Бағдарлама мазмұны.
І- бөлім. «Бiр мүшелiктер мен көпмүшелiктер » - 9 сағат.
Бiрмүшелiк. Көпмүшелiк. Көпмүшелiктiң стандарт түрi. Көпмүшелiктерге амалдар қолдану: көпмүшелiктердi қосу, азайту, бiрмүшелiктi көпмүшелiкке көбейту, көпмүшелiктi көпмүшелiкке көбейту мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. Бiрмүшелiктi жақшаның сыртына шығару. Көпмүшелiктердi көбейткiштерге жiктеу. Көпмүшелiктi көпмүшелiкке бөлуге арналған есептерді тереңірек меңгерту. Есептерді еркін, әрі жылдам, дұрыс орындату.
ІІ- бөлім. «Қысқаша көбейту формулалары» - 7 сағат.
a2 - b2 = (a + b)(a - b) (квадраттардың айырмасы), (a + b)2 = a2 + 2ab + b, (a - b)2 = a2 - 2ab + b2, a3 + b3 = (a + b)(a2 – ab + b2), a3 - b3 = (a - b)(a2 + ab + b2) формулаларды қолдана отырып, берілген есептерді дұрыс орындау. Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелiктердi көбейткiштерге жiктеу үшін қысқаша көбейту формулала-рын қолдану.
ІІІ- бөлім. «Алгебралық бөлшектер » -10 сағат.
Алгебралық бөлшек. Бөлшектiң негiзгi қасиетi. Алгебралық бөлшектердi қысқарту. Алгебралық бөлшектердi қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарының өз ара байланысын меңгерту.. Рационал алгебралық бөлшектердi теңбе-тең түрлендiру және оларды есептеу. Оқушылардың білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмаларды орындату.
ІV- бөлім. «Жуық мәндер » - 8 сағат.
Шамаларды өлшеу. Жуық мәннің абсолютті қателігі. Жуық мәннің салыстырмалы қателігі. Санның стандарт түрi. жуық мәннің жазылуының негізгі формасын (а=6,3±0,1; а=6,45) қолдану, есептеу нәтижелерін алдын ала анықтау және бағалау;
Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында білім деңгейлерін бақылау.
(арнайы курс - барлығы 34 сағат)
7- кластарға арналған
қ/с
|
Тақырып
|
Сағ.саны
|
күні
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |