КІРІСПЕ
Лекция жоспары:
Табиғи қорлар және экономикалық даму
Курсты оқудың түсініктері, мақсаты және міндеті
Табиғи қорлар экономикасының басқа да жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Табиғи қорлар және олардың жіктелуі. Табиғи қорларды пайдаланудағы негізгі принциптер мен заңдылықтар
Қазіргі кезеңдегі шаруашылықты дамытудың басты ерекшелігі – экономика мен экологияның тиімді жақтарын тығыз байланыстыру болып табылады. Елдің нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтарын ескере отыра табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасын назардан тыс қалдырмау керек. Экология-экономикалық проблемалар жиынтығы шаруашылық әрекеттердің түрлері мен формаларына тиімді әсерін тигізумен бірге әрбір адамның тәуір өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Табиғатты пайдалану экономикасы – жаңа өркен жайған ғылыми пән. Ол қаржыландыруда, жоспарлауда, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды қамтамасыз етуде, әсіресе табиғатты пайдалану жүйесінде заңды нормативті басқаруға мүмкіндік беретін ғылыми-негізделген шешімдер қабылдауға жаңа бағыттар ашады.
Ұзақ жылдар бойы адамзат табиғатты бағындыру мен билеуге ұмтыла отырып экологиялық апат шегіне жетіп отыр.
«Парниктік эффект», «Азон тесіктері», «Қышқыл жаңбырлар», таза су мен азық-түлік жетіспеушілігі, шикізат және энергетикалық дағдарыстар, әлем мұхитының ластануы – осы проблемалардың қай-қайсысы да адамзатты шошытып, тез шешімін табуды талап етіп отыр. Ал бұл үшін адамдардың тұрғылықты жері мен кәсібіне қарамай-ақ өзара бірлесу аса қажет.
Қаржыны тиімді бөлу, экологиялық бағдарламалар орындалу үшін кейбір материалдық игіліктерден бас тартып, өндірістік технологияны ғана емес, өмір салтын да қайта құру керек. Осыған сәйкес қорқынышты сұрақтар туады: олар экологиялық тәрбие мен халықтың біліміне тәуелді бола ма, қоғам мен табиғат арасындағы тез, әрі қиындықсыз өзгере ме? Сонда да, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны ластанудан сақтау тек қана экологиялық білім негізінде іске асады.
Табиғатты пайдалану экономикасы зерттейтін проблемаларды екі үлкен топқа бөлуге болады.
Біріншіден, бұл табиғат қорларын неғұрлым тиімді экономикалық жолмен пайдалану проблемалары, екіншіден, бұл қоршаған ортаның ластанудан шегетін зардабын азайту мен жоюдың мақсатты әдістерін табу
мен негіздеу проблемалары. Бұл проблемалар табиғи-тарихи заңдылықтар негізінде, сондай-ақ қоғам қажеттіліктерін есепке ала отырып шешілуі тиіс.
Теориялық бағыт бойынша, табиғатты пайдалану экономикасы тұрақты экологиялық-экономикалық даму тұжырымдамасының ғылыми негіздерін құруға бағытталады, ал оның практикалық маңызы табиғи қорларды тиімді пайдалану, адамзат өміріне қажетті ортаны сақтаудың нақты ғылыми негізделген ұсыныстарын жасақтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |