Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы



бет19/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


2. Оқу пәнінің маңыздылығы оның әлем тілдерінің бірі болуымен, ғылым, білім және туризм тілі болып табылатындығымен анықталады. Қазақстан мектептерінде неміс тілінің оқытылуының тарихи негіздемесі мемлекетте этникалық немістердің тұруына, сонымен қатар кеңестік Қазақстан жерінде неміс тілінің үстем мәртебеге ие болуына байланысты. Неміс тілін оқыту:


1) әртүрлі өмірлік жағдайларда білім алушыларға табысты қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етеді;


2) шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді – Германия, Аустрия, Швейцария;


3) неміс тіліндегі жаңалықтар мен ақпараттартарды білім алушылардың қол жеткізуіне қамтамасыз етеді;


4) неміс тіліндегі әдеби шығармалардың аутенттілік мәтініне білім алушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді;


5) мектепте алған білімдері, дағдылары және оқыту стратегияларына сүйене отырып, өмір бойы білім алуға мүмкіндік береді.


3. "Неміс тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың тіл дағдыларын дамыту бойынша тіл қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған. Негізгі орта білімді (5-9-сыныптар) аяқтаған кезде білім алушылар Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR/Комон Еуроен Фрамуорк оф Реферанс, СИЕФАР) тілдік А2 деңгейін меңгерулері қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет