3-ресурс. 3-сурет
Бұл кісі кім?
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныта алдыма?
Бұл Абай Құнанбаев. Абай әлемдік мәдениттің тұлғасы . Ол жалғыз мәденитеттің ғана емес бүкіл қазақ жұртының жүрегі мен иманында сақталған ірі тұлға. Абайды жәй сөзбен сипаттай салу- ол үлкен бір надандықтың белгісі. Себебі, Абай қара қазаққа кезіндегі надан халыққа мәңгі есте қаларлықтай сана сезіміне білім орнатты. Сол замандағы халықтың жалқаулығы мен енжарлығын, санасыз бен сауатсызын , менмендік пен мансапқорлығын , халық арасындағы рухани азғындықты өз шығармаларында сөз етіп, ауыр болса да оларға жеткізуге тырысты. Және жеткізді .
Біз Абайды мәдениеттің , әлемнің тарихи дара тұлғасы дейміз. Ол әрине дұрыс. Бұған дәлел ЮНЕСКО ның Бас директоры Федерико Майор: “Абай әлемдік тұлға...бар ұшан- теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол- нағыз ғұлама , әрі тәңірдің құдыретімен туған әулие десе де артық айтпаймыз. Оның поэзиясының өнебойынан адамдарға деген аяушылық пен сүйіспеншілік сезімі есп тұрады... Ал оның гуманистік ойлары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз... Абай- әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға”- деген.
4-ресурс. Мәтін
Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі– «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын!
5-ресурс. 1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |