Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет14/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Rustemov okulik 00

Мақалдар. Мақалдар - нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері болып табылады. Мақал, негізінен, екі бөлімнен(көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады (Еңбек етсе, емерсің). Тура мағынада (Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей), ауыспалы мағынада (От жақпаған үй - қорамен тең, адам кірмеген үй моламен тең) қолданылатын мақалдар да бар. Қазақ мақалдарының тақырыптары: бірлік, батырлық, ерлік, өнер-білім, төрт түлік, егіншілік, адам қасиеттері т.б. Төрт түлікке байланысты мақалдар:
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-гөсір.
Өмір тәжірибесі аз балаға айтылатын ақыл-насихат, өсиет- өнеге мақал арқылы да беріледі.
Ертегілер. Қазақ балалар фольклорының ішінде кейбір жанрлық түрлер үлкендерге де, балаларға да ортақ болып келеді. Олар: батырлар жыры, ертегілер, аңыз әңгімелер. Қазіргі ғылыми ұстаным бойынша қазақ халық ертегілері хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, новеллалық ертегілер, батырлық ертегілер және сатиралық ертегілер түрінде қарастырылады (23). Қазақ балалар фольклорында жасы кіші балаларға арналған арнаулы ертегілер бар. Олар: «Мақта қыз бен мысық», «Күшік пен мысық», «Қотыр торғай», «Шудалы торғай», «Құйыршық» және т.б. Аталған ертегілердің көлемі шағын, композициялық құрылысы қарапайым келеді. Бұларда диалогқа көп орын беріледі. Бір эпизодтың жиі қайталануы байқалады. Мәселен, ол бас қаһарманның басқа кейіпкерлермен кездесуіне байланысты эпизод болуы мүмкін. «Қотыр торғай» ертегісінде торғай өзіне кездескен хайуанаттың бәрінің үстінен шағым жасайды. Қотырын ауыртқан шеңгелді ешкіге шағады. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады. Қасқырды жылқышыға, жылқышыны байға, байды кемпірге, кемпірді желге шағады. Ерігіп жүрген құйын кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір, бай, жылқышы, қасқыр, ешкі бірін-бірі қуады. Ақыр соңында ешкі шеңгелді жейді. Қотыр торғай осылайша шеңгелден кек қайтарады. Ертегідегі біркелкі эпизодтар осылайша қайталанып келіп, соңында бас кейіпкер белгілі бір нәтижеге жетеді. Орыс халқының «Ешкі мен жаңғақ» ертегісі де осындай тізбекке құрылған. «Мұндай құрылысы бар ертегілерді тізбекті(кумулятивный) ертегі дейді.
Қайталанатын эпизодтардағы диалогтардың көбінесе ұйқасқа құрылуы, яғни өлең түрінде келуі де кездеседі. Өлең араласқан ертегі театрландырылған көрініске сұранып-ақ тұрады. Баланың жасы кіші болған сайын ертегі қаһармандары мен ондағы оқиғаларды шын өмірдегідей қабылдайды. Лақ, қозы, бұзау, күшік, мысық тәрізді ертегі кейіпкерлері баланы баурайды. Олардың тірлігі адам өміріне ұқсас. Адам харакетін қайталайды. Уақыт өте келе хайуанаттар әлемі өкілдері белгілі бір сипатқа ие бола бастайды. «Әрбір аң айнымас мінез иесі болады. Арыстан - әр зорлықтың, асқақ күштің иесі; қасқыр - тойымсыз қомағайлық, жеміттік мінез иесі; түлкі - пәле басы және жаурыны жерге тимес, аяр алдамшы, өзінен өзгенің бәріне іші қас, сырты дос болып жүреді.[...] Өзінше, біралуан келесіз, ақылсыз қара күштің иесі болып аю жүреді.[...] Момын, жазықсыздан, кең тазалықтан осы хайуандар арасында жүріп жем болатын түйе бар» (6;213). Хайуанаттар жайындағы ертегілерге құрылысының қарапайымдылығы, шағын көлемділігі және диалогқа құрылуы жағынан новеллалық (салт) ертегілер («Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ», «Ұр, тоқпақ», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Айлалы тазша», «Қу тазша», «Тазшаның қырық өтірігі», «Қу бала», «Екі еріншек», «Үш жалқау», «Олақ қыз» т.б.) ұқсас келеді. «Алдымен бұндай ертегілердің оқиға ортасында жүретін бас геройының өзі ерекше. Оның бар іс-мінезінен бұрын аты-қалпы, кескін- ұсқыны да күлкі, оқыс келеді» (6,225). «Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің оқшау тұрпаты әңгіме басында-ақ күлкі туғызады. Олардың өрескел әрекеті мен өлімі де күлкі туғызбай қоймайды. «Ұр, тоқпақ» ертегісі сиқырлы заттардың әрекетіне құрылған. Бұлар шалды ойда жоқта оқыс күлкі туғызатын жағдайларға душар етеді. «Қаңбақ шал», «Байбай шал» ертегілерінде әлсіздік пен тапқырлық, айлакерліктің қатар жүріп, иесін жеңіске жеткізетіндігі әңгімеленеді. Тазша бала жайындағы ертегілерді М.Әуезов күлдіргі ертегілердің ең шебер үлгісіне жатқызады. «Күлдіргі әңгіме, тегінде, анық шебер құрылса, осындайлық көпке мәлім, көпке қанық жайдан алыну керек. Ол үшін күлкілі хал барлық жұрт білетін, көптің көз алдындағы табиғат ішінен алынатыны – халық күлкісінің бір ерекшелігі, даналығы» (6,226). Бірқатар ертегілер жалқаулықты, еріншектікті, олақтықты әшкерелейді. Балаларға бұндай ертегілердегі тұрмыс, кәсіп белгілері мен сипаттары қызықты болмақ. Аталған ертегілердегі юмор мен тапқыр сөз -әрқашан бала тілегін қанағаттандыратын нәрлі дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет