Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет4/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

3-тарау. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

7. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).


8. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).


9. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:


1) қауіпсіздік техника ережесін;


2) ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;


3) қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етудің даму үрдісін;


4) қызметтік программаларын;


5) программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын;


6) массив ұғымын;


7) символдық және жолдық мәліметтерге орындалатын амалдарын;


8) есептеу экспериментін;


9) деректер қоры ұғымын;


10) деректер типін;


11) деректер қорының құрылымын;


12) деректер қорының кестесінде жазуларды іздеу және сұрыптау тәсілдерін;


13) видеофайлдардың пішімін;


14) видеомен жұмыс істеу кезеңдерін;


15) видеомонтаж тәсілдерін.


10. 9-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:


1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;


2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;


3) қызметтік программаларды қолдануды;


4) программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;


5) салынған циклдермен программаларды құруды;


6) программаларды құруда массивтерді пайдалануды;


7) өңделген символдық алгоритмдерді программалауды;


8) программалау тілі арқылы модельдер құруды;


9) электрондық кестеде деректер қорын құруды;


10) электрондық кесте арқылы деректерді іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыруды;


11) видео ақпаратты программалық құралдар арқылы өндеуді.


11. Жеке тұлғалық нәтижелер:


1) өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;


2) оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеті;


3) қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдылары;


4) өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;


5) салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;


6) жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;


7) оргтехникаға ұқыпты қарауды.


12. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:


1) оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;


2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;


3) қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;


4) ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;


5) жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;


6) мәтіндік және мультимедиалық объектілерді құру;


7) оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;


8) кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;


9) деректер қорында ақпараттарды сақтау;


10) күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;


11) векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъетілерді құруды;


12) күрделі емес математикалық және физикалық есептерді шешу үшін әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;


13) дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды,



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 334 бұйрығына
2-қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
70-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет