2-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. Информатика оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
5. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады:
1) математика пәнімен пәнаралық байланыс:
сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;
калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;
графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу;
2) алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:
үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;
электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;
стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;
кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;
есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;
математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;
программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу;
3) геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:
векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;
әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;
геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру;
4) физика пәнімен пәнаралық байланыс:
компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;
дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;
физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;
алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;
дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі;
5) қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:
информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;
мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;
жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;
операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;
телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру;
6) биология пәнімен пәнаралық байланыс:
биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу;
7) химия пәнімен пәнаралық байланыс:
химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу;
8) тарих пәнімен пәнаралық байланыс:
дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері;
9) бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:
жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану;
10) сызу пәнімен пәнаралық байланыс:
мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану;
11) технология пәнімен пәнаралық байланыс:
есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;
ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.
6. "Информатика" оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
2) Компьютер ақпаратты өңдеу құралы ретінде (2 часа): қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар;
3) Алгоритмдеу және программалау (16 сағат): файл және оны баптау, құрылымдық мәліметтер; салынған циклдер; массив туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер; символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
4) Ақпараттық модельдеу (3 сағат) : компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.
5) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат): деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі; жазулар, жиектер, деректер типі; кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару; видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі; жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету; видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару;
6) Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |