Әдебиеттер: {2}, {11}, {12}, {13}, {20}, {23}, {25}
ТАҚЫРЫП 5. ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Лекция жоспары:
Дүние жүзі мен Қазақстанның жер ресурстары, олардың сапалық сипаттамасы
Жер ресурстарын қорғау, жақсарту және тиімді пайдалану проблемалары
Ауылшаруашылық жерлердің ерекшеліктері мен экономикалық бағалану әдістері
Дүние жүзі мен Қазақстанның жер ресурстары, олардың сапалық
сипаттамасы
Біздің планетамыздың жалпы ауданы 510 млн.км², оның көп бөлігін – 361 млн.км² су алып жатыр, ал құрлыққа 149 млн.км² ғана тиеді. Құрлықтың 3/1 бөлігі -51 млн.км² ауылшаруашылық үшін пайдаланылады, оның ішінде - 15 млн.км² жыртуға (бүкіл құрлықтың 10%), 36 млн.км² жайылымдар мен шалғындар үлесіне келеді.
Өнеркәсіптің дамуы, қалалардың инфрақұрылымдары жердің көп бөлігінің ТЭС, тұрғын үй, транспорттық коммуникация және т.б. үшін қолданылуына әкеледі. Сонымен қатар көп аудандардың су және жел
эрозиясымен бүлінуі, шаңды дауылдардың пайда болуы, жыралардың қалыптасуы, жерлердің батпақтануы жер ресурстарының жоғалуына әкеліп, олардың құнарлығын төмендетеді.
Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылық жерлер ауданы қысқаруда. АҚШ-та ол 540 млн.га-дан 492 млн.га-ға, Францияда 39-дан 35 млн.га-ға, Италияда 22-ден 20 млн.га-ға қысқарды.
Қазіргі уақытта әрбір тұрғынға орташа 0,28 га жыртылған жерден келеді. Кейбір елдерде АҚШ-та 0,68, Қытайда- 0,16, Жапонияда- 0,04 га жерден келеді.
Ауылшаруашылық жерлердің жетіспеуін оларды интенсивті пайдаланып, түсімді арттыру арқылы қалпына келтіруге болады. Қазақстан үлкен жер ресурсына ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы үлкен 223 млн.га жер немесе бүкіл территорияның 83% қолданылған, 35 млн.га жыртуға, 179 млн.га жайылымдармен шалғындар ретінде пайдаланылған.
Қазақстан жері көп болғанмен, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру үшін климаттық жағдай мен жер құнарлылығы жақсаруды тілейді. Қара топырақты жерлері республиканың Солтүстік пен Солтүстік-Батысында жіңішке жолақ бойында орналасқан, бұнда температуралық жағдайлар мен атмосфералық жауын-шашын тұрақты түсім алуға мүмкіндік береді. Шығыс, Батыс және орталық аудандар жиі қайталанатын құрғақ жаздары үшін жер шаруашылығымен айналысуға қауіпті. Республиканың Оңтүстік бөлігі шөл және шөлейт зоналарында орналасқандықтан онда тек суармалы егіншілікпен айналысады.
Ауыл шаруашылық емес қажеттіліктерде жыл сайын 18-20 мың га жыртылған жер пайдаланылады.
Қазақстанның түрлі зоналары мен облыстарына арналған ғылыми- негізделген жер шаруашылығы жүйесі өңделген, бұның құрамына ауыспалы егістік, топырақты өңдеудің алдыңғы тәсілдері, зиянкестер мен арамшөппен күрес органикалық және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану енеді. Өкінішке орай, соңғы кездері (15-16 жыл) жерге деген қатынас, агротехниканы сақтау, ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру, олардың зиянкестерімен күрес нашарлап кетті. Осының салдарынан, жыл сайын егін
түсімділігі кеміп, егістіктерге арамшөптер өсуде және т.б.
Қазақстандағы дәнді-дақылдарды өсіру жағдайы түзелу керек. Дүние жүзіндегі жылдық бидай жетіспеушілігі 50 млн тонна екенін есепке ала отырып, Қазақстанның тұрақты бидай экспорттаушы шет елдер қатарына ене алатынын айтуға болады. 13-15 млн га егістік ауданына ие бола отырып, жыл сайын 15-18 млн тонна бидай жинау арқылы оның экспортынан көп пайда табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |