Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет13/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Rustemov okulik 00

Жаңылтпаш (скороговорки). Балалардың ең сүйікті ермек ойындарының бірі - жаңылтпаш болып табылады. Сөздерді жаңылыссыз, тез айтуға дағдыландырады. Қате айтқан бала күлкі туғызады. «Жаңылтпаштарды халық бала психологиясына мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарылған. Тілі шыға бастаған жас бөбек пен тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Сондықтан жаңылтпаштар, да көбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған:
Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай
Сол сияқты «қ-к», «ж-ш», «т-д», «н-ң» т.б. дыбыстарды шатастырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар бар (36,10).
Арнау-тілек өлеңдері (заклички, приговорки). Бұл өлеңдер табиғат құбылыстары мен хайуанаттарға арналып айтылады. Өлең төркіні табиғат құдіретіне сыйыну тәрізді наным-сенімдерге негізделген.
Май берейін, құрт берейін,
Күннің көзі шық, шық!
немесе
Белең, белең, белең құрт,
Белі жуан белең құрт,
Шандырыңды созармын,
Тас төбеңнен ұрармын,
Уытыңды жаймай шық!
Шық!
Орыс балалар арнау-тілек өлеңі де осы тәріздес:
Божья коровка
Улети на небо,
Принеси нам хлеба!
Жұмбақтар (загадки). Жұмбақ - ойын өлеңдердің ерекше формасы. Жұмбақ баланың байқампаздығын, бақылампаздығын, ойлау ассоцияциясын дамытады. Көркем сөйлеу мәдениетіне баулиды. Көпшілік жұмбақ метафора, теңеуге құрылады. Жұмбақ құрастыру, оны шешу - балада бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыру үшін таптырмас жаттығу. Ертедегі жұмбақтар көбінесе, мал шаруашылығына байланысты болған.
Апаң, апаң
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз (Түйе)
Кейін заман талабына қарай ғылым мен техниканың дамуына байланысты жұмбақтар туды.
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп,
Айға жетіп
Жеңілдеді салмағы (Ғарыш кемесі).
Жұмбақтар ұйқасы ырғақты өлеңге құрылады. Жұмбақтың дүниетанымдық қасиетімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Бала жұмбақ айту арқылы танымдық, білімдік ұғымдарды ой-қиял елегінен өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет