Су көздерінің латануына байланысты, жоғалтылған өнімді қайта өндіру шараларын өткізу үшін қажетті шығындардың мөлшері суаттардың ластану деңгейіне және оны төмендетудің керекті дәрежесіне тәуелді.
Су көздерінің ластануынан келетін зардаптар деп халық шаруашылығындағы шығындарды, су көздерінің түрлі суды пайдаланушылармен ластануының салдарынан пайда болатын еңбек және материалдық қорлар шығындарын, және тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларының нашарлануын айтуға болады. Көріп отырғандай, шығынды анықтауды, ол экономикалық та, әлеуметтік− гигиеналық та жағынан бағалануы керек. Экономикалық бағалау кезінде құндылық бағасы бар шығын түсінігі халық шаруашылығының салаларында түрліше.
Коммуналды және өндірістік сумен жабдыөтауда табиғи сулардың нашарлауы су қоймасының басқа жерге ауыстыруымен немесе күрделірек жүйелерді және суды тазартатын қондырғыларды құрып салумен жабдықтау
жүйелерімен байланысты шығындарға әкеліп соқтырады;
Ауыл шаруашылығында алдын ала тазартылмаған ластанған су көздерінен алынған суды пайдаланған кезде мал және құс өнімділігі төмендейді, мал ауруға шалдығып, өлімге ұшырайды, жер қыртысы тұзданады, ауыл шаруашылық дақылдардың астық өнімділігі төмендейді. Барлық шаруашылығында су көздерінің ластануынан балықтар өледі. Тағамдық азық
– түлік ретінде тауардың сапасы төмендейді суаттардың өнімділігі азаяды және т.б.
Зиянның әлеуметтік – гигиеналық бағалануы кезінде су көздерінің сауықтырғыш, спорттық
Және эстетикалық құндылығының төмендеуінен пайда болатын шығындар есепке алынады. Су көздерінің ластануы адамдарды ауруға шалдықтыруы мүмкін немесе қоршаған ортаның эстетикалық түйсігі мен гигиеналық жағдайларын нашарлататын зиян әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта су көздерінің ластануына байланысты әлеуметтік сектордағы зиянды бағалаудың көпшілікке танымал әдісі жоқ.
Шығындардың орнын толтыруға жұмсалған қаражаттар бір жылғы салымдарда, ағымдағы шығындар түрінде болуы мүмкін, сондықтан да оларды салыстырмалы түрде келтіру келтірілген шығындар формуласымен жүзеге асады. Келтірілген шығындар ағымдағы шығындар мен капиталды салымдар саласын білдіреді, ал бұлар бірдей шамада эффектіліктің нормативті коэффицентіне сәйкес келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |