БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясы шешіміне және қоршаған ортаны қорғау саласында жалпы европалық ынтымақтастық бойынша мәжілісте 1979 жылы қабылданған аз қалдықты және қалдықсыз технология туралы деклорациясына сәйкес қалдықсыз технология қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ілімдер мен әдістердің, қаржыны практикалық қолданудың жайын білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, қалдықсыз технология - өндірісте немесе өнімді пайдалануда құралатын қалдықтар мен қоршаған ортаға тасталатын ластаушы заттардың көлемін азайту (жою) және шикізаттарды тиімді пайдалану сияқты екі бір мақсатың шешілуі аясына кіретін өнім өндірісі әдісі.
Көп қалдықтар агроөнеркәсіп кешенінде құралуда. Оларды қосымша өнімдер жасау үшін АӨК өндеуші салаларында пайдалануға болады. Мұндай түрдегі резерв мәселен, сүт өнеркәсібінде бар.
Сүтті қайта өңдеу (сарысу, май алу) процесінде құралатын шикізат қалдықтары аумағында шамамен 2/3 шығыс көлемі болады. Олар 50 процент белок, 75 процент көмірсу болады. Сүт сарысуын пайдалану неғұрлым кең таралды. Ол, негізінен, нан пісіру өндірісінде қолданылады. Мұнда 1 тонна сарысу 40 тонна ұнды сақтайды.
Азық қалдықтарын пайдаланудың келесі бағыты - олардың басқа салалар үшін шикізат есебінде қолданылуы (медицина өнеркәсібі, химия, құрылыс. т.б.). Мысалы, виноград қалдығында химия өнеркәсібінде қолданыс табатын виноград майының 45 проценті болады.
Азық өнеркәсібі қалдықтарын пайдаланудың негізгі бағыты - оларды жем ретінде өңдеу. Оны бұзауға беру үшін қаймағы алынбаған сүтке ауыстырушы негізінде шығара отырып, сүт қалдықтарынан жасауға болады (1 тонна ауыстыру 8 тонна сүтті ауыстырады). Тіпті күнбағыс қауызы қалдығынан жем дайындау мүмкіндігі анықталды, ол үшін технологиялық қондырғы да бар. Осыған ұқсас мақсаттарға қызылша сығындысы, мақта қауызы, томат тұқымы, дән, картоп қойыртпағы, (спирт өнеркәсібі қалдығы), картоп мезгісі. т .б жұмсалады.
Сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализация шайындыларын тиісті өңдеуден кейн суландыру үшін алқапта пайдалануға болады.
Қалдықсыз технологияға өтудің үшінші дәрежесі өндіріс пен тұтынудың жабық жүйесін құру мен шешілуі тиіс. Әңгіме - өңделетін қалдық пен толық пайдаланылатын шикізат шығыны, өнім шығару және пайдаланудың тұйық циклі туралы. Қазір практикада мұндай өту әзірге жоқ. Тек жекеленген кәсіпорындар аясында ғана нақты жүзеге асырылу үшін экономикалық тиімділігі анықтамасы мен жаңа техникалық шешімдер талап етілетін өндіріс қалдықсыз болуы үшінші дәрежесі принциптерін сақтау туралы айтуға болады.
Негізінде қалдықсыз жұмыс істеудің үшінші дәрежесіне көшу перспективасы ғылыми-техникалық, ұйымдық-экономикалық шаралардың бірігуімен байланысты. Мұнда мұндай кешеннің ішінде кері байланыстар орнатылады - бір өндірістің қалдықтары екіншісі үшін ресурс ретінде қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |