Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет16/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Rustemov okulik 00

Батырлар жыры. Ауыз әдебиеті - халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектеп. Батырлық жырлар - сол мектептің маңызды құралы. Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйіп, тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандайды. Жеке адамдардың қара бастың қамын ойлайтын психологиясына эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырады. «Алпамыс» жыры - Орта Азия халықтарының ерте замандарда ру болып жүрген кезінде туған шығармасы. Бұл жырдың Орта Азия халықтарына ортақ болу себебі де осыдан. «Алпамыс батыр» жырының негізгі идеясы - ру бірлігін сақтау. Сондықтан да жырда ру бірлігін көздеген, әр рудың арасында араздық, шапқыншылық емес, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-әрекеті ардақталады. Халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді. Алпамыс образы - халықтың руға қамқор, қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. «Алпамыс батыр» жыры жас жеткіншектерге «бірлік бар жерде тірлік, елдік барын» аңғартады. Достыққа адалдық, сертке беріктік, ел мүддесін жоғары қоюшылық - жырдың кішкентай оқырманы үшін әрқашан да өнеге. Жыр ел қорғау жолында халық мүддесі үшін күресушілердің жеңетіндігін аңғарта отырып, жас ұрпақтың алдына халық үшін қызмет ету жолын таңдауды ұсынады. Жырдың өміршеңдігі де осынысында және ел бірлігін сақтау жөніндегі идеясында. «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландыны ерлік іске бастаған да, оны рухтандырған да - халық, халықтың намысы. Қобыландының батыр атануы - оның ел-жұртын адал ниет, шын көңілмен сүйгендігінен. Жырда Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген.
Құбылып бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Тау менен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі,
Адырды көзі көрмеді.
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Тайбурылдың шабысы арқылы халқы үшін кек алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, ыза-намысы берілгендігі байқалады. Мұнымен қатар Тайбурылдың шабысында халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны да байқалады. Одан сеңгір-сеңгір таулардан бір-ақ қарғып өтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді. Жырда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да кездеседі. Сонымен қатар қазірде сирек аталатын өсімдіктердің аттарымен де балаларды таныстырып қалуға зор мүмкіндік береді.
«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын - бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Тарғын басқыншы жаулардан өзінің ел-жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді мақсат етеді.
«Қамбар батыр» жырының басты идеясы халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туған. Егер басқа жырларда батыр образы көбінесе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, олардан Қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Халық жыры оны еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері деп көрсетеді. Бұдан халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да ардақтайтындығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет