Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет32/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

2-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


6) 9-сынып (өтпелі кезең) – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).


5. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.


6. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:


1) әлеуметтік қатынастардың дамуы;


2) мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі;


3) саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі;


4) экономикалық қатынастардың дамуы.


7. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) әлеуметтік құрылымдар;


2) әлеуметтік өзара әрекеттестік.


8. "Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) дін;


2) өнер;


3) философиялық жүйелер;


4) ғылым.


9. "Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі;


2) империялар, соғыстар, көтерілістер мен революциялар.


10. "Экономикалық қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


1) шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттестік;


2) экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері.


11. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.


12. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктер) негізделеді:


1) өзгеріс пен сабақтастық;


2) себеп пен салдар;


3) дәлел;


4) ұқсастық пен айырмашылық;


5) маңыздылық;


6) интерпретация.


13. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:


1) "өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;


2) "себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;


3) "дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды,


4) "ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;


5) "маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;


6) "интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.


14. 5-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен малшыларға дейін. Адамның пайда болуы туралы теориялар. Адамдардың алғашқы бірлестік формалары: адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ежелгі адамдардың өмір салты. Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлері (терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы,егіншілік, металл өңдеу, айырбас сауда). "Неолиттік төңкеріс" ұғымы. Ежелгі діни наным-сенімдер. Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері;


2) өзен алқаптарының өркениеттері. Алдыңғы Азия мен солтүстік-шығыс Африканың табиғи жағдайлары. Месопотамия тарихының ежелгі кезеңі: Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесі мен өнері;


3) Ежелгі Египет. Табиғи жағдайлары. Египеттегі мемлекеттің пайда болуы. Пирамидалар құрылысының дәуірі. Ежелгі Египеттің әлеуметтік құрылымы, экономика, діни наным-сенімдер мен ғылыми білімдері;


4) қос дөңгелекті арбалар мен империялар. "Империя" түсінігі. Ежелгі замандағы әскери өнер: соғыс арбалары мен атты әскердің пайда болуы. Жаулаушылық соғыстар мен империялар шекараларының өзгеруі. Таяу және Орта Шығыс империялары. Орталық Азияның ежелгі мемлекеттері. Әлеуметтік ұйымдасу, шаруашылығы мен мәдениеті;


5) Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы. Табиғи жағдайлары. Үндістанда мемлекеттің қалыптасуы. Ежелгі Үндістандағы индуизм мен буддизм. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік құрылымы (касталық жүйе). Шаруашылығы. Мәдениеті мен ғылыми білімдердің дамуы;


6) Ежелгі Қытай. Табиғи жағдайлары. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Конфуций және Лао Цзы ілімдері. Ежелгі Қытайдың саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Ежелгі Қытайдың мәдениеті;


7) Ежелгі Грекия. Ежелгі Грекияның географиялық жағдайы. Грекияның ежелгі өркениеттері. Грекиялық қала-мемлекеттер. Афина мемлекеті. Ежелгі Спарта. Ежелгі Грекияның саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Грек-парсы соғыстары. Александр Македонский империясы;


8) Ежелгі Грекия мәдениеті. Ежелгі Грекияның тарихшылары мен философтары. Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекияның мәдениеті (күнделікті өмірі мен мерекелері, Олимпиада ойындары, діни наным-сенімдер, аңыздар мен мифтер, театр, сәулет және мүсін өнері);


9) Рим империясының гүлденуі. Апеннин түбегінің табиғи-географиялық ерекшеліктері. Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы (патшалық басқару және республика кезеңі тұсында). Римнің жаулаушылық соғыстары. Рим империясы. Рим империясындағы басқару жүйесі мен әлеуметтік ұйымдасу. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Шаруашылығы мен тұрмысы. Мәдениет. Империя дағдарысы;


10) дәуірлер кезеңіндегі Рим. Христиандықтың пайда болуы. Рим империясындағы алғашқы христиандар. Мемлекеттік басқару жүйесі. Ұлы Константиннің діни реформасы. Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы: жазу, әлемнің ғылыми бейнесі, ежелгі Римдегі техниканың дамуы.


15. 6-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Рим империясының құлауы. Тарихтағы "орта ғасыр" түсінігі. Орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдері. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы. Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы;


2) феодализм. "Феодализм" түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. Ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері;


3) ислам тарихы. Ислам дінінің пайда болуы. 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы;


4) крест жорықтары. Крест жорықтарының (1-4 крест жорықтары) себептері, барысы мен салдары. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемі;


5) моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол шапқыншылықтарының әсері;


6) XIV ғасырдағы - XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам. "Қара індет". Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна дАрк;


7) Батыс пен Шығыстағы абсолютизм. Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс пен Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Франция, Ресей, Англия, Қытай, Жапония, Осман империясы). "Парламент", "Бас штаттар", "сейм", "кортес", "Бояр Думасы" ұғымдары;


8) сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі теңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания);


9) Қайта өрлеу дәуірі. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті. Гуманистер идеялары. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті;


10) Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы;


11) ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми бейнесінің негізін қалаушылар және олардың ізбасарлары (Николай Коперник, Галилео Галилей, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер).


16. 7-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) жаңа заманның басталуы. Курсқа кіріспе. "Жаңа заман" түсінігі, оның мәні мен кезеңдері. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері;


2) XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және күйреуі. Еуропалық мемлекеттердің Ост-Үнді компаниясы. Франция мен Ұлыбританияның Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі. Британ отарлық империясының құрылуы. ХVIIІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы;


3) Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағартушылық кезеңінің қайраткерлері. "Ағартушылық абсолютизмі". Еуропа мен Солтүстік Америкадағы революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеялардың рөлі. Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. "Тәуелсіздік декларациясы";


4) Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Ағартушылық идеялардың қоғамдық санаға әсері. Ағартушылық пен революция кезеңіндегі Франция мәдениеті. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері. Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі;


5) XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары;


6) XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі ("боксерлер" көтерілісі). Еуропалық мемлекеттердің Қытайды "ықпал ету аймақтарына" бөлуі. Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. "Миссионерлік", "экспансия", "фактория", "отарлау" түсініктері;


7) революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко-Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі;


8) XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы;


9) XІX ғасырдағы еуропалық отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі). Үндістанды басқарудағы өзгерістер. XІX ғасырдың соңында әлемдік отарлық жүйенің қалыптасуы;


10) Америка Құрама Штаттарының күшеюі. Америка Құрама Штаттарының "Айқын болашақ" идеясы және АҚШ территориясының ұлғаюы. Қиыр шығыстық саясат. "Жапонияны ашу". Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Америка Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік-экономикалық даму;


11) суретшілер және жазушылар көзқарастарымен: XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу. XIX ғасырдағы өнер және оның бағыттары. Әдебиет пен өнер. Өнердегі әлеуметтік әділетсіздіктің суреттелуі (Э. Золя, А.Н.Радищев, А. Құнанбаев, Ч. Диккенс, Ф. М. Достоевский);


12) ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдың ғылыми жаңалықтары (Ч. Дарвин, Г. Мендель және тағы басқалар).


17. 8-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың басындағы әлем. ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуі және мемлекеттердің саяси құрылымы. Индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға. Ғылыми-техникалық прогресс. Өнер стильдерінің әлеуметтік себептілігі (модерн, символизм, реализм, авангардизм);


2) Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары.


Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі;


3) 1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері. "Еңбекшілер құқығы туралы Декларация". Азамат соғысы және шетел интервенциясы. "Әскери коммунизм" саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы;


4) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы және шетел интервенттеріне қарсы күресі. Мұстафа Кемалдың (Ататүрік) тарихи рөлі. Түркия – зайырлы мемлекет.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. "Танака меморандумы" және басқыншылық саясат. "Антикоминтерндік пакт" пен "Үштік пакт". Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты.


М. Гандидің Үндістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары;


5) әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. "Гүлдену" кезеңіндегі Америка Құрама Штаттарының экономикалық және саяси дамуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның салдары.


Франклин Делано Рузвельттің "Жаңа бағыты". Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Германияның, Францияның, Жапонияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары;


6) еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты. Социалистік реализм.


Соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің билікке келуі. Фашизмге қарсы демократиялық күштердің күресі. "Маттеотти дағдарысы". Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.


Германия. 1918-1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыстар. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі.


Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Ф. Франко диктатурасының орнауы;


7) Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Мюнхен келісімі, Молотов-Риббентроп пактісі, Антифашистік коалиция, Ленд-лиз заңының қабылдануы, "Үлкен үштік".


Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік "Жаңа тәртіп". Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. "Екінші майдан" ашу мәселесі.


Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы.


Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен салдары;


8) ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Көпшілік мәдениет. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер.


18. 9-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы. Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Тәуелсіз Үндістанның жариялануы. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі.


Маршалл жоспары. "Қырғи қабақ соғыстың" басталуы. У.Черчилдің Фултон сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік "социалистік лагерьдің" қалыптасуы. Қарулану жолындағы жарыс. 1948-1962 жылдардағы "қырғи қабақ соғыстың" негізгі оқиғалары;


2) халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы);


3) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық салдары. 50-60 жылдардағы "экономикалық ғажайып". Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штатындағы "мемлекеттік әл-ауқаттылық" негізінің қалыптасуы.


КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл-әміршіл жүйенің нығаюы. "Хрущев жылымығы". Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. "Тоқырау" кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы);


4) екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге бағыт алу үдерісі. 1979-1985 жылдардағы "қырғи қабақ соғыстың" түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. Саманта Смиттің КСРО- ға келуі. "Қырғи қабақ соғыстың" салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер;


5) аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың рөлі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. Халықаралық шиеленістерді реттеудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі. "Араб көктемі": әлемдік саясат үшін себептері мен салдары;


6) Батыс елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерешеліктері. Ұлыбританиядағы консерватизмнің неоконсерватизмге ауысуы. "Тэтчеризм". Швеция үлгісіндегі социал-демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Германиядағы "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" белгілері. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы мен адамдардың өмір сүру деңгейі;


7) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы.


1950-1960 жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық "экономикалық ғажайыптың" себептері;


8) қазіргі әлемнің жаһандануы. Жаһандану үдерісінің мәні. Бүгінгі әлемдегі лаңкестік қаупі. Халықаралық лаңкестік және экстремизм. Аса ірі лаңкестік әрекеттер. Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі;


9) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. Қазіргі кездегі ғылымның негізгі даму бағыттары. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ-тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. Дамушы елдердің мәдени-техникалық даму ерекшеліктері мен заңдылықтары. "Байқоңыр" ғарыш айлағы. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы білім берудің рөлі;


10) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы мәдениет. Мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтаудағы ЮНЕСКО-ның қызметі.


19. 9-сыныпқа (өтпелі кезең) арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) бірінші дүниежүзілік соғыс. XX ғасырдың басындағы жаңартулар мен әлеуметтік реформизмнің ерекшеліктері. Аграрлық-индустриялық қоғамнан индустриялық қоғамға өту. ХХ ғ.басындағы әлемдік территориялық бөлініс және елдердің саяси құрылымы. Қарама – қайшылықтардың шиеленісуі және екі әскери-саяси блоктардың – Үштік Одақ пен Антантаның құрылуы.


Бірінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары мен себептері. Ғылыми -техникалық прогресс. Соғыс жылдарындағы әскери стратегия, ғылым мен техниканың дамуы. 1914-1918 жылдардағы негізгі әскери оқиғалар. Германия мен оның одақтастарының жеңілісінің себептері. Компьен бітімі. Соғыстың салдары.


Париж бейбіт конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы(1921-1922жж.). Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі;


2) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ресей мен Азия елдері. Ресейдегі империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Саяси күштердің күресі: социалистік партиялар (эсерлер, меньшевиктер, большевиктер), либералдар (кадеттер), радикалдар (анархистер). Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. "Еңбекшілер құқығы туралы Декларация". Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. "Әскери коммунизм" саясатынан "Жаңа экономикалық саясатқа" көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы.


Синьхай революциясы және Қытай республикасының жариялануы. Сунь Ятсеннің үш принципі және Қытай республикасының тағдыры. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Жапонияның Қытайға "21 талабы". Париж және Вашингтон конференцияларындағы "Қытай мәселесі". 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысы. Жаңа мәдениет үшін қозғалысы. Гоминьдан және Қытай коммунистік партиясы. 1925-1927 жылдардағы ұлттық революция және біртұтас майдан мәселесі. Чан Кайши және Нанкин өкіметі.


Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы. Севр бейбіт келісімі. Тәуелсіздік үшін күрес және Түрік республикасының жариялануы. Монархиядан республикаға көшу. Мұстафа Кемал реформалары;


3) әлемдік экономикалық дағдарыс. Әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. Экономикалық және қаржылық реттеудің жаңа түрлерін енгізу. Экономикалық дағдарыс қарсаңындағы АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Уолл-Стриттегі қор биржасының күйреуі. "Қара бейсенбі" және экономикалық дағдарыстың басталуы. Банкроттық және жұмыссыздықтың өсуі. 1932 жылғы "Аштық маршы". Ұлы тоқыраудың тарихи салдары.


Джон Кейнстің теориясы – демократия жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің, жаңалиберализмнің негізі. Әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары: АҚШ, Германия, Франция және Жапония. Т. Рузвельт және "күшті қол" саясаты. Ф.Д. Рузвельттің "Жаңа бағыт" реформалары. Юнг жоспары: Германияны экономикалық дағдарыстан шығару. Рейхстагтың Ұлы тоқырау кезеңінде қабылдаған заңдары және олардың экономикалық дағдарыстан шығарудағы ролі. Франция және 1930жылдардағы экономикалық дағдарыс.


Француз фашизмі. Франциядағы "Халықтық майдан" өкіметі. Леон Блюм өкіметінің шаралары, "дирижизм" саясаты. "Капиталды шетелге жіберу". Камилл Шотан өкіметінің қатаң үнемдеу саясаты.


Дағдарыс қарсаңындағы Жапониядағы экономикалық және саяси жағдай. Йен курсын қолдаудың мемлекеттік шаралары. Жапон өнімдерінің экспортын азайту. Әскери-инфляциялық коньюнктура жапон ауыр өнеркәсібін дағдарыстан шығарудың жолы. Дзайбацу кірістерінің өсуі. Агрессивтік сыртқы саясат Жапонияны дағдарыстан шығару тәсілі ретінде;


4) тоталитаризм мен демократияның қарама-қарсы тұруы. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымы. Кеңес өкіметінің ұлт және дін саясаты. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. Сталиннің "жеке басына табынушылықтың" қалыптасуы. XX ғасырдың 30-жылдарының соңындағы Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты. Социалистік реализм.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. "Танака меморандумы" және басқыншылық сыртқы саясатқа бетбұрыс. "Антикоминтерндік пакт" және "Үштік пакт". Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. "Маттеотти дағдарысы". Б. Муссолини өкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Германиядағы 1918-1919 жылдардағы революциялық процестер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыстар. Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы және оның бағдарламалық тұғырлары. Нацистік партияның әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің агрессивтік сыртқы саясаты.


Ұлтшыл–социализмнің (нацизмнің) идеологиясы. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы герман қоғамындағы моралдық-психологиялық ахуал Тұрмыстық антисемитизм. Ұлтшыл-социалистердің діни саясаты. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Германиядағы ғылым мен мәдениет.


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның саяси - экономикалық дамуы. Еңбектің Жалпы конфедерациясы және Халықтық майданның құрылуы. Коминтерннің VII конгресі. Халықтық майданның антифашистік сипаты және оның реформаларының бағдарламасы. Леон Блюм және коалициялық өкіметтің құрылуы. 1936 жылғы Матиньон келісімдері. Эдуард Даладье және Халықтық майданның әлеуметтік-экономикалық саясатынан бас тарту. Э. Даладье өкіметінің сыртқы саясаты және Халықтық майданның күйреуі.


Екі соғыс аралығындағы Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Хосе Хираль және Франциско Ларго Кабальероның Халықтық майдан өкіметтері. Халықтық майдан қатарындағы жікшілдік. Антифашистік коалицияның құрылуы. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Фашистік режимге қарсы күресте интернационалдық бригадалардың ролі. Ф. Франко диктатурасының орнығуы;


5) Екінші дүниежүзілік соғыс. Версаль-Вашингтон жүйесінің дағдарысы. Германия мен Жапонияның Ұлттар Лигасынан шығуы. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы. Италия мен Жапония тарапынан басқыншылық әрекеттер. Германияның реваншистік бағыты. Агрессорды "тыныштандыру" саясаты. Германияның Рейн облысын басып алуы. Австрияны қосып алу (аншлюс). Антикоминтерндік пакт. Мюнхен келісімі, Молотов-Риббентроп пакті. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Ленд-лиз туралы заң. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Антифашистік коалиция. "Үлкен Үштік". Балкандағы, Солтүстік Африкадағы әскери қимылдар. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік "Жаңа тәртіп". Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. "Екінші майдан" ашу мәселесі.


1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барысы. Антигитлерлік коалициядағы одақтастардың жеңісі. Фашистік мемлекеттердің тізе бүгуі және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Нюрнбергтегі, Хабаровскдегі және Токиодағы халықаралық әскери трибуналдар. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары ретінде "Қырғи қабақ соғыстың" басталуы;


6) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы. Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің орнығуы. Маршалл жоспары. Трумэн доктринасы. Әскери-саяси одақтардың қалыптасуы және қарама-қайшылығы: Солтүстікатлант келісімі Ұйымы (НАТО) және Варшава келісімі Ұйымы. Қарулану жолындағы жарыс.


Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт-азаттық күрестің күшеюі. Үнді Ұлттық Конгресінің үнді халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі. Күш көрсетпей бағынбау науқаны. Дж. Неру және оның тәуелсіздік үшін күресінің тәсілдері. М.А. Джинна және тәуелсіздік үшін күрестегі Мұсылман лигасының қызметі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздіктерін жариялауы.


Францияда отар мәселесінің ушығуы. Африка жылы.


У. Черчилльдің Фултондағы сөзі. "Қырғи қабақ соғыстың" басталуы. Трумэн доктринасы. ГФР мен ГДР құрылуы. Өзара экономикалық көмек Кеңесі. Әлемдік "социалистік лагерьдің" қалыптасуы. 1950 - 1953 жылдардағы Корея соғысы. 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалар. 1958 жылғы Берлин дағдарысы. Берлин қабырғасының қалануы (1961 ж.). КСРО мен АҚШ-тың космостағы бәсекелестігі. 1962 ж. Кариб (Куба) дағдарысы Вьетнамдағы соғыс. 1968 жылғы Чехословакия. Ядролық клубтың құрылуы. Қарулану жолындағы жарыс. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) (Хельсинки, 1975 ж.) Қорытынды акті . Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіргізілуі.


КСРО-дағы Қайта құру және КСРО- ның ашық сыртқы саясатқа көшуі. Саманта Смиттің КСРО-ға сапары. КСРО мен АҚШ арасында стратегиялық қарулануды шектеу келіссөздерінің басталуы. АҚШ-тың Стратегиялық Қорғаныс бастамасы бағдарламасы. Берлин қабырғасының құлатылуы (1989 ж.). Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдердің дағдарысы. "Бархыт революциялары". Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару. КСРО-ның ыдырауы. Биполярлық әлемнен көпполюсті әлемге өту. Қырғи қабақ соғыстың салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер.


Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы және қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интерграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы).


Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Европа кеңесі (1949 ж.). "Шуман жоспары" (1950 ж.). Брюссель келісімі (1954 ж.). Еуропалық экономикалық Қауымдастық (1957 ж.). Шарль де Голльдің Бесінші республикасы. Көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі (1952 ж.). 1968 жылғы Франциядағы мамыр дағдарысы. Ұлыбританиядағы Лейбористік өкіметтің "жалпыға бірдей бақуатты мемлекетке" өту бағытындағы шаралары. Г. Макмилланың экономикалық саясаты және Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясының (1960 ж.) құрылуы. Г. Вильсонның экономикалық эксперименттері. Э.Хитт өкіметінің экономикалық саясаты. Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы Жалпыға бірдей бақуатты мемлекет" негіздерінің қалыптасуы.


"Хрущев жылымығы". Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. "Тоқырау" кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы).


Аймақтық мәселелерді шешудегі Халықаралық ұйымдардың қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб елдерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы және Палестина мәселесі. Халықаралық шиеленістерді реттеудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі;


7) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлыбританиядағы консерватизмнің жаңа консерватизмге (неоконсерватизм) ауысуы. М. Тэтчер және радикалдық консерватизм. Англия үшінші өнеркәсіптік революция кезеңінде.


Швеция үлгісіндегі социал-демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Швед экономикасының аралас моделі. Ұжымдық келісімдер жасақтау жүйесі. Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясы мен швед кәсіподақтарының орталық бірлестігінің бірлескен қызметі.


Германиядағы "әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың" сипатты белгілері. Германиядағы ХДС пен ХСС партиялары коалициясының экономикалық саясаты. "Аденауэр дәуірі" (1949-1963 жж.). Л. Эдхардттың әлеуметтік - бағдарлық нарықтық экономикасы. В. Брандт өкіметі кезіндегі герман экономикасының өсу деңгейінің төмендеуі. Х. Шмидт өкіметінің дағдарыспен күресі;


8) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. ҚКП Бас бағытын қабылдау (1953-1967 жж.) Мао Цзэдунның "Үлкен секірісі". "Мәдени революция". Дэн Сяопин – қытайлық реформалардың "архитекторы". Қытай социализмі. Қытайлық реформалардың жетістіктері.


1950-1960-жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық "экономикалық ғажайыптың" себептері. АСЕАН (Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) құрылуы (1967). Жаңа индустриялы елдердің "бірінші толқыны" ("4 азиялық жолбарыс": Гонконг, Корей Республикасы, Сингапур, Тайвань). Жаңа индустриялы елдердің "екінші толқыны" (Үндістан, Малайзия, Тайланд). Жаңа индустриялы елдердің "үшінші толқыны" (Индонезия, Түркия). Жаңа индустриялы елдердің "төртінші толқыны" (Иран, Филиппин). Экономика дамуының азиялық моделі. Жаңа және қазіргі заманғы индустриалдық елдердің ортақ белгілері;


9) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Ғылыми-техникалық революция– ғылыми-техникалық прогрестің жаңа сатысы. АҚШ-тағы Ғылыми-техникалық революция басқа елдердің дамуына ықпалы. Дамушы елдердің мәдени-техникалық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтары. "Байқоңыр" космодромы. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника және өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер (гентика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано-технологиялар, ядролық физика). Қазіргі ғылым дамуының негізгі бағыттары. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеттің даму ерекшеліктері. XIX - XX ғасындағы өнердің басты бағыттары (модернизм, символизм, реализм, авангардизм). Бұқаралық мәдениет. Діннің қоғамдағы рөлінің өзгерісі.


XX ғасырдың соңындағы мәдениеттің дамуының негізгі үдерістері: постмодернизм, жаппай мәдениет көріністерінің байқалуы, кинематография, әдебиет, сурет өнеріндегі неореализм. XXI ғасырдың басындағы мәдениеттегі басты үдерістер: IT- технологиялардың дамуы. Заманауи мәдениетке жаһанданудың әсері. Бәсекеге қабілетті қоғамның дамуындағы білім беру саласының рөлі. ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасын сақтаудағы қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет