Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет18/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Балалар фольклорының өзіне тән ерекшеліктерін атаңыздар.
2. Балаларға арналған халық өлеңдерін(бесік жыры, санамақ, мазақтама, тақпақ, сұрамақ, қызықтама т.б.) жаттаңыздар. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың баланың ақыл-ойын жетілдірудегі қызметін түсіндіріңіздер.
3.Балаларға арналған халық ертегілерінің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Ертегілер мен аңыз-әңгімелерді тәлім-әрбиелік және әлеуметтік мәнін аша отырып талдаңыздар.
4.«Қобланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері туралы айтыңыздар. Батырлар жырының өлең құрылысын балаларға арналған халық өлеңдерімен салыстырыңыздар.
5.Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді даралаңыздар, өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы пікір білдіріңіздер.
6.Балалар фольклорының жиналуы мен зерттелуін әңгімелеңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.Ақ бата. - Алматы:Әнер,1992.
2.Ақ сандық, көк сандық.- Алматы:Жазушы, 1988.
3.С.Ахметов. Қуыр-қуыр, қуырмаш. -Алматы:Әнер,1993.
4.Соқыртеке.-Алматы:Әнер,1990.
5.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
6.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1 -кітап. – Павлодар: Арман, 2004.
7.Қазақтың көне эпосы. – Алматы: Аруна, 2008
8.Қамбар батыр. –Алматы: Жалын, 1981.


2 тарау. ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ


Асан қайғы. Асан қайғы Алтын Орда, Қазан, Әбілқайыр, Ноғай, Астрахань хандықтары заманында өмір сүрген. Атамекені Еділ, Жайық, Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің аймағы болған. Ғұмырының соңғы шағын Астрахань хандығында өткізген. Жыраулар поэзиясындагы дәстүрлі сарындар Асан шығармаларында да молынан кездеседі. Мысалы, хандык өкіметті нығайту, елдің корғаныс қабілетін арттыру, адамның өмірі мен өлімнің мәні айналасындағы толғаулар.
Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан қайғы өз заманының ойшылы, ақылшы би болған. Толғаулары ақыл-кеңес, өсиет, нақыл түрінде көрінеді. «Қырында киік жайлаған», «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауларында Асан ел іргесі берік болуын үндейді. Ел-жұртының амандығын, бейбіт тыныш өмірді көздейді. Хандар арасындағы қақтығыс, сыртқы басқыншы күштің қаупі жырауды қайғыға салады. «Қырында киік жайлаған» толғауында Жәнібек ханға көрегендік болжамын айтады. Ханның халық қамын ойламай отырғандығын бетіне басады. «Жемнен, Ойылдан, тыныш мекен, жайлы қоныстан елді көшірдің, Еділ деген тар жерге тығылдың» деп кінәлайды. «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауында Еділ өңірінде елге тыныштық болмайтынын болжайды. Толғаудан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны көрінеді. Қонысың тарылып барады, жерден айрылатын болдың, сол себепті аулақ көшу керек дегенді айтады. Бірақ Жәнібек Астраханнан қозғала қоймайды. Асан қайғы Жәнібек ханнан ат құйрығын үзеді.
Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы-қилы заман болмай ма?
Суда жүзген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма,
Мұны неге білмейсің?
Қош-аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің.
«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме», «Еділ бол да Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Таза мінсіз асыл тас», «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?» толғаулары философиялық мәселелерді қозғайды. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін көтереді. Дүниенің құбылмалы екендігін «Бұл заманда не ғаріп?» толғауы арқылы суреттейді. «Есті көрсең, кем деме» деген толғауы адамдар арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды. «Еділ бол да Жайық бол» жыры ел мен ел, адам мен адам арасындағы татулықты, ынтымақты, кешірімділік пен сыйластықты толғайды. «Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауынан ел болашағына қатысты қаупі байқалады. Жәнібек хан әрекетін ишара еткендей болады.
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көшсе, қона білмеген,
Ақылыңа көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін!.
Асан жырау жырдың қасиетін шебер ашар ұтымды, ұтқыр бейнелеу құралдарын дәл таңдап қолданады. Жырау өлеңдерінде ойлы нақылдар, афоризмдер мол кездеседі. Өлеңдерінде шешендік пен суреткерлік астасып жатады. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын жолдар - ассонанстар да баршылық. Ылғи дауыссыз дыбыстан басталып, аллитерация тәсілін тудыратын жолдар да кездеседі.
Жыраудың «Таза мінсіз асыл тас» толғауының қуат- күші әр жұп тармаққа түйінделген ойдың әр келесі бір жұп тармақта айтылатын ойға қанаттас етіліп, біртіндеп күрделі поэтикалық тұтастыққа ұласуында.
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады
Көненің үзілмей жаңа әдебиетпен жалғасуында Асан Қайғы мұраларының алтын көпірдей өз орны, өз үлесі бар. Асанда көне түркі поэзиясынан келе жатқан бір ұйқас бар. Ол - өлеңнің бастапқы сөздерінің ұйқасуы.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтып күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтып күн көрер?!
Шыбын шықса, жаз болып,
Таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер!?
Мұндағы «Құлан, жылан» немесе «таздар, қаздар» дейтін сөздердің ұйқасып келуі бұған дәлел. Құлан мен жыланды қатар қою арқылы поэтикалық бейне тудырған. Синтаксистік параллелизмнің сарыны сезіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет