Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Дата03.07.2016
өлшемі1.64 Mb.
#174178


Жоба

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы №

бұйрығымен бекітілген

 

 

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 тамыздан кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беруге грант тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу сертификаты (түпнұсқа);

4) 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурста:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;

3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

Білім беру гранттарын алуға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда І және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар адамдарға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда, бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

Әлеуметтік қолдау көрсету үшін:

1) жоғары білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге - 75 %;

2) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын соғыс мүгедектеріне теңестірілген студенттерге - 50 %;



3) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар қатарынан шыққан жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге - 30 %;

4) жоғары білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа) - 15 %;

5) қөзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балаларға, сондай-ақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге жоғары мемлекеттік стипендия қарастырылған;

6) туберкулезбен ауыратын студенттерге тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.

Әлеуметтік қолдау көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

3) екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқығынан айыру, шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелген) деп тану туралы соттың шешімі);

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөнін, сондай-ақ (мөртабан, кіріс нөмірін және күнін) көрсете отырып қолхат беру болып табылады.

 

 

3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті


берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;



2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеліп, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнының көрсетілуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып


қойылатын өзге де талаптар

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Білім беруге гранттарды тағайындау,

сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында

білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет