Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


7.1.2 Білім беру электрондық ресурстары жəне олардың сапасы



Pdf көрінісі
бет92/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   189
bilimdi akparattandyru

202
7.1.2 Білім беру электрондық ресурстары жəне олардың сапасы 
Жалпы орта білім жүйесінде қолданылатын ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының сапасын бағалаудың бас-
ты əдістерінің бірі саралау жəне сараптама болып табылады.  
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды оқу 
үрдісіне іс жүзінде пайдалану арқылы оларға саралау жүргізу қажет. 
Осылайша, конференцияларда, семинарларда, көрмелерде, презен-
тация жəне басқа да қоғамдық іс-шараларда оқуды ақпараттандыру 
құралдарымен əзірленген басты сапалық сипаттамаларын талқылау 
жəне көрсету керек. Кешендік саралау нəтижесінде түзету жүйесі 
қалыптасады. Оны əзірленген ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын жетілдіру барысында есепке алу қажет. 
Саралау үрдісі жəне электрондық білім беру басылымы мен ре-
сурстарды ары қарай жетілдіру интеративті циклдік сипатқа ие жəне 
сапа талабына ақпараттандыру құралы арқылы толығымен сəйкес 
келгенше жалғастыра беру тиіс. 
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды са-
ралау үшін оқу үрдісіне оқушылардың эксперименталдық тобын 
енгіземіз. Топ ішінде əртүрлі үлгерімдегі білім алушылар болуы 
қажет (үздіктер, «жақсы» жəне «үздік» бағаға үлгеретіндер, «жақсы» 
жəне «қанағаттанарлық» бағаға үлгеретіндер).
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың 
ерекшелігіне қарай саралауды дəл бағалау үшін бірнеше 
эксперименталдық топтарды пайдалануға болады. 
Электрондық білім беру басылымдарын  оқу үдерісіне пайда-
ланбастан бұрын оқушыларды алдын ала дайындап, оларды оқу 
пəнінің тақырыбымен таныстыру керек. Мұнда сабақ беру үшін ба-
сылым жəне ресурс қолданылады. Келесі тарататын материалдар-
мен таныстыра отырып, қажетті нұсқаманы өткізу керек. Одан əрі, 
электрондық білім беру басылымдарын немесе ресурстарды пайдала-
на отырып, оқу сабағы өткізіледі. Бұл жерде, электрондық білім беру 
басылымдары  немесе ресурс қатаң түрде əдістемелік нұсқаулықтар 
мен ұсыныстарға сай келеді жəне ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарының нақты түрі сүйемелденеді. 
Оқушылардың басылыммен немесе ресурспен жұмыс жасауы 
кезінде оқу материалын игеру қадамы жəне тиімділігі бақыланады
білім алушылардың сұрақтары, жұмыс кемшіліктері, оқу жүйесінің 
басқа ақпараттандыру құралдарымен өзара əсерлесу мəселелері 


203
тіркеліп отырады. Сабақ аяқталғаннан кейін жауаптар, ақпараттық 
құралдардың жағымды сипаттамалары ұжымдық талқылау бары-
сында анықталады. 
Ережеге сай, саралауыш сабақтар оқытушылардың, əзір-
леушілердің, сарапшылардың жəне оқу жүйесінің осы дəрежедегі 
ақпараттандыру құралдарын өңдеумен айналысатын мамандардың 
қатысуымен өткізіледі. Саралаудың соңғы сатысында сарапшылар 
білім алушылардың барлық сұрақтары мен шағымдарына талдау 
жасау қажет. Яғни, бұл құбылыстар олардың электрондық білім 
беру басылыммен немесе ресурстармен жұмыс істеу кезінде 
туындаған. 
Саралау қадамын талдау нəтижелері жəне нақты оқу үрдісі 
кезіндегі ақпараттандыру құралдарының айқындалған ерекше 
жұмыс жасауы кəсіпорын-əзірлеуіштер мамандарына жіберіледі. 
Олар, өз кезегінде, электрондық басылымдарды немесе ресурстарды 
жетілдіру мақсатымен тиісті шараларды қолданады. 
Электрондық білім беру басылымдарының жəне ресурстардың 
сапасын бағалайтын жүйенің негізі болып сараптама технология-
сы қарастырылады. Тəуелсіз құзыреттілік сараптаманы жүргізу 
мақсаты ретінде білім беру жүйесінің ақпараттық құралдарының 
сапалық көрсеткіштері алдын ала анықталған халықаралық, 
мемлекеттік жəне салалық стандарттардың, нормативті-техникалық 
құжаттардың жəне т.б. талаптарына сай болуын орнату болып 
есептеледі. Сонымен қатар, көрсетілген электрондық білім беру ба-
сылымдарын  қолдану негізінде оқу үдерісінің сапалылығын жəне 
тиімділігін қамтамасыз ету маңызды.
Барлық электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстар 
үшін арналған сапаны сараптайтын əмбебап бірыңғай жүйе келесі 
негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет