Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген). "Француз тілі" оқу пәнінен
2. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы:
1) білім алушыларда талдау, бағалау және шығармашылық ойлауды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмаларды орындау;
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрі;
3) ынталандыратын және қызықты пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың француз тілінен А1 деңгейіне жету мақсатын көздейді.
3. Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасының мазмұны білім алушыларды француз тілін күнделікті өмірде пайдалануға үйретуге, сонымен қатар француз тілін одан әрі үйрену үшін қажетті тұрақты негіз қалауға бағытталған. Бастауыш мектептің "Француз тілі" оқу пәні бағдарламасы білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға, олардың қызығушылығын және өзіне деген сенімділігін нығайтып, француз тілін оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
4. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдыларымен бірлесе дамытылуы білім алушыларға қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты білім берудің негізгі құндылықтарын бойына сіңіруіне көмектеседі. Бұл құндылықтар білім алушының күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқын ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдар болып табылады.
2-тарау. "Француз тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
5. Сыныптар бойынша жылдық оқу жүктемесі:
1) 1-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 66 сағат;
2) 2-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
6. 1-сыныпқа арналған "Француз тілі" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздерінің (айтылуы), "Бұл не?" түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы;
2) айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сөйлем құрастырады, сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен фразаларды анық айтады, өзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында өздерін таныстыра алады және сұрақтар қоя біледі;
3) оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды кейбір көзге таныс сөздерді таниды, сөздерді әліпбилік ретпен орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады;
4) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын көрсету үшін sur/сюр, sous/су, dans/дан көмекші сөздерінің қолданылуы, қарапайым сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кҰ сэ?, qui est-ce, où est/ки эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды көрсету үшін ce/сҰ, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сҰ құрылымдарын, өзі туралы негізгі ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ, fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, өзі туралы негізгі ақпаратты беру үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы формаларын) қолданады.
7. 2-сыныпқа арналған (Contene de base/Көнтэнэ дэ басэ) базалық мазмұн:
1) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): қолдау арқылы сабақта берілетін тапсырмаларды орындау үшін бірнеше қысқа қарапайым нұсқаулықтарды, жалпы жеке сұрақтардың кең ауқымын, таныс тақырыптарға шағын диалогтарда қолданылатын негізгі фразаларды тыңдайды, түс пен сан сынды аспектілерді анықтауға бағытталған қысқа қарапайым сұрақтар, сөздерде жетіспейтін фонемаларды табады, таныс тақырыптарға шағын диалогтардың нақты ақпаратын анықтайды, шағын диалогтардың мазмұнын болжау үшін контексттік кеңестерді қолданады, таныс тақырыптарға шағын әңгімелерді тыңдайды;
2) айтылым (production orale/продюксион ораль): таныс тақырыптарға өзі, өзге адамдар мен заттар туралы, сонымен қатар, сабақта орындалатын іс-әрекет туралы сөйлем құрастырады, сабақта орындалатын іс-әрекет түрлері мен таныс тақырыптар бойынша ақпарат іздеуге бағытталған және базалық қажеттіліктерге қатысты сұрақтар қою, сабақта орындалатын іс-әрекет түрлері мен қызметтерді, заттарды сипаттау барысында ортақ сөздердің, фразалардың және қысқа сөйлемдердің шектеулі ауқымын қолданады, қолдау арқылы қарапайым сұрақтарға жауап береді, тақырыптардың шектеулі шеңберіне өзге адамдармен шағын диалогтарда жеке ақпараттар мен нақты мәліметтерді беру арқылы қысқа жауаптар береді және репликалармен алмасады, таныс күрделі сөздердегі екпіндерді дұрыс қояды, өзгелерге қарапайым нұсқаулар құрастырады;
3) оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): жиі қолданылатын дыбыстар мен әріптердің үйлесімін анықтайды, есте сақтайды және айтады, елеулі қолдау арқылы таныс тақырыптар шеңберінде дара сөздерді, фразаларды және сөйлемдерді оқиды, контексттік ойды пайдалану арқылы таныс тақырыптарға қарапайым сөйлемдердің негізгі идеяларын анықтайды, елеулі визуалды қолдау арқылы таныс тақырыптарға күрделі емес мәтіндердегі нақты ақпаратты түсінеді;
4) жазылым (production écrite/продюксион экрит): жекелеген фразалар түрінде сұрақтарға қысқа жауап жазады, жиі қолданылатын сөздерді жазады, адамдар, орындар мен заттарды анықтау үшін қысқа фразалар құрастырады, таныс, жиі қолданылатын сөздердегі бас және жол әріптерін дұрыс жазады, мұғалім жетекшілігімен жазба жұмыстарын орындау барысында қысқа сөйлемдер соңында нүкте қояды;
5) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түрдегі зат есімдерді, есептік сан есімдерді – 1-ден 50-ге дейін санайды, заттар мен адамдардың сырт келбетін сипаттауда дара сын есімдерді, заттардың орналасуын көрсету үшін sur/сюр, sous/су, dans/дан, devant/дҰван, derrière/дэрьер көмекші сөздерін, заттардың сипаты мен түсі туралы сұрақтар құрастыру барысында comment/коман, de quelle couleur?/дҰ кэль кулҰр сұрау есімдіктерін, сұрақтар және оларға жауаптар құрастыру кезінде mon/мон, ma/ма, mes/мэ тәуелдік есімдіктерін қолдану, етістіктерді 1 және 3-жақта (болымды, болымсыз және сұраулы формаларында) жіктеу Présent (être, avoir)/Прэзан (этрҰ, авуар) барысында жіктеу есімдіктерін, өтініштер мен сөйлемдерде қабілеттіліктерді сипаттау үшін vouloir/вулуар, pouvoir/пувуар модальді етістіктерін, заттардың орналасуын белгілеу үшін il y a/иль я орамдарын, мезгіл, апта күнін және тәулік уақытын көрсету барысында en/ан, au/о мезгіл мағыналы көмекші сөздерді, қалау немесе қаламау сұрақтарын білдіру үшін J’aime/жэм, je n’aime pas/жҰ нэм па құрылымын, сөздер мен фразаларды байланыстыру үшін et/э, ou/у, ou bien/у бьен жалғаулықтарын, сұрақтарға қысқа жауаптарда moi aussi/муа оси құрылымын қолдану.
8. 3-сыныпқа арналған (Contene de base/Көнтэнэ дэ басэ) базалық мазмұн:
1) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): қолдау арқылы сабақтағы іс-әрекеттердің кең ауқымын орындау үшін қысқа нұсқаулықтарды, қолдау арқылы жеке ақпарат алуға бағытталған қысқа сұрақтардың шектеулі ауқымын тыңдайды, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына шағын диалогтардың негізгі идеяларын, жалпы және кейбір оқу тақырыптарын қолдау арқылы қысқа сұрақтардың шектеулі ауқымын анықтайды, фонематикалық ерекше сөздерді ажыратады, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберіне мәтіннің шағын үзінділеріндегі немесе диалогтардағы нақты егжей-тегжейлі ақпаратты қолдау арқылы таниды, жалпы және оқу тақырыптарын қолдау арқылы шағын диалогтардың мазмұнын болжау үшін контекстік кеңестерді қолданады, жалпы және оқу тақырыптарына қатысты шағын әңгімелерді, әріптеп айтылған дара қысқа сөздерді тыңдайды;
2) айтылым (production orale/продюксион ораль): жалпы тақырыптардың шектеулі шеңберінде өзі туралы қарапайым ойлар құрастырады, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңбері шегінде бар тәжірибені анықтауға сұрақтар қояды, адамдар мен заттарды дара сөздермен сипаттайды, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңбері шегінде бар тәжірибені сипаттауды бастайды, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңбері бойынша сұрақтарға жауап береді, дауыстап оқу кезінде таныс сөздер мен қысқа фразаларды анық айтады, тақырыптардың шектеулі шеңберінде өзге адамдармен шағын диалогтарда реплика алмасады, жұпта, топта, барлық сыныппен қысқа талқылауларға қатысады, тиісті сөздердің, фразалардың сөйлемдердің шектеулі шеңберін пайдалана отырып, өз пікірін білдіреді, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының шектеулі шеңбері шегінде өте қысқа, күрделі емес әңгімелер мен оқиғаларды баяндайды;
3) оқылым (compréhension écrite конпреасьон экрит): мұғалімнің қолдауымен қарапайым сөйлемдердегі таныс сөздердің шектеулі ауқымын анықтайды және айтады, біледі, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңбері шегінде өте қысқа күрделі емес көркем және ғылыми-көпшілік мәтіндерді мұғалімнің қолдауымен оқуды тексеру, мұғалімнің аздаған қолдауы арқылы иллюстрациялы қарапайым сөздікті қолданады, контексттік кеңестер көмегімен жалпы таныс және кейбір оқу тақырыптарына қысқа күрделі емес мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды, мұғалімнің айтарлықтай қолдауы арқылы жалпы және кейбір оқу тақырыптарына қысқа күрделі емес мәтіндердің нақты ақпараты мен мәліметтерін түсінеді;
4) жазылым (production écrite/продюксион экрит): мұғалімнің айтарлықтай қолдауымен жеке, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына қысқа сөйлемдердің жазылымын құрастырады, жазады және тексереді, стандартты ұзындықтағы және формадағы сөздер мен фразаларды, адамдарды, орындар мен заттарды сипаттау үшін қысқа фразаларды жазады, негізгі жалғаулықтар көмегімен сөздерді немесе фразаларды байланыстырады, атауларды, елді-мекен атауларын жазу барысында бас және жол әріптерін, мұғалімнің жетекшілігімен жазба жұмыстарын орындау кезінде қысқа сөйлемдерді дұрыс жазады, мұғалімнің жетекшілігімен жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде жиі қолданылатын сөздердің көп көлемін жазады, мұғалім жетекшілігімен шағын, таныс сөйлемдерді жазу барысында нүктені дұрыс қояды;
5) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді қолданады, қатыстылықты білдіру үшін de көмекші сөзін зат есімдермен және жалқы есімдермен қолдану, есептік сан есімдерді – 1-ден 100-ге дейін, реттік сан есімдер – 1-ден 10-ға дейін санайды, заттарды сипаттау үшін сын есімдерді, жалпы және оқу тақырыптарын талқылау кезінде салыстыру үшін сын есімдердің салыстырмалы шырайын, le/лҰ, la/ла, les/лэ, un/эн, une/юн, des/дэ белгілі және белгісіздік артикльдерінің қолданылу ережелерін, таныс тақырыптарға әңгімелесу барысында ou/у, combine/конбьен, quand/кан сұрау есімдіктерін, ce/сҰ, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ сілтеу есімдіктерін, таныс тақырыптарға қысқа нұсқаулар құрастыру үшін бұйрық райдың (болымды және болымсыз формаларын), қалауын және әдеттерін, қарапайым оқиғаларды сипаттау және деректер беру үшін 1,2,3-жақтағы етістіктердің нақ осы шағын (Présent/Прэзан), болашақта, жақын арада орын алатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін келер шақ (Futur simple/Фютюр СэнплҰ), жақын келер шақ және жақын өткен шақ (Futur immediat/Фютюр имедиа, Passé immediat/пасэ имедиа) формаларын, мезгіл және мекен үстеулері Il y a/Иль я, Il n’y a pas/Иль нья па, Y a-t-il,/Йя тиль орамдарының болымды, болымсыз және сұрау формаларын: Қашан? және Қаншалықты жиі? сұрақтарына жауап ретінде parfois/парфуа, souvent/суван, toujours/тужур, өтініштер мен рұқсат берудегі pouvoir/пувуар, vouloir/вулуар модальді етістіктерін, сонымен қатар, міндеттілікті білдіру үшін devoir/дҰвуар модальді етістіктерін, адамдар мен заттардың орналасуын білдіру үшін au centre de/о сантрҰ дҰ, au milieu de/о мильҰ дҰ, au coin de/о куэн дҰ, en face de/ан фас дҰ мекен көмекші сөздерді қолданылады, мерзімді, апта күнін және тәулік сағатын көрсету үшін en/ан, à/а, pendant/пандан мезгіл көмекші сөздерін, сөздер мен фразаларды байланыстыру үшін et/э, mais/мэ, ou/у, ou bien/у бьен жалғаулықтарын қолданады, сұрақтарға қысқа жауап беру барысында moi aussi/муа оси, moi non plus/муа нон плю, avec plaisir/авэк плэзир құрылымдарын қолданады.
9. 4-сыныпқа арналған (Contene de base/Көнтэнэ дэ басэ) базалық мазмұн:
1) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сыныптағы нұсқаулардың кең ауқымы, қолдау арқылы өзі туралы сұрақтардың кең ауқымы, түрлі жалпы және кейбір оқу тақырыптарын қолдау арқылы қысқа әңгімелесулердің негізгі идеялары, жалпы және кейбір оқу тақырыптарын қолдау арқылы қысқа сұрақтардың кең ауқымы, бастапқы, орта, финалдық фонемаларды және олардың үйлесімін анықтау, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының көп көлеміне қолдау арқылы қысқа әңгімелесулердің егжей-тегжейлері мен арнайы ақпараты, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының көп көлеміне қысқаша әңгімелесулердің мазмұны мен мағынасын болжау үшін контекстуалды кеңестер, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына қолдау арқылы қысқа әңгімелер, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі көлеміне буындап айтылған, білім алушылардың ана тіліндегі сөздермен ұқсас сөздерді тану;
2) айтылым (production orale/продюксион ораль):жалпы және кейбір оқу тақырыптарының көп көлеміне ақпаратты қамтитын стандартты сөйлемдер, адамдар мен заттардың қысқаша сипаттамасы, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының көп көлеміне өткен тәжірибені сипаттау, шектеулі көлемдегі жалпы және кейбір оқу тақырыптарының сұрақтарына жауап беру, сөздердің, қысқа фразалардың және жай сөйлемдердің көп көлемін анық айту, өзгелермен қысқа әңгімелесу барысында кезекпен сөйлеу, оң және теріс пікір білдіру, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының шектеулі көлеміне шағын оқиғаларды баяндау;
3) оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): мәтін деңгейінде фразалардың көп көлемін тану, анықтау және айту, жалпы және кейбір оқу тақырыптарының шектеулі көлеміне қысқа қарапайым мәтіндердің негізгі мағынасы, жіктелімге сәйкес сыныптан немесе мектеп кітапханасынан кітаптар, жұмыс парақтарын және басқа да баспа материалдарын іздеу, жалпы және кейбір оқыту тақырыптарының шектеулі көлеміне қысқа қарапайым мәтіндердің негізгі сәттері, контексттік кеңестерді пайдалана отырып, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына қысқа қарапайым мәтіндердің арнайы ақпараты мен егжей-тегжейлерін қолдау арқылы түсіну;
4) жазылым (production écrite/продюксион экрит): мұғалімнің қолдауы арқылы адамдарды, орындарды және заттарды сипаттайтын қысқа сөйлемдерді жазу, өзі туралы ақпарат беру үшін азат жолдағы қысқа сөйлемдердің бірізділігі, сөйлемдерді негізгі жалғаулықтар көмегімен байланыстыру, өз бетінше жазба жұмыстарын орындау кезінде атауларды, орындарды және қысқа сөйлемдерді жазу барысындағы бас және жол әріптері, өз бетінше жазбаша жұмыстарын орындау барысында жиі қолданылатын сөздердің көпшілігін дұрыс жазу, өз бетінше жазба жұмысы барысында нүкте мен сұрақ белгісін орынды пайдалану;
5) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): жекеше және көпше түрдегі зат есімдер, көпше түрдің кейбір теріс формалары, сонымен қатар, саналмайтын зат есімдер, қатыстылықты көрсету үшін mon/мон, ma/ма, mes/мэ, ton/тон, ta/та, tes/тэ, son/сон, sа/са, ses/сэ тәуелдеу есімдігі, есептік сан есімдер 1 – 1000 және реттік сан есімдер 1 – 100, сын есімдер, оның ішінде тәуелдік сын есімдер, салыстыру үшін жай бір буынды және екі буынды сын есімдер (салыстырмалы және асырмалы), артикльдерді пайдалану: un/эн, une/юн, des/дэ белгісіздік, le/лҰ, la/ла, les/лэ белгілі, du/дю, de la/дҰ ла, de l’/дҰ эль ішінара, таныс тақырыптардың көп көлеміне сұрақ қою үшін qui?/ки, que?/кҰ, où?/, combien?/конбьен, quand?/кан, de quelle couleur?/дҰ кэль кулҰр сұрау есімдіктері, сұрақтар мен жауаптардағы ce/сҰ, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ сілтеу есімдіктері, таныс тақырыптардың көп көлеміне қысқа нұсқаулар беру үшін бұйрық рай (болымды және болымсыз, өзі туралы ақпарат беру және осы шақтағы қалыпты іс-әрекеттерді, фактілер мен оқиғаларды талқылау үшін нақ осы шақтың формаларын, оның ішінде қысқаша жауаптар мен қысқартуларды пайдалану, таныс тақырыптардың шектеулі көлеміне іс-әрекеттерді, сезімдерді, оқиғаларды сипаттау үшін келер шақ (Futur Simple/Фютюр СэнплҰ) және өткен шақ (Passé composé/Пасэ конпозэ) формаларын қолдануды жалғастыру, оң, теріс және сұрау формаларында il y a/иль я, il n’y a pas/иль нья па, y a-t-il/йя тиль орамдарын қолдануды жалғастыру, оның ішінде қысқа және толық сұрақтар мен қысқартулар, іс-әрекеттің қашан және қаншалықты жиі орын алатындығын көрсету үшін parfois/парфуа, souvent/суван, toujours/тужур, jamais/жамэ мезгіл және жиілік үстеулерін қолдану, өтініш пен рұқсат сұрау үшін міндеттілік мағынасындағы pouvoir/пувуар, vouloir/вулуар, savoir/савуар и devoir/дҰвуар етістіктері, мекен, қалып және бағыт көмекші сөздері: sur/сюр, dans/дан, sous/су, devant/дҰван, derrière/дэрьер, à côté de/а котэ дҰ, à gauche de/а гош дҰ, à droite de/а друат дҰ, au coin de/о куэн дҰ, мезгіл көмекші сөздері: en/ан, dans/дан, pour/пур, pendant/пандан, depuis/дҰпюи, шақыруларда Voulez-vous/Вулэ-ву құрылымын және тиісті жауаптарды oui/уи, bien sûr/бьен сюр, avec plaisir/авэк плэзир, non/нон, pas du tout/па дю ту қолдану, қарапайым іс-әрекеттерді сипаттау үшін ниет мағынасындағы тұйық етістік және етістік vouloir + infinitif/вулуар+инфинитив, сөздер мен фразаларды байланыстыру үшін et/э, mais/мэ, parce que/парскҰ, pourtant/пуртан жалғаулықтарын қолдану. Қысқа жауаптар үшін Moi aussi/Муа оси, moi non plus/муа нон плю, Passé composé/Пасэ конпозэ шағын қолдану.
10. Сөйлеу әрекетінің түрлері:
1) 1-бөлім"Тыңдалым" (compréhension orale/конпреасьон ораль): білім алушы таныс тақырыптардағы қысқаша әңгімелесудің негізгі идеяларын түсінеді, таныс сөздер мен фразаларды таниды, түстер мен сандар туралы қысқаша сұрақтарды түсінеді, таныс тақырыптардағы қысқаша әңгіменің мазмұнын және мағынасын болжау үшін контекстті пайдаланады, баяу және анық айтылған қысқа әңгімелердің жалпы мағынасын түсінеді;
2) 2-бөлім "Айтылым" (production orale/продюксион ораль): білім алушы өзі туралы негізгі ойды, сұрақтарды қалыптастырады, сұрақтарға жауап береді, заттар мен оқиғаларды сипаттайтын дара сөздер мен фразаларды айтады, дұрыс интонация мен екпінді қолданады, оң және теріс пікір білдіреді;
3) 3-бөлім "Оқылым" (compréhension écrite/конпреасьон экрит): білім алушы көрнекі сөздікті қолданады, қысқа көркемдік мәтіндерді оқиды және түсінеді, қысқа әңгімелердің негізгі идеясын анықтайды, қысқа мәтіндердегі арнайы ақпараттарды және егжей-тегжейлерді табады, қазақ және әлем әдебиеті шығармаларындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды анықтайды;
4) 4-бөлім "Жазылым" (production écrite/продюксион экрит): білім алушы өз білімін және дауыстап айтылған сөйлемдердегі жазылым мен айтылым арасындағы айырмашылықты көрсету арқылы жиі қолданылатын сөздерді дұрыс жазады, сөйлем соңындағы тыныс белгілерін дұрыс пайдаланады;
5) 5-бөлім "Француз тілін қолдану" (utilisation de grammaire française/ютилизасьон дю франсэ): білім алушы оқиғаларды суреттеу және жеке басқа қатысты ақпараттарды беру үшін осы және өткен шақ формаларын пайдаланады, дара модальді етістіктер көмегімен өз ойын жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |