Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет29/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

2-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


6) 9-сынып (өтпелі кезең) – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).


7. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.


8. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:


1) әлеуметтік қатынастардың дамуы;


2) мәдениеттің дамуы;


3) мемлекеттің дамуы;


4) Қазақстанның экономикалық дамуы.


9. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) этникалық қатынастар;


2) әлеуметтік қатынастар.


10. "Мәдениеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) дүниетаным мен дін;


2) өнер мен әдебиет;


3) білім және ғылым.


11. "Мемлекеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) мемлекеттің ішкі саясаты;


2) мемлекеттің сыртқы саясаты.


12. "Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) шаруашылық;


2) өндірістік қатынастар және сауда.


13. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.


14. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.


15. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:


1) өзгеріс пен сабақтастық;


2) себеп пен салдар;


3) дәлел;


4) ұқсастық пен айырмашылық;


5) маңыздылық;


6) интерпретация.


16. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:


1) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;


2) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;


3) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;


4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.


5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;


6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.


17. 5-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы. Ботай мәдениеті. Қола дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы металдарының кен орындары. Андрон мәдениеті. Қола дәуірі кезіндегі шаруашылық пен қоғамдық құрылыс. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Ә. Марғұлан және басқа да Қазақстанның ежелгі дәуірін зерттеушілер;


2) ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстанның ежелгі металлургиясы. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Алғашқы көшпелілердің өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі. Көшпелілердің жылжымалы баспанасы. Алғашқы көшпелілердің дүниетанымы;


3) сақтар. Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары. Сақтар тарихы туралы деректер. Сақтардың саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті. "Аңдық стиль". Есік олжасы – "Алтын адам". Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті;


4) үйсіндер мен қаңлылар.Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер. Үйсіндердің қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. Қаңлылар. Қаңлылар тарихына қатысты қытай және парсы деректері. Қаңлылардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері;


5) ғұндар (хунну). Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы. Мөде шаньюй-ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұндардың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы (ғұндардың Батысқа жылжуы). Аттила және оның жорықтары. Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ғұндар дәуіріндегі мәдениеттің дамуы;


6) сарматтар. Сарматтардың ежелгі замандағы саяси оқиғаларға қатысуы. Сарматтардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Мәдениеті;


7) ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы;


8) өлкетану: Туған өлкенің аңыз-ертегілері. Өлкенің тарихи ескерткіштері. Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар. Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер.


18. 6-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты. Атлах шайқасының тарихи маңызы. Түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Түркілердің әскери өнері. Шаруашылығы. Сауда және қала мәдениетінің дамуы;


2) X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан. Қарахан мемлекеті. Қазақстан аумағына исламның тарала басталуы. Наймандар, керейіттер, жалайырлар. Қыпшақ хандығы. "Дешті Қыпшақ" түсінігі. Шаруашылығы: көшпелі, отырықшы. Сауда. Қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі. Түркі әлемінің көрнекті ойшылдары;


3) XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. Отырар қорғанысы. Моңғол империясының құрылуы. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан мемлекеті. Әмір Темір жорықтары. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы. Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстан туралы. Шаруашылық. Сауданың дамуы. Мәдениет;


4) қазақ халқының қалыптасуы. Қазақтар – Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық. "Қазақ" этнонимі. Қазақ халқының біртұтас халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталуы;


5) біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу алғышарттары. Қазақ хандығының құрылуы (аумағы, халықтың этникалық құрамы). Мемлекеттің негізін салушылар – Жәнібек пен Керей. М.Х. Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегі – Қазақ хандығының алғашқы тарихы жөніндегі құнды дерек. Қазақ хандығы қалыптасуының алғашқы жылдарындағы ішкі және сыртқы саясаты. Біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызы;


6) қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы. Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Хақназар хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының одан әрі нығаюы және саяси өркендеуі. Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы. Тәуке ханның билігі. "Жеті жарғы". Қазақтың ұлы билері. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы;


7) XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік;


8) өлкетану: Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы). Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері. Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары). Туған өлке тарихының қазіргі куәгерлері.


19. 7-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары;


2) XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясы назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы:себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты;


3) XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері;


4) отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері). 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы). 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары). XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс). Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы – XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы;


5) Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы). ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. ХIХ ғасырдың 80-90 - жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар: мазмұны мен салдары. Сауда қатынастарының дамуы. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы;


6) XIХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі (П. Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, М. Шорманов, М. Бабаджанов, А. Диваев). Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин –ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері. Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы). Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К. Халидтің тарихи еңбектері.


7) өлкетану: Туристік маршруттар. Жомарт жүрек. Туған өлкенің шежіресі. Мектебімнің тарихы.


20. 8-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы ("Қазақ" газеті, "Айқап" журналы). 1917 жылғы революциялар. "Алаш" партиясының құрылуы. "Алаш-Орда" үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;


2) Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. "Үш Жүз" қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының "Алаш-Орда" үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. "Әскери коммунизм саясаты".1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;


3) Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). "Кіші Қазан" (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың ("Бесеудің хаты") қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік "еңбек түзеу" концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар);


4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов – "ұлт ұстазы". Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік реализм;


5) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б. Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин, И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).


21. 9-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. "Бекмаханов ісі";


2) Қазақстан "Жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда "Хрущевтік кезеңдегі" өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен ("Байқоңыр" ғарыш айлағы). "Жылымық кезеңі". 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір;


3) Қазақстан "Тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев, Ж. Тәшенов);


4) кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә. Нұрпейісов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов). Өнер (театр, кино);


5) Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). "Қайта құру" жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. "Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация" (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы "Тамыз бүлігі"). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. "Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының" қабылдануы;


6) Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1997 жылдар). "Мемлекеттік тәуелсіздік туралы" Конституциялық заңның қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы;


7) Қазақстан Республикасының нығаюы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін).Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиялары. "Қазақстан – 2030" стратегиясының қабылдануы. Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа астанасы. "Қазақстан-2050" стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. "5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" Ұлт жоспары – қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап. Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы және дамытудағы рөлі;


8) қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін). Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат. "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы. Инновациялық ғылыми-білім беру мекемелерінің құрылуы. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелері. Қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденциялары. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық біріктіруші идеясы. "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы.


22. 9-сынып (өтпелі кезең) "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси процестерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы ("Қазақ" газеті, "Айқап" журналы). 1917 жылғы революциялар. "Алаш" партиясының құрылуы. "Алаш-Орда" үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;


2) Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. "Үш Жүз" қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының "Алаш-Орда" үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. "Әскери коммунизм саясаты".1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;


3) Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). "Кіші Қазан" (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық – ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың ("Бесеудің хаты") қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік "еңбек түзеу" концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар);


4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов – "ұлт ұстазы". Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік реализм;


5) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б. Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин, И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).


6) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. "Бекмаханов ісі";


7) Қазақстан "Жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда "Хрущевтік кезеңдегі" өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен ("Байқоңыр" ғарыш айлағы). "Жылымық кезеңі". 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір;


8) Қазақстан "Тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев, Ж. Тәшенов);


9) кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә. Нұрпейісов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов). Өнер (театр, кино);


10) Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). "Қайта құру" жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. "Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация" (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы "Тамыз бүлігі"). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. "Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының" қабылдануы;


11) Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1997 жылдар). "Мемлекеттік тәуелсіздік туралы" Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы;


12) Қазақстан Республикасының нығаюы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін).Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиялары. "Қазақстан – 2030" стратегиясының қабылдануы. Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа астанасы. "Қазақстан-2050" стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. "5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" Ұлт жоспары – қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап. Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы және дамытудағы рөлі;


13) қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін). Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат. "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы. Инновациялық ғылыми-білім беру мекемелерінің құрылуы. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелері. Қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденциялары. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық біріктіруші идеясы. "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет