Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет5/15
Дата26.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#27252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Аға шебері

 

Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді. Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін, шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы, зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады. Білім алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынын және білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика, психология, физиология, гигиена негіздерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және ұйымдарында жетекші лауазымдағы білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Оқу өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді; жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; санитария мен гигиена негіздерін; экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім еңбек өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Арнайы пән оқытушысы

 

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.

Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.

Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.

Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» заңдарын, педагогика және психология негіздерін, пәннің мазмұны және оны тәжірибеде пайдалануды; жұмыстың технологиялық процестерін және мамандық бейіні бойынша жұмыстың тәсілдерін; экономика және өндірісті ұйымдастыру мен басқару негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандары, әдістері және алдыңғы қатарлы технологияларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары білім.

 

 

Өндірістік оқыту шебері

 

Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.

Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.

Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.

Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.

 

 

Жатақхана тәрбиешісі

 

Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын жатақхана өткізеді және ұйымдастырады. Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде жұмысты жүзеге асырады.

Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сыныптан тыс жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады. Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.

Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын, педагогика және психология негіздері, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.

 

 

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша

білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға

теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы

Біліктілікті арттыру институтының директоры

 

Лауазымдық міндеттері: Институттың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырып, қызметін дамытуға бағыттайды. Институт қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру, алыс және жақын шет елдердегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, ғалымдармен білім беру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Институтты басқару құрылымын белгілейді. Институттың жарғысын, ішкі әртіп ережесін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, штаттық кестесін, институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Басқа да оқу іс-шараларын әзірлейді және бекітеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес тыңдаушыларға арналған педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, ол үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде институттың мүлкі мен қаражатына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, институттың ішкі тәртіп ережесі мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейін арттыруға жағдайлар жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.

Институтты мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарға таныстырады, қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру саласының бағыттары мен келешегін дамытуды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

 

 

Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары

 

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және институттың жарғысына сәйкес институт құрылымының қызметіне басшылық жасайды. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметтерін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми алып жүруге басшылық жасайды және бақылауға алады. Баспа жұмысын басқарады. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінің, білім беруді басқару органдарының және әдістемелік қызметтің басшылық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді. Институттың құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктейді және институт басшыларына ұсыныс жасайды. Әдістемелік кабинеттердің, кафедралар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес береді, олардың жұмыстарын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; менеджмент, андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

 

 

Орталықтың (кешеннің) директоры

 

Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) туралы жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орталық (кешен) қызметінің барлық бағыттарына басшылық жасайды. Орталықтың (кешеннің) басқару құрылымын, штаттық кестесін анықтайды және бекітеді.

Орталықтың стратегиясын, даму мақсаты пен міндетін анықтайды, орталықтың (кешеннің) даму бағдарламасын, орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес балалармен жұмыс істеу жөніндегі білім беру бағдарламасын, жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, басқа да нормативтік актілер мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуді, бекітуді және оның орындалуын ұйымдастырады. Бюджеттен бөлінген ақшаны және басқа да көздерден түсетін қаражаттарды орынды пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген шекте орталықтың (кешеннің) мүліктері мен құралдарына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, олардың сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді.

Орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес республикадағы өңірлік ұйымдар желісінің дамуына ықпал етеді. Республикадағы және шетелдердегі қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен т.б) өзара әрекетті ұйымдастырады.

Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады және көтермелейді.

Орталықтың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Орталық (кешен) директорының орынбасары

 

Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелер қызметін басқарады. Орталықтағы оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік, ғылыми алып жүру дайындығына басшылық жасайды және бақылайды. Баспа қызметін басқарады. Құрылымдық бөлімшелер үшін кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және оларды басшыға ұсынады. Өңірлік құрылымдардағы қызметкерлерге кеңес беруді, орталық зертханасының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Орталықтың (кешеннің) білім беру процесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, ақпараттық материалдарды жүйелейді және дайындайды, балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, өңірлік орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды және хабарлайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек негіздері туралы заңамаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет