Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Курсты оқудың түсініктері, мақсаты және міндеті



бет5/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Контент табигатты пайдалану

1.1 Курсты оқудың түсініктері, мақсаты және міндеті



Табиғатты пайдалану білім сферасы реттеледі «табиғат-қорғау» түсінігінің келесідей элементтерін қамтиды.

    • адамның іс-әрекеттері мен қоршаған орта арасындағы ұтымды қарым- қатынасқа табиғат қорлары потенциалын сақтау мен қалпына келтіруге, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шаруашылықты дұрыс жүргізбеуден табиғат пен адам өміріне тигізетін зиянынан сақтандыратын іс-шаралар жиынтығы.

    • қоршаған орта мен табиғат қорын сақтау, қалпына келтіру және жақсартудың жалпы принциптері мен әдістерін негіздейтін кешенді салааралық пән.

Табиғатты қорғау міндеттеріне келесілері кіреді:


    • Табиғат қорларын тиімді пайдалану;

    • Табиғат компоненттерін пайдаланғанда мүмкіндігінше аз ластануға қол жеткізу;

    • Табиғи және мәдени мұралардың құнды объектілерін сақтап қалу.

Табиғат адамға өмірі мен өндірістік әрекеті үшін қажет өмір сүру ортасы және барлық игіліктер көзі болып табылады.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, ол табиғат қорлары мен өндіріс жасайды және генетикалық бейімделген жағдайларда ғана (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфера құрамы және т.б.) өмір сүре алады.

Табиғат түсінігімен табиғи орта түсінігі тығыз байланысты.

Табиғи ортада ерекшеленеді:


      • жеке табиғи орта (жабайы табиғат), адамдармен қарым-қатынастан тыс өмір сүреді;

      • квази табиғи орта (екінші табиғат) адамның күшімен өзгертілген табиғи ландшафтар бұл өздігінен жақсаруға және өзін өзі ұстап тұруға қабілетсіз табиғи орта;

      • арте табиғи орта адамдар қолымен жасалған техникалық (құрылыстар, ғимараттар т.б.) және табиғи компоненттерден (ауа, табиғи жарықтандыру) тұратын орта. Бұл табиғи орта жасанды қолдау көрсетілмесе құрып кетеді.

Адамдар тіршілігімен байланысты тағы бір түсінік географиялық орта бұл жердің географиялық қабығы ортасы. Ол төрт негізгі сферадан тұрады:

итосфера (жер қыртысы), гидросфера (су қабаты), атмосфера (ауа қабаты), биосфера (өмір ортасы).

« Қоршаған орта» түсінігі кең түсінікке ие, себебі адамдар оны тек биологиялық ағзалар ортасымен шектеп қоймайды

Оның құрамына экожүйелер, табиғи компонентер (ауа, су, топырақ, жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі), территория, ландшафтар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және басқада адамның өмір сапасына, іс- әрекетіне және денсаулығына әсер ететін материалды объектілер кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет