Ағаш шикізатын, қалдықтарын кешенді пайдалану, оның бүкіл әлемдік экономиясы тек қана табиғи қорлардың ең бағалыларының бірін тиімді қолдануды өсіріп қана қоймай, ұтымды пайдалану нәтижесінде, қоршаған ортаны жақсартып, орманның санитарлы жағдайын жақсартып, өрт қаупін азайтады. Тек қана шынғындық нормаларды 1%-ға азайту. 100 мың м³ ағашты үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған қарағанда, қорлардың экомикалық бағалануы орманның өндірілуіне арналған қоғамдық қажетті шығындар арқылы жүргізілуі тиіс. Өнім бірлігін алуға арналған қоғамдық қажетті және индивидуалды шығындардың арасындағы айырмашылық негізгі бағалау көрсеткіш болып табылатын дифференциалды рентамен сипатталады. Негізгі құрама бөлік болып орман жағдайын көрсететін , олардың функционалды бағытталуымен халық шаруашылық маңызын, орман қорларын пайдалану дәрежесін сандық және сапалық көрсеткіштерден тұратын ормандардың экономикалық бағалануы болып табылады. Орман қорларының барлық түрін бағалау әдістері толық жасалмаған, сондықтан да орманды экономикалық бағалау тек оның бір ғана қоры –ағаш арқылы жасалады. Орманды ағаш алу үшін өңдеу кезінде, ағаш құны понетті төлем бойынша бағаланады – орман таксасына сәйкес келетін сома түрінде, яғни бұл дифференциялды рентаның негізі болып табылады. Понетті төлемнің маңызды функциялары есептеу және бағалау, сондай ақ шабылып жатқан орманнан ағашты өңдеу мен шығаруды қалыпқа келтіру. Понетті төлем қазіргі кезде орман шаруашылығын жүргізуге кететін шығындардың 50 ын ғана жабады. Потентті төлем үлесі (1 м³ ағаш үшін таксаның мөлшері) негізгі әзірлеу аудандарында аз орманды аудандарға қарағанда 3,5 есе аз. Орман таксаларының төмен деңгейі орман өнімдеріне көтерме бағаның төмендеген деңгейін анықтайды. Бұл кәсіпорындардың ағаштарды толық және ұтымды пайдалануына қызығушылықтарын тудырмайды. Орман қорларының бағалау салалары ішінен орманды кадастрлы бағалауды атап өткен жөн, мұнда орман қорлары потенциялының күңгірт өлшеуіш ретінде ағаш алудың негізгі обьектісі болып табылатын
орман ауданын қолдану ұсынылады. Дифференциялданған құндық бағалау экономикалық – географиялық және орман шаруашылығы шарттарына тәуелді жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |