Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет2/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

Білім және ғылым министрі




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 334 бұйрығына
1-қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
34-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің "Информатика" оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (9 сыныптар үшін)
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.


3. Оқыту міндеттері:


1) ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;


2) есептеу техниканың негізгі құрылғылары және телекоммуникацияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру;


3) ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;


4) программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;


5) ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;


6) жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;


7) алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;


8) қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау;


9) оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет