын есептейтін коэффицент.
Кен орындарының экономикалық бағалауында негізгі және қосымша компоненттер мен олармен бірге орналасқан пайдалы қазбаларының неғұрлым толық және кешенді қолданылуына назар аудару керек.
Кейбір авторлар кен орындарын бағалауда соңғы өнім бағасын көтерме бағамен осы өнімге тұйықталған шығын көрсеткішімен есептейді. Ал кен орындарын экономикалық бағалаудың негізгі көрсеткіші берілген минералды шикізат түрінен алынған соңғы өнім және оны алуға кеткен шығындармен анықталады.
Пайдалы қазбалар орындарын экономикалық бағалаудың әдістемесі бағалаудың басқарушы критерийі негізінде көлемін қолдануды қалайды. Ол негізінде дифференциалды рента мөлшерін анықтайды. Көрсетілген критериймен бірге қазіргі уақытта практикада қолданылатын басқа да критерийлер бар. Әрбір уақыт бөлінгенде берілген минералды шикізаттан алынған өнім қорының көбеюіне бағытталған қоғамдық ақталған шығыс шегі бар. Қоғамдық ақталған шек-тұйықтаушы шығын деп аталады.
Табиғи қорлардың экономикалық бағалануы берілген өнімнің сәйкес табиғи қордың бірлігіне есептелген тұйықтаушы және фактілік шығындар арасындағы әртүрлілікпен анықталады. Бұл айырмашылық берілген қор әкелген дифференциалды рента болып табылады. Таулық дифференциалдық рента тұйықтаушы шығын көрсеткішіне қарағанда өнімді болып табылады. Тұйықтаушы шығындар қолайлы таулы-геологиялық шарттардағы, бірақ мықты әрі техникамен қамтамасызданған жобаланған кәсіпорындар шығынына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |