РЕСУРСТАР:
1-ресурс. 1-сурет
Бұл қай мемлекет?
Бұл Қазақстан.
2-ресурс. 2-сурет
Бұл ненің суреті?
Осы арқылы бүкіл әлем Қазақстанды тани алды ма?
EXPO-2017 көрме кешені. Жалпы алаңы - 174 гектар. Оның ішінде 25 гектар тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоратвитік павильондар кіреді. Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы» - басты тақырыбына бағынады.
Сфера кешені EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық көрігіне айналды. Ғимаратта ең жаңа технологиялар қолданылған. Осылайша, екі шусыз желгенераторларының жұмысы арқасында, Сферадағы энергияны тұтынуды төмендету мүмкін болды.
Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы және келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында отандық ғалымдардың «жасыл экономика» тақырыбы бойынша ең үздік жобалары көрсетілген.
«ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады.
Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.
Достарыңызбен бөлісу: |