Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы



бет22/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Француз тілі" оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


2. Оқу пәнінің маңыздылығы оның әлем тілдерінің бірі болуымен, ғылым, білім және туризм тілі болып табылатындығымен анықталады.


Француз тілін білу:


1) әртүрлі өмірлік жағдайда кездесетін қарым-қатынаста білім алушылардың сенімін арттырады;


2) Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары білім алу мүмкіндігін береді;


3) Қазақстанда және шетелде кәсіптік білімді жалғастыруға мүмкіндік береді;


4) француз тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпаратқа білім алушылардың қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді;


5) француз тіліндегі әдеби шығармалардың аутенттілік мәтініне білім алушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді;


6) білім алушыларға Қазақстанды ел ішінде және одан тыс жерлерде таныстыруға мүмкіндік береді;


7) мектепте алған білімдері, дағдылары және оқыту стратегияларына сүйене отырып, өмір бойы білім алуға мүмкіндік береді.


3. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың тіл дағдыларын дамыту бойынша тіл қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған. Негізгі орта білімді (5-9-сыныптар) аяқтаған кезде білім алушылар Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR/Комон Еуроен Фрамуорк оф Реферанс, СИЕФАР) тілдік А2 деңгейін меңгерулері қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет