Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Минералды шикізат қорларының қолданылу шарттарын



бет18/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Минералды шикізат қорларының қолданылу шарттарын


анықтау
Шарттар пайдалы қазбалардың сапасымен көлемінің табиғи көрсеткіштерінің шекті параметрлерімен көрінеді.Сонымен қатар арнайы таулы-техникалық және географиялық-экономикалық шарттарда пайдалы қазбаның алынуымен өңделуіне кететін шығындар халықшаруашылығындағы белгіленген шекті шығындардан аспайтын таулы- геологиялық шарттар да қамтылады.

Уақытша және тұрақты шарттар бар:



Уақытшалары қорлардың оперативті есептеулері үшін қолданылып, жаңа кен орнының алдын ала барлануынан кейін жасалынады. Толық геологиялық барлау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрақты шарттар жасалады. Тұрақты шарттар пайдалы қазбалар қорларының есептелуімен бекітілуі үшін немесе қайта бағалау үшін қолданылады.

Бекітілген тұрақты шарттар негізінде қорлар балансты болып бөлінеді. Олардың өңделуі халық шаруашылық позициясы тұрғысынан тиімді болып табылады. Тау-кен өндірісіне техникалық прогрестің енуімен қатар, техникалық шарттармен стандарттардың өзгеруі, шарттардың жаңа бағаларының енуі де қайта қаралады. Шарттардың бекітілуінде шаруашылықтың қызығушылығын назарға алып, олардың негізделуін кен орындарының экономикалық бағалануы базасында жасау керек. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар қорын өңдеуден бас тартуға осы шығындардан асып түсетін экономикалық эффект пайда болып, байлықтарды қорғау әрекеті бұзылмаса болады. Пайдалы қазбалар орындарына арналған шарттар келесі параметрлерге негізделеді:



  1. Күрделі құрылымды пласттардағы пайдалы қазбалармен бірге алынатын жыныс қабаттарының максималды қуаттылығы;

  2. Көмірдің максималды табиғи күлділігі немесе алынатын рудалық қорлардағы зиянды қоспалардың максималды орташа мөлшері;

  3. Рудалық денелер мен көмір пласттарының және кен орнының күрделі құрылысы кезінде олардың өзінен-өзі өңделінетін бөліктерінің минимальды қуаттылығы;

  4. Минимальды өндірістік мөлшер – бұл руданың құрамындағы металдың ең кіші орташа мөлшері, бұл кезде берілген кен орнын, учаскені, блокты пайдаланудың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ете отырып, өндірістік мөлшер бүкіл кен орнын пайдаланудың үнемділігін кепіл етеді.

Пайдалы компоненттердің борттық мөлшері тау жыныстарымен анық байланысы жоқ, рудалық денелердің баланстық қорларын жіктеу үшін пайдаланылады.

Борттық мөлшер – қорларды санау блогін шектейтін қырлық пробалардағы пайдалы компоненттің минимальды мөлшері басқаша айтқанда, борттық мөлшер – бұл игеру мен өңделуге кететін шығындарды, көтерме баға бойынша өткізуден келетін кіріс арқылы өтелінетін пайдалы компоненттердің минимальды мүмкін мөлшері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет