Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Табиғи қорлар және олардың жіктелуі. Табиғи қорларды пайдаланудағы негізгі принциптер мен заңдылықтар



бет7/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Контент табигатты пайдалану

1.4 Табиғи қорлар және олардың жіктелуі. Табиғи қорларды пайдаланудағы негізгі принциптер мен заңдылықтар

Табиғи қорлар – бұл табиғат элементтері. Табиғи қорлар пайдаланылатын және қайта өңделетін табиғатты пайдаланудың басты объектісі. Табиғи қорлардың пайдаланылуымен қатар жүретін табиғи ортаның сапасын сақтауға бағыттанған іскерлік қалыптасқан (табиғатты қорғау проблемаларын шешу).



Қорлардың табиғи шығу тегін, үлкен экономикалық мағынасын ескере отырып табиғи қорлардың келесідегі жіктеулерін көрсетуге болады:

  1. Табиғи (генетикалық) жіктеу: минералды (пайдалы қазбалар), су, жер (топырақ), өсімдік (орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер қуатының қорлары (күн сәулесі, жердің ішкі жылуы, жер қуаты және т.б.). Көбіне өсімдіктер мен жануарлар әлемі биологиялық қорларға біріктіріледі.

  2. Табиғи қорлардың экологиялық жіктелуі қордың таусылуы мен қалпына оралуына негізделеді. «Таусылу» деген ұғымға табиғи қорлардың көлемі мен қорына байланысты шаруашылықта алынуы жатады. Осы ерекшеліктеріне сай қорларды бөледі:

    • таусылмайтын қорлар адамдар пайдаланған уақытта дәл қазір немесе таяу уақытта таусылмайтыны анық қорлар (күн қуаты, жердегі ішкі жылуы, су қуаты, ауа);

    • таусылатын, бұрынғы қалпына келмейтін қорлар, үздіксіз экономикалық пайдалануға байланысты одан әрі алуға келмейтін және бұған қоса қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорлар (минералды қорлар);

    • таусылатын, бірақ қалпына келетін қорлар, қайтадан қалпына келу мүмкіндігі бар, қорлар көбейту немесе басқа да табиғи циклдар арқылы, мысалы, флора, фауна, су қорлары.

Бұл топқа өте жәй қалпына келетін қорларды атап өту керек, жер құнары, жоғары сапалы ағашы бар орман қоры.

  1. Шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігіне қарай табиғи қорлар келесі топтарға бөлінеді:

  1. техникалық мүмкіндіктеріне қарай қорлар:

    • өндірістік күштің сол кезгі даму деңгейіне байланысты пайдаланылатын нақты қорлар;

    • теориялық есептер негізінде, бірақ дәл қазір техникалық мүмкіндік жоқтығына байланысты игерілуі мүмкін емес потенциалдық қорлар.

  2. экономикалық тиімділігіне қарай қорлар орнын алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын болып бөлінеді.

Шаруашылықтың нарықтық шарттарында негізінен табиғи шикі заттың сатылуы ескерілетінтабиғи қорлардың жіктелуі тәжірибелік қызығушылыққа ие. Мысалы, атап өтсек:

  • стратегиялық маңызы бар қорлар. Бұлардың сатылуы шектелген, себебі ол мемлекеттің қорғаныс күшін төмендетеді (уран, радиоактивті заттар);

  • кен экспорттық мағына алған және басты валюталық кіріс әкелетін қорлар (мұнай, алмаздар, алтын және т.б.);

  • кен таралған ішкі рынок қорлары (минералды шикізат, құрылыс материалдары).

Түрлі жіктеулерді пайдалану қор топтарының қалыптасу заңдылықтары мен генетикалық сипаттамаларын, шаруашылықта пайдалану мүмкіндігін біліп, оларды зерттелу дәрежесі қорытынды шығарып, тиімді пайдалану мен қорғау бағыттарын іске асыруға мүмкіндік береді:

  1. Өндірістің түрлі салаларымен байланысты табиғи қорлар былайша бөлінеді:

    • пайдалы жанар-жағар май қазбалары (мұнай, газ, көмір);

    • гидроэнергоқорлар (өзен суы қуаты, су толқыны, су қуаты және т.б.);

    • биоэнергия көздері (отынға арналған ағаш, ауылшаруашылық өнімдер қалдығы);

    • ядролық энергия көздері (уран, радиоактивті элементтер).

  2. Энергетикалық емес қорлар – өнеркәсіптің әр саласында пайдаланылатын немесе техникалық ерекшелігіне байланысты өндіріске жіберілетін шикізаттар:

    • пайдалы қазбалар (рудалық және рудалық емес);

    • өнеркәсіп үшін қолданылатын су;

    • өнеркәсіп объектілері орналасқан жер;

    • өнеркәсіпке арналған орман қоры;

    • өнеркәсіпке маңызы бар биологиялық қорлар.

  3. Ауылшаруашылық өндіріс қорлары:

    • агроклиматтық-мәдени өсімдіктер өндіретін және мал бағуға қажетті жылу мен ылғал қорлар;

    • топырақ-жер-биомассаны нәрлендіретін ерекшелігі бар жер және оның жоғарғы қыртысы;

    • өсімдік-биологиялық қорлар - азықтандыру қорлары;

    • су қорлары – жерді суландыруға пайдаланылатын су.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет