Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет2/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Rustemov okulik 00

Екіншіден, оқулық мазмұнындағы өзгешелік. Қазақ балалар әдебиеті тарихына арналған оқулыққа тұңғыш рет «жыраулар поэзиясы», «Ш.Уәлиханов», «Ш.Құдайбердиев», «А.Байтұрсынов», «Ж.Аймауытов», «М.Дулатов», «М.Жұмабаев» тараулары енгізіліп отыр. Ш.Ахметов кітаптары кеңестік дәуірде жазылды. Қазақ балалар әдебиетінің мазмұны түгелдей кеңестік идеологияға бағынды. Идеологиялық қысым салдарынан жыраулар поэзиясы, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар қазақ балалар әдебиеті тарихына енбей қалды да, жалпы қазақ балалар әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерден тыс зерттелді.
Балаларға арналған шығармалар, әсіресе, 20-30 жылдарда жарық көрген шығармалар тақырыбына қарай қабылданды, кейіпкерлері төңкеріс ерлері мен социалистік қоғам құрушылары болып табылатын туындылар мақталды, кеңестік идеология талабынан шықпайтындары мейлінше датталды. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің балаларға арналған шығармаларының ішінен ауыз әдебиеті дәстүрінде туған және балалар талғамы ескеріліп жазылған туындылары, жеткіншек мінезі мен іс-әрекеті реалистік бояумен көрінетін шағын көлемді әңгімелері, ойнақы, жаттауға жеңіл, тақпақ үлгісіндегі өлеңдері мен поэмалары жетерлік. Оқулықта олардың ой саларлық, ғибрат берерлік жақтары сарапқа салынды, көркемдік ерекшеліктері зерделенді. Идеологияға бой алдырған тұстары да ажыратылып көрсетілді.
Ұсынылып отырған оқулықта қазақ қаламгерлерінің балаларға арнап жазған шығармалары мен нақты балалар ақын-жазушыларының туындылары жаңа көзқарас тұрғысынан таразыланды. Оқулық мазмұнының өзгеруі, екінші жағынан, балалар әдебиеті мұрасының сапалық елекке түсуіне де байланысты. Бұл ретте, әрине, қазақ балалар әдебиетіне арналған хрестоматияның үлесі зор.
1956 жылы Ш.Ахметовтің құрастыруымен тұңғыш рет «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» жарық көрген болатын. Хрестоматия 1980 жылы әдеби өмірдегі елеулі өзгерістерге байланысты қайта толықтырылып жасалып, екінші рет басылды. Хрестоматияның бұл басылымына С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ә.Тұрманжанов, С.Ерубаев, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев шығармалары енгізілді. 2004-2005 жылдары «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» қоғамдағы елеулі өзгерістер мен әдебиетке қойылған жаңа талаптарға байланысты толықтырылып, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, Ш.Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналып үшінші рет басылады. Хрестоматия Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты оқытушыларының қатысуымен өңделген. Үш кітаптан тұратын хрестоматия ішіндегі өзгерістер айтарлықтай. Мәселен, хрестоматиянын екінші кітабына М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, үшінші кітабына М.Жаманбалинов, Ә.Табылдиев, М.Ғұмар, Қ.Ыдырысов, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Е.Әтетілеуұлы және тағы басқа көптеген қаламгерлер туындылары кірген.
Аталмыш хрестоматиядағы материалдарды оқулықтың зерттеу объектісі етіп пайдалануға тырыстық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет